4 ақпанда конференц-залда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сабыр Дулатұлы Молдағалиевпен «English for Jastar» партиялық жобасы бойынша кездесу өтті. Жобаның мақсаты: ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ауыл балалары мен мұғалімдеріне тілдік орта құру, волонтерлік қозғалысты дамыту. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылады.
2019 жылдың 1 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған Алтынсарин оқулары «Білім беру практикасы сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция – педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл бағдарламасы бойынша педагогикалық жоғары оқу орнының жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік іс-шарасы.
Университетімізде жастар жылы қарсаңында блогиада өткізілді. Іс-шараны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызының жетекшілігімен ««NEWdem» студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру» студенттік жобасы ұйымдастырды. Блогиада барысында 1 ай ішінде жастар жылы, отбасы құндылықтары, педагог мәртебесі, латын әліпбиіне көшу, достық құндылығы, инновация және де басқа тақырыптарда пост жазылды.
Ақпан айының 1 жұлдызында облыстық Достық үйінде қоғам қайраткері В.Г. Вишниченко 70 жылдық мерей тойына орай жеке тектік қорының тұсаукесері өтті. Валерий Георгиевич көп жыл бойы республика мен облыста ірі қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА құрылуының бастауында тұрған, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін дамытуға елеулі үлес қосқан дана басшы және жаны жайсаң, кең жүректі қарапайым адам ретінде таниды.
2019 жылдың 1 ақпанында Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Сарыкөл ауданының мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараға кафедра меңгерушісі Д.А. Жуламанова мен оқытушы А.И. Рядинская кіріспе сөздерін айтып өтті. 2019-2020 оқу жылына ҚМПУ-ға түсу ерекшеліктері, филология факультетінің жетістіктері, білім беру үрдісі туралы болашақ талапкерлермен әңгімелесті. Сонымен қатар, іс-шараға 1-2 курс студент белсенділері қатысты, олар біздің университет қабырғасында оқу туралы, студенттердің бос уақытын қалай ұйымдастыру туралы өз пікірлерімен бөлісті.
2019 жылдың 30 қаңтарында Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті мерекелік көңіл-күйге ие болды - 50 жылдық жұмыс тәжірибесі бар және 26 жылдық тәжірибесі бар оқытушы, доцент ВАК, Бикташева Галия Шарафовна мерейтойын атап өтті. Бикташева Галия Шарафовна 1971 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына (университетке) Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын үздік бітіргеннен кейін келді. Ол қарапайым оқытушыдан, кафедра меңгерушісінен, доцент мен факультет деканына дейінгі жолынан өтті.
2019 жылғы 28-і қаңтарда ҚМПУ 80-жылдығына және университетімізге физика-математикалық ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазинның есімі берілуіне байланысты «Start up Bolashak 2019», студенттік стартап жобаның финалдық кезеңі өтті. Финалда «Туризм», «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және сызу», «Тарих», «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының 5 командасы қатысты. «Бейнелеу өнері және сызу» БББ студенттері Абдрахманова Дилара, Қауатаева Дарина, Ибраев Алишер дайындаған «HANDMADE FROM KAZAKHSTAN» кәдесый өнімдер студиясы атты жобалары 3 орынды иеленіп, 50000 теңгемен марапатталды (ғылыми жетекшілері: п.ғ.к. Сапиева М.С., кафедраның аға оқытушысы Жусупова Д.Ж.).
«Біз этносаралық қақтығыстарды, терроризм мен экстремизмді тудыруға қарсымыз!» атты кураторлық сағат
2019 жылдың 24 қаңтарында аға оқытушы Данильченко Г.А. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 2 курс студенттерімен (орыс бөлімі) «Біз этносаралық қақтығыстарды, терроризм мен экстремизмді тудыруға қарсымыз!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Мақсаты: Студенттердің бойында толеранттылық сезіміндерін ояту, қоғамдағы болып жатқан әр түрлі шынайы жағдайларға философиялық тұрғыда және сыни көзқараста қарай білуге тәрбиелеу, қазақстандық патриоттық сезімдерін нығайту.
2019 жылдың 23 қаңтарында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаның мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тәрбие кафедрасы өткізген «Өздігінен білім алу (Self-education) – педагогтың кәсіби қызметінің негізі» // атты онлайн конференцияға доцент Данильченко Галина Ивановна қатысты. Конференцияға облыстық және аудандық білім беру ұйымдарынан келген педагогтар қатысты, қалалар: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды облыстарынан.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде 2018 жылдың 23 қаңтары күні Облыстық Qostanai телеарнасы «Ақ орамал» бағдарламасында «Ғасырлардың зарын шерткен» тақырыбында қобыз аспабының тарихы жайында қызу пікірталас болды. Кеш қонақтары 300 жылдық тарихы бар Қызылорданың киелі қобызы мұрагері, қазіргі Қостанай қаласының тұрғыны Алан Тойғанов, әнші әрі термеші Қыдырбек Қиысқан, көріпкел Ақсұлу апай және Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Өнер кафедрасының аға оқытушы Ш.К.Есмаганбетовалар қатысты.