11 сәуір күні сағат 14.30-да "Физик-лирик" атты шығармашылық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: "5В011000 - Физика" мамандығы студенттерінің шығармашылық потенциалын дамытуға, ұжымның бірігуіне ықпал ету. Іс-шара басында кафедра меңгерушісінің м.а. О. Телегина 9 сәуір күні өткен физика және астрономия бойынша олимпиаданың қорытындысын шығарды. Олимпиада нәтижелері: 1 орын-Бақытова Ақерке (Физ-16-11) 2 орын: Қуанышбаева Нурсулу( Физ-16-11), Устимирова Лаура (Ф15-21) 3 орын: Кеншібек Бегайым (Физ-16-11)...
Биылғы жылы 19-рет өткізіліп отырған Қостанай меценаттар клубының өнер, ғылым, журналистика, мәдениет сынды салаларда озық шыққандарға «Қазына», «Шабыт» сыйлықтарын тапсыру салтанаты 11 сәуір күні Жастар сарайында өтті. Осы жетіктіктерге соңғы жылдары қол жеткізіп жүрген «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Әмірхамзин Наурызбай Қасенғалиұлы Қостанай меценаттар клубы тағайындаған «Шығармашылық ұжым жетекшісі» номинацияы бойынша «Шабыт» сыйлығының иегері атанды.
Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі шеңберінде этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бұрынғысынша өзекті болып қалуда. 2019 жылдың 11 сәуірінде ҚХА кафедрасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік - кеңесші органнан конституциялық органға ауысу ерекшеліктері» білім беру жобасы аясында «қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру контекстіндегі этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» атты кезекті диалог алаңы өтті.
11-ші сәуір күні филология факультетінің түлегі Савичева Елена Юрьевна "Дәстүрлі емес әдебиет сабақтары" атты мастер-класс өткізді. Савичева Елена Юрьевна 2014 жылы университетті бітіріп, кейін АМПУ магистратурасына сәтті түсті. Герцен (Санкт-Петербург қ.) № 684 "Берегиня" ЖОББМ ГБОУ жұмысқа орналасты. Іс – шараның мақсаты-дәстүрлі емес әдебиет сабақтары туралы айту, педагогикалық тәжірибемен бөлісу, педагогикалық салада жұмыс істеуге деген ынта-ықыласын арттыру.
11-ші сәуір күні филология факультетінде, факультет түлегімен мотивациялық кездесу болды. Савичева Елена Юрьевна 2014 жылы университетті бітіріп, кейін АМПУ магистратурасына сәтті түсті. Герцен (Санкт-Петербург қ.) № 684 "Берегиня" ЖОББМ ГБОУ жұмысқа орналасты. Филология факультетінің түлегі орыс тілі мен әдебиетін оқыту ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысында да тәжірибесі бар, себебі мектепте тәрбие оқу жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Савичева Елена Юрьевна "Ресейлік оқушылардың қозғалысы" Санкт-Петербург аймақтық бөлімшесінің қызметіне белсенді қатысады.
2019 жылы 12 сәурде қазақ халқының ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантай ұлы Сәтпаевқа-120 жыл. 2019 жылдың сәуір айының 11 күні Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География» мамандығының студенттерінің қатысуымен Қ.И.Сәтпаевтың арналған «Қазақ халқының бір туар перзенті» атты іс-шарасы болып өтті. Мерекелік іс-шара аясында кафедра оқытушылары мен студенттері «Академик Қаныш Сәтпаев: ғаламшар ауқымының тұлғасы» фильмін қарап, студенттер: Оразғали Айжан, Қайратова Наргизаның баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар, ҚМПУ АКО қорынан ғалымның ғылыми еңбектерінің көрмесі ұсынылды.
Инновациялық дамуда білім маңызды рөл атқарады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бүгінгі күнгі өзекті де, кезек күттірмес мәселе. Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру міндеттерін ескере отырып, білім берудің жаңа сапасына және жас ұрпақтың тәрбиесіне қол жеткізуге бағытталған өзекті тәсілдер, идеялар мен тәжірибелер талап етіледі. Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуға жетекші рөл педагогика ғылымымен, соның ішінде жас ғалымдардың зерттеулері ерекше мәнге ие.
2019 жылдың 10 сәуірінде медиация мектебінің тыңдаушылары ҚМПУ «Психология» кафедрасының оқытушысы Бисембаева Асем Кумаровнамен бірге вербалды және вербалды емес қарым-қатынастың ерекшеліктерін зерттеді. Асем Кумаровна атап өткендей, ым-қимыл мен мимиканы білу медиаторға клиенттермен қарым-қатынас жасауға, олардың пікірлеріндегі ақиқатты анықтауға, медиаторға жүгіну себебін түсінуге және медиация процесін басқаруға көмектеседі.
10 сәуір 2019 жылы Ө.Султангазин атындағы ҚМПУ студенттері мен психологияжәне дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. Қостанай облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып әлеуметтік-психологиялық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты орталықта бейімделуші балалар дос бола білу, достықты қадірлеу және достыққа адал болуға шақыру. Іс-шараны өткізу кезінде әртүрлі психологиялық жаттығулар, тренингтермен қатар балалардың қатысуымен сайыстар ұйымдастырды.
2019 жылдың 9 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Психология және дефектология кафедрасында ұйымдастырылған дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті. Ұйымдастыру ісіне жауапты психология және дефектология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Сатыбалдина Р.А. Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну. Психология және дефектология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бағдарланған тақырыптар бойынша баяндамалар дайындалды.