17 сәуірде Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедарасының апталығына орай Антаев Ж.Т. «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттерінің педагогикалық практика өту барысындағы туындаған мәселелер мен ой - пікір алмасу» тақырыбында дөңгелек стол отырысын өткізді. Оған «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 3-ші және 4-ші курстарының студенттері, практика жетекшілері мен әдіскерлері Духин Я.К., Кифик Н.Ю., Амантаева А.Б., және «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
17 сәуір 2018 жылы Қостанай қаласындағы «Алау» теледидарында «Көкейтесті сұбхат» бағдарламасында «Суицид» мәселесі бойынша студия қонағы Костанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және педагогика факультетінің аға оқытушысы Каирова Баян Кусаиновна қатысты. Онда көтерілген мәселелер: Суицид дерте әлде тағдыр ма? Суицидтің шығу себептері? Суицид дертінің емі иманда дейді, соған келісесіз бе? Суицидке әйелдерге қарағанда еркек адамдар көп барады екен, соның себебі неде? Суицид тығырықтан шығудың жолы емес екенін балаларға қалайша жеткізуге болады?
2018 жылдың 16 сәуірінде көшбасшылық апталығы аясында психология және педагогика факультетінің барлық мамандықтарында Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі – Астана» атты кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттардың негізгі мақсаты студенттерді патриотизм сезімі мен Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында студенттерді Астана қаласының тарихымен таныстыру. Негізгі міндеттері: Қазақстанның жетістіктерін паш ету, Астананың қазіргі заманғы және қауіпсіз қала, республиканың тарихи-мәдени, ғылыми-білім беру және іскерлік орталығы, елдің инвесторлар үшін тартымды экономикалық дамуының көшбасшысы ретіндегі оң имиджін ілгерілету.
2018 жылдың 13-15 сәуірінде ЧеЛ.МУ спорт кешенінде әйелдер мен ерлер командалары арасында дәстүрлі волейболдан жарыс өтті. Бұл жарыстар ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты, КСРО спорт шебері Александр Родновтың құрметіне өткізілді. Жарысқа Қостанай облысының барлық жоғары оқу орындары мен колледждері қатысты. Тартысты жарыстың нәтижесінде ҚМПУ әйелдер командасы дәстүрлі волейболдан XVI дәстүрлі турнирдің жеңімпазы атанды.
11-15 сәуірде Алматы қаласында жылдамдық, кедергі және боулдеринг пәндері бойынша жасанды бедерде спорттық өрмелеуден ҚР чемпионаты өтті. Боулдеринг - бұл күрделі шекті жолдармен, бөлінген уақыттағы мүмкіндіктер саны ескеріліп, қысқа сериялы 5-8 тосқауыл арқылы шыңдарға жету үшін биіктікке өрмелеудің жаңа бір түрі. Спортшы жолды көрмей жолға келеді және оған 4 минут уақыт бөлінеді. Аз мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ішінде ең ұзақ жолды еңсерген ойыншы ұтады.
2018 жылдың 14 сəуірінде ГУ негізінде "М. Горький атындағы гимназия Қостанай қаласының білім бөлімінің əкімшілігі" қоғамдық пəндерден Республикалық ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңі өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеттері қатысушылардың ғылыми- іздемпаздық жəне оқу - танымдық əрекеттерін үстемелеу; талантты жəне дарынды жас ғалымдарды іздеу жəне қолдау көрсету; Қазақстан Республикасының интеллектуалды əлеуетін қалыптастыруды насихаттау. Орыс тілі жəне адебиеті бөлімінің жұмысына ҚМПУ оқытушылары қатысты.
Кафедраның аптаның бағдарламасы әрдайым бай және қызықты болды. Кафедраның көптеген қызметі дәстүрге айналды, бірақ жаңа форматтар пайдаланылды. Аудиториялардың есіктерінде физика, астрономия, технология, математикадағы (жаңа түсініктер, олардың мағыналары, қосымшалары, ашылуы, гипотезалары, қиындықтары) заманауи жетістіктері туралы ақпараттық парақтар ілінген Уақыт кестесіндегі залда «Вечеринка» плакаты орналастырылды - жалған әңгіме, оған «танымал ғалымдар» қатысқан, олардың ғылыми ашылуылар әзіл ретінде жазылған. Студенттерге, тізімінде айтылмаған ғалымдардың қайсысы «ұмытып кеткен» екенін, ғылымға қандай үлес қосқанын анықтауды ұсынылды.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда маңызды орын - студенттерді іскерлік қарым-қатынас технологиясы бойынша игеру үдерісі. Мектептің профессорлық-оқытушылар құрамындағы басқару коммуникациясының мәдениеті мұғалімнің кәсіби шеберлігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Педагогика кафедрасының әдістемелік апталығы аясында «Дефектология» мамандығының ІІ курс студенттерімен іскерлік қарым-қатынас, кәсіби этика мәселелері бойынша кәсіптік этика, кәсіби қарым-қатынас деңгейінде тиімді қарым-қатынас жасау, болашақ мұғалімдердің біліктілігін қалыптастыру мақсатында 13-ші сәуір күні «Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізілді.
2018 жылы 9-13 сәуір аралығында педагогика кафедрасының оқытушылары ғылыми еңбектерінің көрмесі ашылды. Аталған көрменің мақсаты: оқырман студенттердің педагогика ғылымын оқып-үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыру, өз бетінше білім алу үдерісіне көмек көрсету. Көрмедегі экспозиция құрамына соңғы жылдары жарық көрген басылымдар кірді. Көрме қабырғасында педагогика кафедрасының оқытушыларының монографиялар, оқу құралдар және ғылыми мақалалар ұсынылды: Монографиялар «Проблемы развития образования и воспитания: теория и практика» Өтегенова Б.М., Айдналиева Н.А., Шумейко Т.С., Шалгимбекова А.Б.
2018 жылдың 13сәуірінде Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қ. филилалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен (бұдан әрі - ҚМПУ) бірлесе отырып, «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты: сабақты зерттеу әдістерін іске асыруда озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату; қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасу; Lesson Study шеңберінде ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту.