2018 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне орай Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен көпшілікке арналған лекция өткізілді. Лектор Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы іс-шараның мақсатына сай институт оқытушылары мен студенттеріне аталған күннің тарихы мен маңыздылығы туралы баяндап берді. Бәрімізге белгілі, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада 28ақпан күні «Бабалар сөзі» кітабының тұсау кесер салтанатты мерекесі өтті. Бұл іс – шараға біздің факультеттің 2 курс студенттері мен ф.ғ.к., доцент Мырзағалиева К.М қатысты. Іс – шарада К.М.Мырзағалиева баяндама оқып, студент жастарға 100 томдық мұраның құндылықтарын түсіндіріп, осындай игі бастаманы іске асырған «Мәдени мұра» бағдарламасының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Бұл жинақта адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттаумен қатар, жас ұрпақты ата-баба құндылығын ұмытпай, оны келешекке мұра ретінде жеткізуге үндейді.
28-ақпан күні өнер кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының магистрі Қасаболат А. Ж. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлестікте «Жастарды кәсіпкерлікке баулу, бизнеске меңгеруді дамыту» тақырыбында институт студенттерімен және жас мамандармен семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты студенттерді стар-ап жобаларға қатыстыру, жастарды бизнесті меңгеруге қызығушылығын ояту. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Әбдіхалықов Ә. Ә. бизнес туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар бизнес-тренер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бизнесті меңгеруге арналған арнайы курстар бар екендігін айта кетті..
28 ақпан күні өңірлік "Рухани жаңғыру" жобалық офисі №138 кабинетінде "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы 1 курс орыс бөлімінің 13,14,15-АР топтарымен "Рухани жаңғыру – болашақ кепілі" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары: шет тілі кафедрасының доценттері ф.ғ.к. Нұрмұхаметова Қ. Т. Безаубекова А. Д. Дөңгелек үстелдің қонақтары ретінде: академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер, оқу ісі жөніндегі проректоры– Мусабекова Гульвира Айдархановна, оқу-әдістемелік басқарма бастығы - Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевна, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі - . Соловьева Наталья Анатольевна, "Рухани жаңғыру"өңірлік жобалық офисінің бас менеджері - Нұрбек Елікбайұлы Әбдібеков.
Республикалық олимпиадаға орыс тілі жəне адебиетінен қатысушы үміткерлерді жинау аяқталды. Оқытушы Пчелкина.Т.Р жəне Мустакимова. Г.В мен қарқынды жұмыс қатысушылардың білімдерін жүйелеуге, мəтінді түзету тəжірибесін күшейтуге көмектесті. Көп қиындық тудырған тапсырмалар шешендік өнермен байланысты болды. Қатысуды қалай дұрыс ұйымдастыру қажет, тыңдаушылардың көңілін аудару, ойыңды тура жеткізу, ой- өрісіңнің кеңдігін қалай байқату қажет? Осы жəне тағы басқалар жайында дайындық барысында қызықты əңгіме өрбіді. Біздің топқа шығармашылық табыс, ұйымдастырушылық қабілет жəне жеңіс тілейміз!
Қазақстан тарихы кафедрасының әдіснамалық апталығы аясында, 2018 жылдың 28 ақпанында 126 аудиторияда «Білім берудің жаңартылған мазмұнының призмасы арқылы тарихты оқытудың моделі» тақырыбына вебинар өтті. Вебинардың мақсаты 2 мәселені ашу болды: 1) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017-2018 жылға стратегиялық жоспар; 2) «Тарих» пәні бойынша оқытудың жаңартылған мазмұны. Аталған іс-шараға орта мектептің мұғалімдері және қашықтықтан білім беру «Тарих» мамандығының студенттері қатысты.
2017-2018 оқу жылына «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Шевченко Г.В. және Кушмурзина Д.Х. үштілділік білім беру саясаты бойынша «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі көптілділік жағдайда пәндердің кіріктірілуі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік жұмыс түрін жоспарлаған болатын. Үштілділік білім беруді дамыту мақсатында 2018 жылдың 27 ақпаны күні «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенті Сайдалина Айнұр Саиновна өндірістік практикадан өтуі барысында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің 2 «А»-сыныбында «Зат есімнің жекеше және көпше түрі» («Единственное и множественное число имён существительных», «The only and plural of nouns») тақырыбында ашық сабақ берді.
2018 жылдың 26 ақпаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында «Тарих сабағында инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында әдістемелік семинар болды. Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсынан өтіп келген оқытушылар Тастекова Г.Б., Елкей Н.Н. өткізді. Семинарға институттың қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің маманы Ищанова Р.С. және институт оқытушылары қатынасты. Тастекова Г.Б. тарих сабақтарында Б.Блум таксономиясын пайдаланып мастер-класс көрсетті.
Қазақстандық білім беруді түбегейлі жаңғырту жағдайында мұғалім мамандығының беделін көтеру мәселесі
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінде өткізілген дөңгелек үстел-Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы жаңа мемлекеттік міндеттер аясында мұғалім мамандығының беделін көтеру мәселесіне арналды. Дөңгелек үстел жұмысына мектеп мұғалімдері, студенттер - тыңдаушылар және ҚМПИ-ның педагогика кафедрасының оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Өтегенова Б.М және п.ғ.к., педагогика кафедрасы жанындағы Ы. Алтынсарин атындағы орталықтың меңгерушісі Карпыкова Г.О. болды.
26 ақпан күні "Жүректен журекке " жобасының жетекшілері Пчелкина Т. Р жəне Матершова А.И " Мейірімділік- əлемді құтқарады " деген тақырыпта эссе сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты - студенттердің əлеуметтік белсенділіктерін маңызды қоғамдық мəселені қозғау арқылы қалыптастыру. Сайысқа 22 студент қатысты. Студенттерге 3 тақырып ұсынылды: "Біз кімді үйретсек, соған жауаптымыз" , "Мейірімділік - жанның шуағы" , "Мейірімділік, оны əрдайым жасаған жерде көрінеді ( Қостанай мейірімділік іс - шарасын ұйымдастырушылардың əрекеттері жайлы ) ".