2018 жылдың 21 қыркүйегінде жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «География» мамандығының 3 курс студенті Танат Данагул, «Қызылжар-2018» жас ғалымдардың халықаралық симпозиумына қатысты. Тақырыбы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарында туризмнің дамуы. Іс-шараға Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының өкілдері - П.П. Ершов атындағы Ишим педагогикалық институты (Тюмень мемлекеттік университетінің филиалы, Ишим қаласы), Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті (Челябинск қаласы), Су және экологиялық проблемалар институты (Барнаул қаласы), Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеті.

2018 жылдың 20 қыркүйегінде еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Астана - бейбітшілік бесігі» - атты тақырыпта жалпықазақстандық ашық диктант жаздыру акциясы болып өтті. Диктанттың негізгі мақсаты – жастардың мемлекеттік тілде сауаттылығын арттыру, патриотизм мен ел бірлігін нығайту. Бұл аталған шараға 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері қатысты.

Қазақ тілінің дамуына қосқан орасан зор үлесі үлін, соның ішінде қазақтың ұлы ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің мұраларын зерттеп, жарыққа шығарған еңбегі үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Ы. Алтынсарин атындағы орталықтың аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанов Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Г. Бекназарованың ықылас хатымен марапатталды.

2018 жылдың 15 қыркүйегінде ACADEMICA жобасы бойынша қазақстандық жоо-әріптестерінің қорытынды мониторинг өтті. Бұл мониторинг осы жоба үшін үшінші болып табылады және жобаның негізгі кезең дерін талдауды қамтиды. Ақырғы жоба сондай-ақ жобаны дамытудың барлық негізгі кезеңдерін жүзегеа сыруды, оны нақтыіс-қимылмен қамтамасыз етуді және мониторингі соңында серіктестердің жобаның орнықты даму әлеуетін көрсетуге бағытталды.

2018 жылғы 15 қыркүйек күні профессор, физика-математика ғылымдардың кандидаты, еңбек сіңірген тәлімгер, ғалым Даулетбаев Тобыл Еслямгалиевич атындағы дәрісхананың салтанатты ашылуы өтті. Дәрісхананың ашылуына қатысқандардың үлкен қызығушылығын танытқан Т.Е. Даулетбаевтың ғылыми еңбектерінің көрмесі дайындалды. Салтанатты кешті Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбiл Еркiн Аманжолұлы ашты және өз сөзінде «Тобыл Еслямгаливичтің мықты ғалым мен педагог ғана емес, өте парасатты, әділ әрі қайырымды тұлға болғанын» атап өтті.

6-10 қыркүйек аралығында Ресей Сасово қаласында полиатлоннан әлем чемпионаты өтті. 10 қыркүйекте rsh-hex-rrs (оқпен ату, күш гимнастикасы, шаңғы роллер жарысы) және rsh-hex-cr (оқпен ату, күш гимнастикасы, кросс) үш сайысты спорттық пәндерде полиатлоннан халықаралық жарыстар аяқталды. Жарысқа екі мемлекет қатысты – Ресей және Қазақстан. Ресей он бес субъектімен ұсынылды. Жарыс ұлдар мен қыздар, ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасында өтті.

Дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінің мұғалімдері мерекелерде де жоғары спорттық және жаттықтырушылық жетістіктерді көрсетеді! Мәселен: ШКО Қатан-Қарағай қаласында асық атудан ҚР бірінші тарихы чемпионаты өткізілді жарыс 13-16 шілде аралығында өтті. Қостанай облысының әйелдер командасы 1-ші орын, ерлер командасы 2-ші орын иеленді. 2-8 қыркүйек аралығында Чолпан-Ата қаласында асық атудан 3-ші Дүниежүзілік көшпелі ойындары өтті. Қостанайлық Ахметов Мухтар 3-ші орын иеленді.

Қыркүйектің тоғызыншы жұлдызында ұлы орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың 190 жылдығы болды. 21 қыркүйек күні Қостанай қаласының жазушымен аттас кітапханасында осы күнге арналған іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттері қонақ ретінде шақыртылды. Іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарға Толстой шығармашылығын жан-жақтылығы үшін, ойының кеңдігі үшін, терең философиялық өміршеңдігі үшін құрмет тұратындығын және жақсы көретіндігін көрсету болды. Лев Николаевич және оның жарқын, құнды тағдыры жайында көп айтылды А.М Горький айтқандай: «Толстой-ол толық әлем».

2018 жылдың 5 қыркүйегінде А-201 аудиторияда композитор Ерсайын Нарымбаевпен «Музыкалық білім» мамандық студенттерімен шығармашылық кездесу өтті. Ерсайын Нарымбаев 4 жыл Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында тұрды. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын тамамдаған. Бүкіл әндері Қостанайға ғана емес, республикаға танымал сазгер жастайынан өнерге құштар болған. Сазгердің ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім», «Бір-ақ күн еді», «Жанарсыз адам келеді» әндері, сонымен қатар басқада ақындардың сөзіне жазылған «Сырласқан қыздар қайда екен?», «Ерте солған гүлдер», «Бұрым туралы баллада» т.б. әндерін дүниеге әкелді.

2018 жылғы 12 - 26 тамыз аралығында Ақмола облысының Зеренді ауданында «Zeren-2018» Республикалық жазғы жастар білім беру лагері өтті. Лагерь 3 ауысымда өтті: 1 ауысым - «Digital ұрпақ», 2 ауысым - «Рухани жаңғыру трендтері», 3 ауысым - «Жастар және бизнес». Лагерь ұйымдастырушылары ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстан жастарының конгресі болды. Қостанай облысының делегациясына Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылым магистрі Бекенова Асия Қықпайқызы кірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары