2018 жылдың 26 қаңтарда психология-педагогика факультеттің кеңейтілген факультет кеңесі өткізілді. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан талқылауға арналған негізгі сұрақтардың бірі "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" болатын. Факультет ұжымының алдында, мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауында қойылған негізгі он міндетті түсіндіру мақсатында декан Айдналиева Н.А. және мектепке дейінгі және бастауыш білім беру аға оқытушысы Саламатова А.Б. сөз сөйледі. Өзінің талқылауында Саламатова А.Б. жетінші тапсырмаға көбірек тоқталды.
25 қаңтар күні 5B011800 «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 1 және 3 курс студенттері Матершова А.И. мен Коваль О.В. кураторларымен бірге «Уникум» тез оқу мен ақыл мектебіне кіріп шықты. Мектеп оқытушылары студенттерді ақыл-ойды дамыту ерекшеліктерімен таныстып, мектепте оқытылатын тез оқу, менталды арифметика, роботы техника, ағылшын тілі курстары туралы айтып берді. Ақыл-ой қабілеттерін дамытатын бірегей жүйесіне-менталды арифметикаға ерекше көңіл аударылды. Менталды арифметика ауызша санау жүйесіне негізделген.
Ынтымақтастық туралы келісім шарт бойынша Елена Викторовна ҚМПИ оқытушылары мен студенттерімен кездесіп, ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысып, дәрістер оқыды. 2018 жылдың 23 қаңтарында педагогика кафедрасы жоғары оқу орындағы оқытушыларына арналған «Заманауи білім мазмұнының мәселелері» атты ашық дәріс ұйымдастырды. Дәрісте білім берудің гуманистік бағыттылығы және оның мазмұнын анықтау мәселелері, білім мазмұнын қалыптастырудың деңгейлері мен принциптері, сондай-ақ осы мәселеге арналған ғылыми зерттеулер таныстырылды.
2018 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің оқытушылары мен студенттері «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қарқынды дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президентінің Жолдауын талқылады. Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедра Ассоциациясының ұсынысы бойынша 11 республикалық ҚХА қатысуымен ҚХА кафедрасының ассоциация отырысы Республикалық деңгейде, кең ауқымда онлайн режимде өткізілді. Отырыс барысында ҚР Президентінің Жолдауы талқыланып, Елбасының «Эра Независимости» атты кітабының презентациясы өткізілді.
2017 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «ЖОО-ның үздік өқытушысы» деген байқау жариялады. Байқаудың нәтижесінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының үш оқытушысы осы құрметті атақтың иегері болып танылды. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Брагин Евгений Александрович солардың арасында. Евгений Александрович Ростов мемлекеттік университетін бітіріп, Наурзым мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми бөлімінде көп жылдар бойы қызмет жасады.
Қантардың 19 жұлдызында «Русский язык и литература» мамандығының 1-курс студеннтері арасында зияткерлік ойын өткізілді. Студенттер куратормен бірге президент жолдауының мәтінің талдап, әлеуметтік саясат, білім беру, тілдер, денсаулық қорғауға байланысты аспектілеріне көз жеткізіп, өткен жылдар табыстарын ерекше атап көрсетті. Кейін жолдау мәтінің мәнің ұғып түсінуіне байланысты интелектуалды ойын өткізіліді. Кураторлық сағат қызықты өтті, жұмыс табысты болды.
«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері «Жылдам оқу және зерденің дамуы» оқу орталығына барып және орталық қызметімен танысты. Қостанай қылысы мектептерінің оқытушылары IQ007 Ресей Республикасының Златоуст қаласында оқып келді. Мектеп мамандарының ойлап шығарған әдістерімен қазір 255 «Жылдам оқу мектебі және зерденің дамуы IQ007» орталықтары Ресейде және ТМД елдерінде жұмыс істеуде. Орталық ұстаздары студенттерді жылдам оқу мектебі және зерденің даму курсына қысқаша шолу жасап, таныстырды.
2018 жылы 16-18 қаңтар аралығында жаратылыстану ғылымдары кафедрасында жыл сайынғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған кураторлық сағаттар өткізілді. Жолдауда 2018 жылы елдің дамуының 10 басымдылық міндеттерін қамтиды. Жолдауды талқылауды өткізуді «Химия», «Биология», «География» мамандықтарының қазақ, орыс және көптілділік топтарының бірінші, екінші курс кураторлары: Тауакелов Ч.А., Рулёва М.М., Баймаганбетова К.Т., Загорулько В.В., Ергалиева Э.М.. Баймаганбетова Б.Б. және тағы басқалары ұйымдастырып, өткізді.
2018 жылдың 18 қаңтарында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары - доцент Белан О.Р., аға оқытушылары Кобец Т.С. және Ахмечина Т.А. оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Интерактивті оқыту әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Өз пәндерінің мысал ретінде «Химияда физикалық зерттеу әдісін жүргізу» және «Экология тіршілік кауіпсіздігінің негіздері т.б.» оқытушылар оқу барысына интерактивті пайдалану әдістерімен бөлісті. Білімнің заманауи жүйесі көптүрді, әдіс- мысалдарды талап етеді. Өзекті мәселелердің бірі болып, оқушылардың өзіндік жұмыстарын атқаруы және білімдерін жаңарту, өздеріне қажетті мәліметтерді іздестіру. Әдістемелік семинар осы мәселеге байланысты арналып өткізілді.
2018 жылы 18 қаңтар күні өнер кафедрасының отырысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы талқыланды. Елбасының халыққа жолдауы жаңа жылға барлық басшыларға қойылған негізгі 10 талаптан тұрады, олар: «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс», «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту», «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі», Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру».