2019 жылдың 14 ақпанында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі Солтүстік Қазақстан облысында кәсіби кеңес беру бойынша іс-сапар ұйымдастырды. Бұл іс-шараға жаратылыстану-математика факультетінің студенттері Оразғали Айжан («География» мамандығы), Люценко Ольга («Математика» мамандығы) қатысты. Габит Мүсірепов атындағы ауданда студенттердің Новоишимск туған ауылында, онда жоғары оқу орындарының өкілдерімен ауданның түлектері жиналды. Кездесуге 290 біруші түлектер қатысты.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік аптасы аясында 2019 жылдың 14 ақпаны күні «Мектепте химияны оқытуды жаңарту ісіне педагогикалық көзқарастар» атты семинар өткізілді. «Химия» пәні саласындағы білім беру ортасын жаңарту мәселелерін талдау үшін семинарға химия пәні мұғалімдері, бакалавр және магистр дәрежесін алу жолындағы студенттер, аталған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жиналды. Воропаева О.Ю., физика-математикалық лицейдің химия пәні мұғалімі жаңартылған мазмұнды білім беру тұрғысынан химияны оқытудағы өз тәжірибесімен өте мазмұнды, жүйелі және көрнекі хабарлама арқылы бөлісті.
Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 14.02.2019 жылы ФМБ «НЗМ» ААҚ ынтымақтастық туралы келісімшарт шеңберінде, сондай-ақ кафедраның әдістемелік апталығын өткізу барысында «Болашағымыз білімді жастарда» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Іс - шара Білім беру үдерісіндегі қазіргі заманғы реформаларды-жаңартылған орта білім беру бағдарламасын талқылау, Мемлекет басшысының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту"мақаласының бағыттарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік аптасы аясында 2019 жылдың 13 ақпанында далалық ғылыми зерттеу бойынша профессор Е.Брагиннің презентациясы өтілді. Бұл зерттеу 2017 жылдан бастап «Дала бүркітін зерттеу» халықаралық жобасы бойынша АҚШ, Айдахо, Бойс қаласындағы ғылыми орталықтан д-р Тод Катцнер (Dr. Todd Katzner, Research Wildlife Biologist, Forest & Rangeland Ecosystem Science Center, U.S. Geological Survey) және Израиль, Хайфа қаласының университетінен д-р Нир Сапир серіктестерімен жүргізіліп жатыр.
2019 жылдың 13 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының көрнекті мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Заманауи әлемдегі дирижерлық өнердің қазіргі заманғы үрдістері» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру - қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес ұйымдастырылған ІІ халықаралық дирижерлар форумы аясында өткізілді.
Әдебиет зерттеушісі, ақын, ғалым Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына байланысты 13 ақпан күні филология факультетінің декан орынбасары Шошақова Жанар Қарасынқызының ұйымдастырыуымен « Әбділда Тәжібаев - сыршыл, лирик ақын» атты кураторлық сағат өткізілді. Бұл кураторлық сағаттың мақсаты жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. 2 курс студенттерінің қатысуымен өткен бұл танымдық сағатта жас өрендер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы біраз мәлемет алып, толық қанды таныс болды.
2019 жылы 12 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық универсиетінің ұйымдастыруымен облыстық «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам!» атты онкүндігі шеңберінде «Үштілді білім беру: 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары, облыстың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты.
8 ақпан күні Ө.Сұлтанғазин ҚМПУ-де «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларына талап етілетін мамандарын даярлаудың шарты: тәжірибе және перспективалар» атты брифинг өткізді. ҚМПУ-деоқу-әдістемелік басқармасы мен «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы бастамасы болды. Брифингке «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары, кафедра түлектері, студенттер, іс-тәжірибеден өтуші тәрбиешілер мен Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің әдіскерлері және т. б. қатысты.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында бастамашыл тақырып, әлеуметтік жоба аясында «Биология» мамандығының 2 курс студенттері куратор Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс-шаралар топтамасын өткізеді. 2019 жылдың 8 ақпанында "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!" атты тақырыбына зияткерлік ойындар өткізілді. Зияткерлік ойынның мақсаты: танымдық іс-әрекетті жандандыру, студенттердің салауатты өмір салты туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру.
2019 жылдың 6 ақпанында психология-педагогикалық факультетінің "Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттерінің оқыту мен тәрбие тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті. Студенттер іс-тәжірибеден Қостанай қаласы әкімдігінің № 61 бөбекжай балабақшасында өтті. Конференцияға кафедра оқытушылары және 2 курс студенттері қатысты. Оқыту мен тәрбие практикасының мақсаты: педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдыларын меңгеру.