2018 жылдың 7 желтоқсанында Медиация және қоғамдық дипломатия мектебі оқытуының аясында Медиация мектебінің тыңдаушылары алғаш рет Қостанай қалалық сотына барды. Студенттерді келісу рәсімдерінің жүргізілуін көрсету үшін мамандандырылған қалалық соттың судьясы Гүлсара Елтайқызы Рахметуллина қарсы алды. Кездесу барысында қалалық соттың медиация кабинетіне экскурсия жасалды, медиация процесінің ерекшеліктері мен мақсаттары туралы айтылып, медиация қағидаларының мәнін қысқаша түсінік берілді.

Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті-Елбасы қоры мен ҚР БҒМ ғылым комитеті мемлекет тарихы институты өткізді. Оған қатысушылар қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктер басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, Түркия, Ресей, Қытай, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан елдерінен танымал ғалымдар қатынасты.

Қостанай облысының Мемлекеттік Мұрағатының базасында мұрағат қызметінің мамандары Қостанай қаласының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады және шетелдік мұрағаттардағы Қазақстан тарихы бойынша «Мұрағат-2025» республикалық бағдарламасына құжаттарды анықтауда тақырыптарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізді. Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің атынан тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қашықтық және қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин С.В., қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ярочкина Е.В., Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Исенов Ө.И. қатысты.

2018 жылғы 6 желтоқсанда Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы мен бірлесіп ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму үшін білім беру жөніндегі Ғаламдық іс-қимыл бағдарламасы ретінде бастамашылық еткен көп жылдық диалогтың жалғасы болып табылатын «Тұрақты даму мүддесіндегі үздіксіз білім беру: жаңа сын-қатерлер (II кезең)» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерінің шешімдерін ғылыми іздестіру нәтижелерін жинақтау және тарату мақсатында өткізілді.

5.12.18 орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы барысында 3-4 курс студенттері мен оқытушылары "Білім беру жүйесін жаңарту тұрғысында мектеп пен ЖОО ынтымақтастығы" тақырыбында семинар өткізілді. Жұмыс барысында келесі сұрақтар талқыланды: Білім беру жүйесін жаңарту тұрғысында заманауи сабақтың жаңа талаптары: қиындықтар мен оң тәжірибелер. Студенттің креативті тұлғасын қалыптастырудағы оқытушының рөлі. Студенттердің критериалды бағалауы. Жаңартылған жүйеде жоғары сапалы жұмысқа қабілетті маманды дайындаудағы ЖОО рөлі..

2018 жылдың 5 желтоқсанында медиация және халықтық дипломатия мектебінде «Медиация тарихы: Ұлы дала соты - билерден тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы заңдарына дейін» цикліндегі кезекті сабағы өтті. Сабақты ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова жүргізді. Қазақ қоғамында медиация рәсімінің ертеден келе жатқаны қызықты жайт. Ерте ғасырдан берi даулар құрметтi ақсақалдар мен билердiң көмегiмен шешiлген. Қазiргi медиаторлар осы iстi заң аясында жаңартуды ұсынып отыр.

2018 жылдың 22 қарашасы мен 5 желтоқсанында «Психология» мамандығының 3 курс және 4-курс студенттері «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушылары Ш.С.Демисенованың және З.Д.Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Дефектология», «Педагогика және психология» және «Психология» мамандығының 1-і және 4-і курс студенттері үшін Халықаралық Толеранттылық күніне арналған тренинг өткізілді. Тренинг студенттердің толеранттылық туралы өздерінің түсінуін және адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуда қиялын ынталандыруға бағытталған.

2018 жылдың 5 желтоқсанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасыныңаға оқытушылары К.С. Бримжанова және О.В.Коваль күндізгі филология факультетінің «Орыстілі мен әдебиеті» мамандығының 1-4 курс студенттері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Startup Battle - 2018» студенттік жобалар байқауы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бәсекелестік табысқа жету факторы ретінде дамытуға бағытталған. Студенттер аймақтық нарықта ғылыми проблемаларды шешуге өз идеяларын ұсынды.

19 қарашадан 5 желтоқсан аралағында У.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті өнер кафедрасында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттер арасында халықаралық шығармашылық жоба өтті. Конкурс екі форматында өтті: ҚМПУ ресми сайтында қашықтық бойынша дауыс беру және онлайн. Дауыс беру форматы бойынша байқауы 19 қарашадан 3 желтоқсан дейін 2018 ж. өтті. Байқауына Уральск мемлекеттік педагогикалық университетінің (14 студент) және У.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттері (8 студент) қатысты.

2018 жылдың 28 қарашасынан 5 желтоқсанына дейінгі аралықта Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-де «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық мамандықтардың түлектері үшін «Күнделік» ААЖ бойынша оқыту семинарлары өткізілді. «Күнделік» жүйесі - бірыңғай электрондық білім беру ортасы сонымен қатар онлайн күнделік мұғалімдер, ата-аналар мен оқушыларға арналған журнал. Семинарларды информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі Радченко Т.А жүргізді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары