2018 жылғы 26 қазанда History Lab (221 кабинет) өлкетану клубының кезекті отырысы өтті. Клубтың ғылыми кеңесшісі - қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Владимирович Самаркин, жергілікті өлкетанушылардың қатысуымен өткен және алдағы іс-шаралар туралы ақпарат берді. Шағатаева Зауреш Жарасбаевна, Қостанай педагогикалық колледжінің студенттер тобының жетекшісі, Введенка ауылына баруы туралы шағын есеппен сөз сөйледі.
«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «English for Zhastar» жобасының шеңберінде 2018 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінен еріктілер ауылға жіберілді. 2018 жылғы 20 қыркүйекте конференциядан кейін студенттер «Нұр Отан» партиясының бірінші төрағасымен бірге аудандарға аттанды. Студенттерге ағылшын тілі сабақтарын өткізуге арналған арнайы бөлме бөлінді. Бірінші күні тіл үйрену деңгейін анықтау үшін студенттер онлайн тестілеу өткізді. Әрбір студентке 20-25 оқушыдан 2 топ (бастауыш және орта аралық) берілді.
Қазіргі заман талабына сай жастардың саналы түрде мамандықты дұрыс таңдауы басты мәселелердің бірі. Осы тұрғыда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары ағымдағы жылдың 23-25 қазаны аралығында мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында облыс аймақтарына барды. Кафедра оқытушылары Г.А. Сейсембай мен Т.Т. Сейсембай Таран ауданы және Рудный қаласы, Б.Б. Есенғазина мен А.Қ. Абдрашева Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарындағы мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
2018 жылдың 25-ші қазан күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының «Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының химия пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Оқушыларға білім берудегі және білімін бағалаудағы заманауи көзқарастар: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмыс тәжірибесі» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға шақырылған мұғалімдердің барлығы ҚМПИ түлектері болып табылады (Антаева Г.Т., Нурушева А.Б., Мұхтарұлы Е., Кинжекеева Г.М., Тулубаев Н.Б., Нурсултанова К.А., Дарибаева С.А.).
2018 жылдың 25 қазанында филология факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері мен шет тілдер кафедрасының оқытушысы Жаукина С.А. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай қаласының арнайы кешені» КММ барды. Мектеп оқушылары мен студенттер бірлесіп «Үш тілділік әлемінде» тақырыбында ақпараттық стенд жасауды ұйымдастырды. Студенттер осы тақырып бойынша балаларға арнап өте қызықты және пайдалы материалдар дайындапты.
2018 жылдың 24 қазанында "СолтүстікҚазжерқойнауы" ӨД геологиялық мұражайына "География"мамандығы орыс және қазақ бөлімдерінің 1 курс студенттері дәстүрлі экскурсиядан өтті. Мұражай меңгерушісі Вера Петровна біздің студенттерді мұражайдың құрылу тарихымен және түрлі экспонаттармен таныстырды. Сонымен, студенттер геологиялық мұражай 1956 жылы геологиялық коллекциялық материалдарды есепке алу және сақтау үшін құрылғанын білді. Мұражайда сан алуан үлгілер және оның ішінде сирек кездесетін минералдар бар.
2007 жылдан бастап Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Биылғы жылы қазылар алқасының шешімімен үш кітап таңдап алынды: Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» және Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары. 2018 жылғы 24 қазанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері үшін Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармасы бойынша талқылау-кездесуі өткізілді.
2018 жылғы 22 қазанда Әмбебап оқу залы Лев Николаевич Толстойдың 190 жылдығына арналған «Көркем сөз алыбы» атты оқырман конференциясын өткізді. Шарада философия ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ қауымдастырылған профессоры Б. Х. Әлшанова және кітапхана ісінің ардагері С. С. Юсупова сөз сөйледі. Жазушының туған және жерленген жерін – Ясная Полянаны көру мүмкіндігіне ие болған қонақтар өздерінің сапарлары жайындағы әсерлерімен бөлісіп, Лев Толстойдың шығармашылығы туралы пікірлерін білдірді.
Психология және дефектология кафедрасының оқытушылары: Смаглий Т.И., Демисенова Ш.С., Тойымбетова Д.С. 1-7 сынып оқушылар арасындағы "Зерде" ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары республикалық сайысының облыстық деңгейінде қазылар мүшесі ретінде ат салысты. Сайыс орта және кіші мектеп оқушыларда интеллектуалды-шығармашылық потенциалын арттыру және жеткіншектерде зерттеуші іс-әрекет дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш сайыс 2018 жылдың 20 қазанында өткізілді.
2018 жылдың 20 қазанында филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова К.Қ. Қазақстан-Қостанай ұлттық телеарнасының тілшілеріне латын әліпбиінің ереже, емлелеріне қатысты сұхбат берді. Сұхбаттың мақсаты - латын графикасына негізделген әліпбиге көшу барысынан хабардар ету. Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу бағытын жүзеге асыру мақсатында өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасаған жобасы.