2018 жылдың 14 наурыз күні сағат 15:00 Қадыр Каримов шағын кешенді мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиетін шағын жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жұмыс беруші стейкхолдермен байланыс мақсатында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай ауданы, Қадыр Каримов орта мектебінің директоры Ибраева Салтанат Кенжеханқызы, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жұмашева Салкен Күлтайқызы және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, әдіскерлер пед.ғ.магистрі Алиева Дидар Алиаскаровна, гум.ғ.магистрі Абдрашева Алия Қажымұханқызы және 3 курс студенттері қатысты.
«Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы шеңберінде кафедра ҚХА Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 2018 жылдың 14 наурызында бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге Н.Назарбаевтың Қазақстандық қоғамдық келісім моделі мен жалпыұлттық үлгісі ұсынылды. Студенттер алдында баяндама оқуға шыққан Жақып Қ.Х., философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің профессоры.
Қазақстан Халықтар Ассамблеясы мен орыс тілі және әдебиеті кафедраларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық салт – дәстүрлердің рухани сабақтастығы» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Мереке 1 – курс студенттерінің қатысуымен өткізілді, ал қонақ ретінде шет елден келген қытайлықтар Наурыз мейрамының шығу тарихымен, салт – дәстүрлерімен, жөн – жоралғыларымен танысып, қазақ халқының көне мәдениетіне аса қызығушылық танытып тәнті болды.
2018 жылдың 14 наурызында Медиация және Халықтық Дипломатия мектебінде Қостанайлық Әлеуметтік Білім Колледжінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, кәсіби медиатор Кадалинова Марияш Тлеугабыловна өткізді. Лектор өз сөзінде «Медиация» ұғымын, қағидаларын қарастырды. Тыңдаушыларды медиация негіздері мен медиация процесімен және медиацияның сот процестерінен артықшылықтарын атап өтті.
Оқытушы мамандығын студенттер арасында танымал ету, оқытушылық қызметке деген қызығушылығын арттыру, бастапқыда мұғалім болуға талантты дарынды студенттерді анықтау және қолдау мақсатында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасында «Мұғалім: мамандықты меңгеру» атты эссе байқауы өтті. Конкурсты Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ы.Алтынсарин атындағы орталық және педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Туған жер» бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші Индустриялық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған.
ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультеті «Биология», «География» мамандықтарының студенттері 2018 жылдың 13 наурыз күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-биология факультеті бтология және химия кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген«Қазіргі биологияның теориясы мен практикасы, методологиясы» студенттер мен жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция жұмысына Қазақстанның қалалары, таяу және қиыр шетелдердің ЖОО және ғылыми-зерттеу орталықтарының 140-тан аса өкілдері қатысты.
11 наурызда жоғары оқу орындарының арасындағы VІІ қысқы Универсиада аяқталды. Универсиада 10 күнге созылды, оған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 36 командасы қатысты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасы шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, гір спорт, пауэрлифтинг, футзал және қазақ күресінен спортшылар болды. Универсиаданың соңғы күні пауэрлифтингтен жарыстар өткізілді.
Мұғалім мамандығын насихаттау, түлектердің педагогикалық іс-әрекетке деген қызығушылығын жоғарылату, мұғалім болуға ұмтылған дарынды мектеп түлектерін анықтау және оларды қолдау мақсатында облыстық мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Мұғалім: мамандыққа оқушылар көзімен қарау» атты облыстық эссе байқауы өтті. Конкурсты Ы.Алтынсарин орталығы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай Дарыны» ӨҒПО ұйымдастырды. Байқау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Туған жер» бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші Индустриялық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған.
2018 жылдың 6-9 наурызында Ресей Федерациясының Сасово қаласында қысқы триатлонның (полиатлон) жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионаты өтті. Бұл жарыста «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының бірінші курс студентті Левин Евгений және 2 курс студенті Макушенко Вячеслав қатысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Вячеслав екінші орынды иеленді және өткен оқиға туралы ақпаратпен бөлісті: «Павлодарда 7-ші Қысқы Универсиадаға қатысып, 30 қатысушы арасында 1-ші орынды иелендім. Жеңу оңай емес еді. Ауа-райы және жарыстардың шарттары біздің жағымызда болмады...»
2018 жылы 1 наурыз Павлодарда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында VII Қысқы Универсиада басталды. Көктемнің алғашқы күнінде 2 мыңға жуық жас спортшыны жинаған ойындардың ашылу салтанаты өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасы жеті жарияланған спорт түрлері ұсынылған. Қысқы Универсиада бағдарламасында 9 спорт түрлері болды: шаңғы, президенттік қыс көпсайыс, қысқы бағдарлау, футбол, армрестлинг, ауыр атлетика, пауэрлифтинг, баскетбол, қазақ күресі.