Желтоқсан мен ақпан аралығында жаратылыстану ғалымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 1 курс студенттері (куратор Рулева М.М.) әлеуметтік жоба орындау және «Бедвочерлер» клубының жүмысы аясында (Брагина Т.М., Брагин Е.А., Валяева Е.А) құстар үшін қазіргі оңай емес мезгілде қоректендіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер орталық саябаққа жиі барып, алғашқы бедвочерлер орналастырып кеткен құстарды қоректендіруге арналған астауларды тексеріп, құстарға азық салып беретін. Қысқы жұмыстың қорытындысы ретінде 2018 ж. 15 ақпанда Қостанай қ. А.М.Горький атындағы мектеп-гимназиясында «Жылу сыйлай біліңіз» экологиялық акциясы өткізілді.
14 ақпан күні " Орыс тілі жане əдебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенттері " Жүректен журекке " жобасының аясында " Костанай Зоо пульсте " кезекті қайырымдылық шарасын өткізді. Студенттер өздерінің жетекшілері Матершова А. И. мен бірлесіп азық сатып алып жəне оны баспанаға апарды. Баспананың волонтерлері алғаш келген студенттерге экскурсия өткізді. Олар " Костанай Зоо пульсте" мекендеп жатқандар жайында, бұл жерді бұрыннан мекен еткен жəне жақында сая болған мысықтар жайында айтып өтті.
2018 жылдың ақпан айының 13-і күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері және профессорлық-оқытушылар құрамы 11 баланы тәрбиеге алған отбасының басшысы, Қостанай ауданындағы Алтынсарин орта мектебінің оқу жұмыстары бойынша директордың орынбасары Тулегенова Гульжауһар Кабдикаримқызымен кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат кезінде Гульжауһар Кабдикаримқызы тәрбиеге алған балаларының бөтен екенін сезінбейтінін, тату және көпұлтты отбасы екендіктері жайлы айтты.
2018 жылдың 13 ақпанында сағат 11.00-де 520 дәрісханада топ кураторлары Г.А.Сейсембай және Д.А.Алиеваның ұйымдастыруымен филология факультеті «Қазақ тілі мен əдебиеті» жəне «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттеріне «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» тақырыбында әдеби-сазды кеш сипатындағы кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жергілікті ақын-жазушылар шығармашылықтарын насихаттау, жастарды шығармашылыққа баулу, сөз өнерінің құдіретін ұғындыру, эстетикалық тәрбие беру.
2018 жылдың 13 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында 7 қабатта «Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы оқытушыларының ғылыми еңбектері» атты көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда 150-ден астам оқу және оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар және кафедрада өткен конференциялар материалдарының жинақтары ұсынылды. Көрмені көруге келушілер биологиялық, физикалық-экономикалық география, химия циклдерінің бағыттары, сондай-ақ биология, география және химияны оқыту әдістемелері бойынша кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік құралдарына қызығушылық танытты. Көрмені ұйымдастыруға көмек көрсеткен ҚМПИ кітапханасының қызметкерлеріне алғыс айтамыз.
2018 жылдың 13 ақпаны күні психология және педагогика факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасынның «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің педагогикалық практикаларының аяқталуына байланысты қорытынды конференция өткізілді. Студенттер практиканы Қостанай қаласының №20 орта мектебінің және №24 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарында өтті. Конференцияға факультет деканы, кафедра оқытушылары және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
12 ақпанда дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің оқытушылармен Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің (Челябинск қ.) педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті Федоров Александр «Дене шынықтыру, спорт және туризмде ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері» тақырыбына семинар өткізілді. Семинар барысында ақпараттық технологиялар мәселесі бойынша бастапқы білім деңгейін анықтау үшін оқытушыларға сауалнама жүргізілді. Семинар Интернетті таныстыру және пайдалану (ақпараттық ресурстардың мүмкіндіктерін көрсету) негізінде құрылды.
2018 жылдың 12 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығында аға оқытушы Суюндикова Жанар Тулеутай қызы "Биология" мамандығының 2 курс студенттеріне «Адам анатомиясы» пәнінен "Ас қорыту жүйесі" атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты - асқорыту жүйесі бөлімдерінің құрылысын, топографиясын, функцияларын және ерекшеліктерін қарастыру болды. Сабақта ассоциаграмма, кластер, миға шабуыл, деңгейлік тапсырмалар секілді оқытудың интерактивті әдістер қолданылды.
2018 жылдың 15 қаңтарынан 10 ақпаны аралығында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясының және №20 орта мектебінің бастауыш сыныптарында педагогикалық практикаларынан өтті.Практиканың басты мақсаты: мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі қызметін игеру, педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту және мұғалім тұлғасының кәсіби сапаларын қалыптастыру болып табылады.
12-ші ақпан күні "Төртінші өнеркəсіптік бетбұрыстың жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері",- Қ.Р Президентінің Жолдауына деген менің көзқарасым" атты " Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенттерінің арасында эссе сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 13 адам қатысты. Сайыстың міндеті - Президент Жолдауы жайында білімді жақсарту, патриоттық сезімді күшейту мүмкіншілігін жəне тұлғаның сайысқа бейімділігін арттыру. Студенттер Жолдаудың мəтініне талдау жасап, бүгінгі күнгі ел жетістігін атап өтті. Білім саласына ерекше көңіл бөлінді, болашақ ұстаздар Жолдау мамандықтың беделін көтереді деп есептейді.