2019 жылдың 16-18 сәуір аралығында жаратылыстану-математика факультеті көптілділік орталығымен бірлесе отырып, физика, география, информатика, химия, биологияның білім беру бағдарламалары бойынша көптілді тобында оқитын студенттерге арналған онлайн-олимпиада ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты: 2 – 3 курс студенттерін пәндерді тереңдетіп оқытуға танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық бастаманы дамыту; ең қабілетті және жақсы дайындалған 2 –3 курс студенттерін анықтау;
«Педагогика және психология» мамандығында оқитын 1 курс студенттері мен топ жетекшісі Каирова Б.К.18 сәуір күні «Абайдың Қара сөздері Рухани жаңғыру бағдарламасының қайнар көзі»атты кураторлық сағат өткізді. Студенттер Абай атамыздың бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазып кеткен қара сөздеріндегі ұлттық болмысқа, ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты тағлымдық ой-пікірлерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қатар қойып арасындағы өзара үндестікті талдады.
Медиация және халықтық дипломатия мектебінің тыңдаушылары 2019 жылы 15 сәуірде облыстық Достық үйіне барды. Бұл жерде медиация кабинетінің жетекшісі Р. Ж. Мырзағалиев «еңбек қатынасындағы медиация» тақырыбында сабақ өткізді. Руслан Жүсіпбекұлы сабақ басында медиация кабинетін көрсетіп, ғимараттың тарихымен таныстырып, Достық үйіне саяхат жасатты. Сабақ шығармашылық тапсырманы орындаудан басталды. Тыңдаушыларды үш топқа бөліп, ол әрбір топқа «Медиация тарихы», «Медиация жарнамасы», «Медиатордың кәсіби қасиеттері» постерін дайындауды ұсынды. Студенттер тапсырманы сәтті орындады.
2019 жылдың 10-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында педагогикалық ғылымдары бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өткізілді. Республикалық олимпиаданың мақсаты – ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындығын жетілдіру және қоғамдық сананы жаңарту жағдайында педагогика ғылымын дамытуды мақсат еткен талантты, жас педагог-зерттеушілерді анықтау.
12 сәуір 2019 жыл Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ педагогика кафедрасының апталығы аясында Гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна "Дефектология" мамандығының 2 курс студенттерімен "Білім берудегі Менеджмент" пәні бойынша "Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастың ерекшеліктері" тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Сабақта сыни ойлау стратегиялары қолданылды: "Кинометафора","Миға шабуыл", "SWOT - талдау", "Фишбоун", "Жұқа және қалың сұрақтар".
2019 жылы 12 сәуірде ҚМПУ-де физика-математикалық пәндер кафедрасының апталығы аясында «Математикалық аукцион» атты іс-шара өтті. Сауда-саттық өткізу техникасын және тәртібін білетін лицитатор (аукцион жүргізушісі) - қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.к. Демисенов Берик Нұртазинович, студенттер нөмірлерінің ұсыныстарын бақылап, аукцион жеңімпазын анықтауға көмектесті. «Математика» мамандығының оқытушылары дайындаған төрт тағамнан тұратын лот «саудаға» қойылды.
2019 жылдың сәуір айының 11-12 аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен XI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында 5В011200-Химия мамандығының студенттер командасы бірінші орын алды. Команда құрамы: Жаналинова Сымбат, 2 курс студенті, Жиенбаев Токтасын және Чапаксин Иван, 3 курс студенттері. Біздің студенттер командалық есепте Қазақстан Республикасының 14 ЖОО арасында үздік нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломға ие болды.
12 сәуір күні ДББҰ "Назарбаев Зияткерлік мектебі" "Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалында "Зерттеудегі бір қадам-дамудың жүз қадамы" атты аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті, оның негізгі міндеті Қостанай облысының әр түкпіріндегі жас зерттеушілерді біріктіру болды, бұл туралы іс-шараның пленарлы бөлігін өткізу кезінде акт залы толық болды. Секциялық жұмыс әр түрлі ғылым саласын ұсынған бағыттар бойынша жүзеге асырылды.
Педагогика кафедрасының апталығы аясында 2019 жылдың 12 сәуірінде «Білім берудегі менеджмент» пәнінен «ҚжЭН», «Тарих» мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы Ермаганбетова Акбота Жаналыковна «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді. Оқытушы студенттермен семинар барысында мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару түсінігін тереңдету және ұғындыру мақсатында жұмыс істеді.
2019 жылдың 12 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде психология және дефектология кафедрасында студенттік жобалардың тұсаукесері өтті. Іс-шара модераторлары: Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психол.ғ.к., Сатыбалдина Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. Проблемалық топтарды құрудың мақсаты студенттердің ғылыми, оқу және ғылыми қызығушылығын дамыту, факультеттің ғылыми әлеуетін жүзеге асыру, бірқатар теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу болды.