2019 жылы 19 наурызда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының екі жылдық мерекесіне орай "Музыкалық білім" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Ақтас Томирис және Қуанышбек Балауса "Қазақстан-Қостанай" телекомпаниясының "Талант time" бағдарламасына қатысты. Студенттер қобызда ойнауда үйренеді. Қобыз Сібір, Орта Азия, Поволжье, Закавказья және басқа халықтарда сақталған Қияқты аспаптардың ежелгі түріне жатады. Әрбір халықта осындай аспап бар, олардың құрлысы, теңшеу, ойын тәсілдері бірдей.
Мектеп пен ЖОО-ның байланысын дамытудың бір жолы студенттердің педагогикалық практикасы болып табылады. Педагогика кафедрасы бекіткен өндірістік тәжірибесіне арналған бағдарламада сынақтық ашық тәрбиелік іс-шара өткізу тапсырмасы берілген болатын. Педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова А.Ж. қаламыздағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-дағы тәжірибеден өтіп жатқан болашақ педагогтардың сынақтық кураторлық сағатына қатысты.
"Мейірімді жүрек" психология–педагогикалық факультеті волонтерлік қызметін жалғастыруда, мәселен 2019 жылы 18 наурыз айында декан орынбасары Г. А. Алипбаева, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Ш. Е. Жандауова және 5В010200-"Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", 5В010500-"Дефектология" мамандықтарының 1, 2 курс студенттері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының қосымша білім беруді дамытудың аймақтық орталығының балаларына "Наурыз-мейрамына" арналған театрлық іс-шара өткізді.
2019 жылдың 15 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бегежанова Р.К. жетекшілігімен 5В010500-Дефектология мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты ашық кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат мақсаты – халқымыздың рухани байлығын игеру, студенттер қауымын ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу.
2019 жылдың 14 наурызында жаратылыстану кафедрасында кураторлар Қ.Т.Баймағанбетова және А.С.Кожмухаметовамен бірге «География» мамандығының 3 курс студенттері Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Биология, Химия, География мамандығының 1 курс студенттері кураторлар М.А.Губенко, М.С.Кубеев, Г.А.Ручкина, Э.Б.Ахметовамен бірігіп, 8 қабаттың фойесінде киіз үйді безендерді. Мерекеде концерттік нөмірлер, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы салт-дәстүрді жаңғыртуға рухани серпін берді. 2019 жылдың 14 наурыз күні филология факультетінің қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ІІІ курс студенттері мен куратор Д.А. Алиева 14 наурыз - Көрісу күніне, Амал мерекесіне арналған іс - шара өткізді. Онда ақжарма ақ тілектер айтылып, студенттер бір – бірімен көрісті. Студенттер көрісу күнінің шығу тарихы жайында және өзгеде тың ақпараттармен таныс болды.
2019 жылы 13 наурызда психология-педагогикалық факультетінде Қостанай қаласы мен Қостанай облысы мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті. Оқушылар алдында психология-педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саламатова А. Б., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгеруші п.ғ.к. Ли Е.Д. сөз сөйледі. Мектеп түлектері ППФ аға оқытушылары А. Х. Үсембаева, Б.К. Каирова, О.В. Калиниченко және "Психология" мамандығының 1 курс студенттерінің жетекшілігімен тренингтерге белсенді қатысты.
2019 жылдың 13 наурызы күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жалпыоблыстық диктант» өткізілді. Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, жаңа әліпбидің емле ережелерін практикалық тұрғыда меңгерту, жазу дағдыларын қалыптастыру және жаңа жазуға бейімдеу. Диктант жазуға университеттің барлық мамандықтарының студенттері қамтылды. Жалпы саны – 88 адам қатысты.
Университетімізде жас мамандар мектебін қалыптастыру мақсатында менторлық жоба жұмыс жасап жатыр. Жоба аясында педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызы Жаратылыстану-математика факультетінің «Химия» және «География» мамандықтарыны екінші курс студенттеріне практикалық ашық сабақ өткізді. Конкурсқа қатысушының тәлімгері педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалгимбекова Ә.Б.
8-Наурыз мерекесі қарсаңында «география» мамандығының студенттері жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушыларына өз құттықтаулары мен жылы лебіздерін арнады. Бұл күні студенттер мерекелік концерт ұйымдастырды: Дандыбаев Жангелді домбырада «Адай» күйін ойнады, Тобоволов Алмас өз жанынан шыққан «Нәзік жандылар» деп аталатын өлеңін. Кайратова Наргиза, Оразгали Айжан, Нұрқаділұлы Ғалымбек, Евжанова Мадина өздерінің қызықты ойындарымен оқытушылардың көңіл күйін көтерді.