2018 жылдың 20-22 қарашасында психология-педагогика факультетінің 4 курс студенттері үшін «Студенттер арасында эмоциялық интеллигенцияны дамыту табысты жұмыс істеу шарты ретінде» тақырыбында семинар ұйымдастырылды және өткізілді. Семинарды Словакияның психологиялық ғылымдарының докторы Андреа Барановска, PhD, психолог, Словакияның Стар Кирилл және Мадриус Трнава университеті өткізді. Семинардың мақсаты: Студенттердің өздерін бақылау үшін эмоцияларды тиімді пайдалануға және қарым-қатынастың нәтижесіне әсер етуіне үйрету.
2018 жылы 22 қарашада оқытушылар Баймаганбетова К.Т., Баубекова Г.К., ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының 2,3 курс студенттері Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырған Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ғалым, геолог, геологиялық-минералогиялық ғылым докторы, профессор, жазушы, Қазақстан ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Ақжан әл-Машаниге арналған ««Ақжан әл-Машани» сериясының тұсаукесері» іс-шарасына қатысты.
Мемлекет басшысының 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кәсіби тарихшы ретінде сүйсіне оқып шықтық. Елбасы тарих ғылымындағы мәселелерді көтерген, қолға алынуға тиіс істерге бағдар жасаған. Бұл мақаладан біздің көңілге түйгеніміз – Тәуелсіздігімізді баянды етудегі, «Мәңгілік Ел» болудағы тарихшының үлкен рөл атқаратындығы. Сондықтан да Елбасының мақаласын насихаттап, қолдау білдіру мақсатында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «тарих», «бейнелеу өнері және сызу», «музыкалық білім», «шетел тілі», «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарында оқитын бірінші курс студенттеріне «бағдарламалық» лекция оқылды.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды дамытудың қазіргі кезеңі адамзаттың ғаламдық проблемаларына қатысты шешімдер іздеуге байланысты, ол да күрделі пәнаралық сипатқа ие. Мәселелердің ауқымы кеңеюде: халықаралық қауіпсіздік проблемалары, қарусыздану, демографиялық және экологиялық проблемалар, сондай-ақ мәдениеттің «бұзылу» мәселесі пайда болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы - «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының жалғасы, ұлттық мәдениеттің жетістіктерін көрсететін нақты жобалар болып табылады.
Жаратыластану – математика факультеті, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері 2018 жылдың 22 қарашасында Рудный индустриалдық институты ұйымдастырған Халықаралық Жастар ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасының экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу мәселелерін қарауға тарту. Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы 4 секцияның жұмысын қамтыды, онда Қазақстанның үшінші жаңғыруына жастар әлеуетінің қосатын үлесі жайлы талқыланды.
2018 жылдың 21 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тапқыр саяхатшы географтар» атты ителектуалдық квест өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырған география магистрі Баймаганбетова Б.Б. Ойынның қатысушылары «География» мамандығының 2 және 3 курс студенттері болды. Берілген географиялық квесттің өткізілуі студенттердің интелектуалдық потенциалын, географиядағы білімдерін анықтауға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталды.
21 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер сабағында ақпараттық технологияны қолдану» тақырыбында оқу-әдістемелік шебер сыныбы өтті. Семинар мақсаты - Білім беру үрдісінде жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдануды жетілдіруді көрсету. Іс-шарада SWOT-анализ – стратегиялық жоспарлау әдістері мен тақырыптарға байлынысты аудио-видео жазбалар оларды пайдаланудың әдістемелік жолдары көрсетілді.
2018 жылдың 21 қараша күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 5В011300 – Биология, 5В011200 – Химия мамандықтарының студенттерінің химия ғылымдарының докторы, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінң профессоры Владислав Олегович Козьминыхпен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты органикалық синтез кезінде алынатын жаңа қосылыстардың құрылысы мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеу үшін физика-химиялық әдістердің маңызын көрсету болды.
2018 жылдың 21 қарашасы күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Мақсаты: биылғы жылы мерейтойлары аталып өткен әдебиет өкілдерінің шығармаларын насихаттау, студент қауымын шығармашылыққа баулу. Байқауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты.
2018 жылғы 21 қарашада ЖМФ, жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология», «География» мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында Салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар аясында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Қостанай қаласының жоғары санатты дәрігері Дунасарова Раушан Айдарханқызымен кездесу ұйымдастырылды. Дәріскер ЖРВА, ЖИТС ауруларының пайда болуының негізгі себептерін және олардың алдын алу шараларын туралы әңгімеледі.