2018 жылдың 31 қаңтар күні сағат 12:00-де Филология факультетінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Балауса» әдеби-шығармашылық үйірмесінің жетекшісі магистр Абдрашева Алия Қажымұқанқызы және үйірменің белсенді 2-курс студенттері Қызыринов Айдос, Ихсан Данияр, Ешмұқамет Ұлпан, Сагиева Сымбаттың ұйымдастыруымен «Сырлы жүрек пернесі» атты жас ақындарға арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты қазақ поэзиясында өзіндік орнын қалыптастырып келе жатқан қаламы қарымды, ойы оралымды Саят Әбенов, Абылай Мауданов, Ерлан Жүніс, Бақдаулет Арыстан сынды жас ақындардың шығармашылық жолымен таныстыру, жүрекжарды туындыларын жас оқырмандарға насихаттау.
31.01.2018 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қостанай қаласының Меңдіқара, Ұзынкөл, Амангелді, Алтынсарин аудандарының орта мектептерінен келген 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кездесуге келген мектеп оқушыларына ҚМПИ, филология факультетінің мамандықтары туралы ақпарат беріліп, үлестірме материалдар таратылды. Педагогикалық мамандықтардың артықшылығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары туралы толық ақпарат беріліп, бұл мамандықтарды игерген маманның құзыреттіліктері, кәсіби қызмет атқара алатын салалары туралы айтылып, насихат жұмысы жүргізілді.
2018 жылдың 22-31 қаңтар аралығында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының дәстүрлі сессиясы өтті. Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының, дене шынықтыру дайындығының оқу-тәрбие орталығының оқытушылары, «Дене шынықтыру спорт» және «Туризм» мамандықтарының 1-3 курс студенттері талқылауда қатысты. Президенттің жыл сайынғы жолдауы - «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағыты іске асырылуына әкелетін 10 нақты қадам. 2018 жылғы хабардың икемділігі цифрландыру болды.
2018 жылдың 30 қаңтар күні педагогика кафедрасы жанындағы Алтынсарин орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ-де белгілі ақын, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, қолөнер шебері Серікбай Оспанұлымен кездесу өткізді. Кездесуді педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ақбота Жаңалыққызы ұйымдастырды. Кездесу кешіне лицейдің 7-8-сынып оқушылары және студенттер қатысты.
«Саяхат» атты өлкетану клубының қатысушылары 2018 жылдың 30 қаңтарында «Туған жердің сұлулығы» атты тақырыпта ҚМПИ студенттер үйінде фотокөрме ұйымдастырды. Біздің еліміздің әрбір облысы, әрбір ауданы қайталанбас, ол тек бірегей тарихи өткені, сәулет өнерімен ғана емес, сонымен қатар табиғи объектілердің сұлулығымен ерекшеленеді. Фотокөрменің мақсаты - ҚМПИ студенттерінің Қостанай облысының геологиялық және геоморфологиялық ерекшеліктері жайлы көзқарастарын көру және кеңейту. Қостанай облысы - бұл бай табиғи әртүрлілік пен контрастаулар аймағы.
2018 жылдың қаңтар айында «Білім-Образование-Education» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығында «Педагогикалық инновациялар» атты Халықаралық конкурсы жарияланды. Байқау «Үздік сабақ жоспары», «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік сабақтан тыс іс-шара», «Үздік электронды оқулық», «Үздік медиасабақ» номинацияларында өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары арасында «Үздік сыныптан тыс іс-шара» номинациясы бойынша Гран Приге педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Утегенова Бибігүл Мазановна және педагогика ғылымдарының кандидаты, Алтынсарин орталығының жетекшісі Карпыкова Галина Уразовнаның конкурстық жұмысы иеленсе, «Үздік медиа сабақ» номинациясының жүлделі ІІІ орыны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковнаның жобасы иеленді.
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 - қаңтар күні Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханадағы Америка бұрышы базасында «Kazakhstan Spelling Bee - 2018» атты ағылшын тіліндегі сөздерді әріптеп айту байқауының аймақтық туры өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ағылшын тілін оқуға мотивациялау және мәдениетаралық қарым – қатынастарды дамыту. Байқауға қаламыздың ЖОО мен колледждарынан 40-тан астам студенттер қатысты. Байқаудың негізгі ережесі әділ – қазылар алқасының айтқан сөзін қатесіз және кідірмей әріптеп айту. Әр айналым сайын қателік жіберген қатысушылар байқаудан шығарылып отырды.
Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Шамуханов Еркебулан мен 3 курс студенті Жаксыбаев Мерсаит шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасына қосылды және Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) 23 қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды. Ол 2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында өтеді. Бұл «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері жеңіп алған үшінші лицензия. Естеріңізге сала кетейік Олимпиадаға алғашқы лицензия 2-курс студенті Крестова Анастасия шорт-трек бойынша 1000 метр қашықтықта әлем чемпионатында 3-орынға ие болды.
26 қаңтарда Островский атындағы қалалық кітапханасында студенттерге маңызды тақырып: «Учимся жить в многоликом мире (экстремизм және терроризм тақырыбында)» бойынша дәріс оқыды. Дәріскер Дисеков Диас Арманұлы, «Қостанай облысы әкімдігінің діни мәселелерді зерттеу орталығы» атты ҚМУ-нің ақпараттық, түсіндірме және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы. Дәріске 5B011800 « Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Дәріскер терроризм мен экстремизм терминдерінің ерекшеліктерін түсіндіріп, айырмашылықтарын анықтады.
26-шы қаңтар күні " Орыс тілі және əдебиеті" мамандығының 1- ші курс студенттері"Костанай Зоо пульс " қайырымдылық іс- шарасын өткізді. "Жүректен журекке" атты коғамдық жобаның аясында Матершова А. И жетекшілігімен " Костанай Зоо пульс " қорын жыл ішінде іске асыру жайлы мақсат қойылды. Студенттер жемшөп сатып алып оларды панасыз жануарларға арналған баспанаға жеткізді. "Костанай Зоо пульс" ұжымының волонтерлері " Журектен журекке " жобасының қатысушыларына көмек үшін алғыстарын айтуда. Жетекшімен бірігіп студенттер үш тілде жануарларға арналган баспананың жұмысы жайында буклет дайындады.