2018 жылдың 3 сәуірінда ҚМПУ Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы, Қостанай қаласының білім беру бөлімі және облыстық психиатрия ауруханасымен бірлескен «Жасөспірімдердің аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу» - атты іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада облыстық психиатрия ауруханасының психологиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Ислямова Г.А., «Даму» психология орталығының жетекшісі Топорова Е. В., Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің психологтары - Марченко И. С., Пряхин Е. А., психология және дефектология кафедрасының оқытушылары - Назмутдинов Р. А., Демисенова Ш.С.
ҚХА атынан сайланған, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Тимощенко Ю.Е. ҚМПУ-дің ҚХА кафедрасымен кездесуді жоспарлаған болатын. Осыған сәйкес, 2018 жылы сәуірдің 2-ші жұлдызында Тимощенко Ю.Е. ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессорлік-оқытушылық құрамымен кездесті. Мәжіліс депутаты ескертекендей, кездесудің басты мақсаты - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы жайлы ақпарат беру, Елбасының жүзеге асып жатқан бастамаларына, сонымен қатар құқықтық заң жүйесіне сипаттама беру.
31 наурызда әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде дәстүрлі жыл сайынғы чемпионат по волейболу, арналган Жер Күні. Басқы чемпионаттың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және студенттер мен қызметкерлерді әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің КГПУ және сақтау табиғат және экология біздің планета. Волейболдан Чемпионат өтті Жер шарындағы насихаттайды ұқыпты адам қоршаған ортада ол өмір сүреді. Жер күні атап өтіледі 21 наурыз, оқиға болған ажыратылады жарты сағат кешкі 9-да барлық электронды аспаптар қоса алғанда, компьютерлер мен ноутбуктер.
30 наурызда жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 4 курс студенттері өткен педагогикалық машықтану қорытындыларын шығаруға арналған конференция өткізілді. 15 қаңтар мен 24 наурыз аралығында оннан артық білім беру мекемелеріне 33 студент бағытталды. Өндірістік машықтану биылғы жылғы түлектердің өміріндегі маңызды кезең болып саналады. Себебі мұғалімге биологияны оқыту және жастарды тәрбиелеуде қажет кәсіби дағдыларды жетілдіруге жәрдемдеседі, студенттердің мұғалім мамандығына қызығушылықтарын оятады, биолог-маманның қызметтерін орындауға бағытталған өзіндік және шығармашыл амал-тәсілдерін дамытады.
25 мен 30 наурызда Қостанай қаласында Республикалық олимпиаданың қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы кезеңі өтті. Орыс тілі жəне адебиеті бөліміне əділ қазы алқасының құрамына, орыс тілі жəне адебиеті кафедрасының (бөлімінің) меңгерушісі Пчелкина Т.Р. шақырылды. Қалалық жəне областық "Дарын" орталығының жоспарымен өткізілген жұмыс өз нəтижесін берді. Орыс тілі жəне адебиетінен қатысушылардың дайындығын ұйымдастыруға Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің мұғалімдері Пчелкина Т.Р. жəне Мустакимова Г.В. ат салысты.
Әлеуметтендіру блогы - «Қарлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі» студенттертдің зерттеу жобасының негізгі жұмысының бірі.Жасөспірім адамның өміріндегі кезең болып табылады, адамдар арасындағы қарым-қатынас бірінші кезекте келеді. Бұл - балалар өздерінің «өз өмірін» пайдалы хоббиі мен іс-әрекеттерімен толықтай алатын кезең. Бұл әр балаға «Қарлығаш» мектебінің ашылу мүмкіндігі. 2018 жылдың 30 наурызында Қостанай облыстық балалар үйінде «Қарлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі» атты студенттік ғылыми жоба «Арманға жүгініңіз» ұранымен өткізілді.
2018 жылдың 26 наурыздан 30 наурыз аралығында Тарих және өнер факультетінің Өнер кафедрасында әдістемелік кафедра апталығы өтті. 26-наурыз (09:30) Өнер кафедрасында апталықтың ашылуы барысында аға оқытушы Қасаболат А. Ж. 3-курс «Бейнелеу өнері және сызу мамандығы» мамандығы студенттерімен «Қазақстанның сәулет өнері» тақырыбында ашқы сабақ өткізді. SMART- мақсат бекітілген, Блум таксономиясы әдіс-тәсілі қолданылды. Қазақстанның архитектурасының даму жағдайы, стилі туралы толық ақпарат берілді. Видео аудио жазбалар көрсетілді.
28-наурыз, 29-наурыз күндері өнер кафедрасы бейнелеу өнер және сызу мамандығының аға оқытушысы А. Ж. Қасаболат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері А. Ә. Ә. Абуталиповпен бірлестікте институт қабырғасында институт ректоры Е. А. Әбілдің қаржылық қолдауымен жастар арасында бизнесті дамыту, бизнес жобаны дайындап үйрену мақсатында «Студенттерді бизнес жоба дайындауға үйрету, старт-ап жобаны меңгеру» тақырыбында орыс және қазақ тілдерінде семинар-тренинг өтті. Семинар тренинг екі бөлімнен, бірінші бөлімде теориялық мәліметтермен қамтылды. Екінші бөлімде студенттермен практикалық жұмыс жүргізіліп, студенттермен шығын кірістерді есептей білуге, бизнес моделдермен таныстырылып, тәжірибе алмасты.
2018 жылдың 29 наурыз күні Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары 4 курс студенттерінің өндірістік практикасы бойынша «Өндірістік практика – құзіреттілікті арттыру негізі» тақырыбындағы қорытынды конференциясын өткізді. Конференцияның басты мақсаты студенттердің өндірістік (педагогикалық) практикасының нәтижесін қорытындылау, оның ұйымдастырылу және өткізілу сапасын анықтау, машықтану барысындағы қиындықтарды шешудің жолдарын қарастыру.
2018 жылдың 29 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өнер кафедрасының әдістемелік апталығы шеңберінде «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесінен» атты әдістемелік семинар өтті. Іс-шараның мақсаты мұғалімдерді «Өрлеу» БАҰО біліктілікті арттыру курстарында оқыту нәтижесінде алынған педагогикалық жұмыс тәжірибесімен таныстыру болды. Әдістемелік семинарды Өнер кафедрасының аға оқытушылары М.Ж.Ордашева, К.А.Жакаева, А.А.Қасаболат, Н.К.Әмірхамзиндер өткізді.