Аймақтық достық үйінде жетінші ақпан күні "Достық туралы ертегілер" атты қостанайлық авторлардың ертегілер жинағынан көрсетілім өтті. Александра Суслова, балаларға арналған танымал кітаптардың авторы ретінде, Қазақстан Республикасы білімінің үздігі, Қостанай облысында өткен жылдың қыркүйегінде өткен Қазақстан халқының Ассамблеясы сайысына қатысқан. Жазушы (ол Қазақстан халқының қоғамдық келісім Ассамблеясының төрағасы) киік жəне құлындар жайлы екі ертегі жазды. Ертегілердің басты қозғаушы ойы достық, сыйластық, өзара көмек, қонақжайлылық жəне адамдар арасындағы бірлік сиякты мəңгілік құндылықтар болды.
6-шы ақпан күні Л. Толстой атындағы областық кітапханада " Профессор, жазушы, оқырман- Ю. Я Бондаренкомен философиялық кездесу өтті. Іс - шараға 5В0011800 " Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенттері қатысты. Бондаренко Юрий Яковлевич - КМУ- нің профессоры. Оның ғылыми қызығушылығының саласы : дін тану, философия, тарих, мəдениет тану. Ол 390 ғылыми, ғылыми- көркем, ғылыми - танымдық жəне ғылыми - публицистикалық жұмыстардың , сонымен қатар 400- ден аса газеттік мақалалардың авторы болып табылады.
2018 жылдың 5 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Балжанова Айгүл Мағжанқызы Қостанай қаласының «Зерек» колледжінің 2-3 курс студент – практиканттарына «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілін бастауыш мектепте оқыту» тақырыбында семинар – тренинг өткізді. Семинар – тренингтің мақсаты – мектептегі педагогикалық тәжірибенің әдістемелік мазмұнын талқылау, білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасының аясында, ағылшын тілін бастауыш мектепте оқытуда қазіргі заманғы технологияларды қолдану.
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ «Қостанай қаласының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған арнайы білім беру қажеттіліктері бар, №2 мектеп-интернатында» «5В010500-Дефектология» мамандығының төртінші курс студенттері тәжірибе барысында 5 ақпан айында 2018 жылы психология және педагогика факультетінің Рухани-жаңғыру бағдарламасы шеңберінде бастауыш сынып мұғалемдерінің басшылығымен іс-шара өтті. Бастауыш мектеп мұғалімдері Тулебаева А.Ф. Алекешова У.И. және Касаева М.Д. жетекшілігімен тәжерибеші-студенттер Кузьмина Мария, Байбулова Гульмира, Качко Ирина, Жантенова Жайнар «Менің отаным - Қазакстан» атты іс-шара өткізді.
Дене шынықтыру дайындығының оқұ-тәрбие орталығының жұмыс жоспары бойынша институт студенттері арасында спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Бұл іс-шараны самбо жарыстары ашты. 2018 жылдың 02-03 ақпан аралығында ҚМПИ №1 спорт залында Астананың 20 жылдығына арналған самбо күресінен ҚМПИ ащық біріңшілігі өтті. Жарысқа 3 факультеттен 25 студент қатысты: дене шынықтыру, спорт және туризм, жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық факультеттері.
2018 жылы 3 ақпанында Қостанай қаласы әкімдігінің білім басқармасының № 2 мектеп-лицейінде Ғылым күні өткізілді. Көптеген жылдар бойы алғаш рет конференция «Салауатты өмір салты» секциясын жариялады. Оқушылар осы бағытта баяндамалар жазуды қызықтырды, ал осы секцияны әділқазылар алқасының төрағасы ретінде ДШСжТ теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы В.В. Волков басқарды. Секция жұмысына 8 оқытушы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, аға оқытушылар, «№ 2 мектеп-лицейі» директоры және жетекшісі қатысты.
2018 жылы 2 ақпанда Қостанай облысының достық үйінде ғылыми-сараптамалық тобының ҚХА-ның жиналысы өтті. Еске сала кетсек, Қостанай облысының халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы тұрақты консультативтік-сараптамалық органы болып табылады. Оның құрамында ҚМПИ-дің атынан Абиль Е.А (ҚМПИ ректоры), Мусабекова Г.А (ҚМПИ академиялық-әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры) және Евдокимова О.Н (ҚХА кафедра меңгерушісі ҚМПИ, ҒСТ төреағасының орынбасары).
2018 жылдың 02 ақпанында психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының 1-курс студенттері «Тәлімгерлер мектебі» мен «Менің мамандығым – тәрбиеші» атты өздерінің болашақ мамандықтарымен танысуға негізделген әлеуметтік жоба жоспарына сәйкес қала мектептерінің бастауыш және мектепалды даярлық сыныптарда «Қысқы ою-өрнектер» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатын өткізуге мектептің әкімшілігі мен сынып мұғалімдері барынша қолдау көрсетті.
2018 жылдың 1 ақпанында психология-педагогика факультетінің декан орынбасары Алипбаева Г.А. жетекшілігімен «Мейірімді жүрек» психология-педагогикалық факультетінің волонтерлері онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша онкүндіктің аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің облыстық орталығының өкілдерімен бірге «Март» сауда орталығында «Дені сау болу керемет!» деген атты іс шара өткізілді. Осы іс-шараға Қостанай медициналық колледжінің студенттері және Қостанай онкологиялық диспансерінің қызметкерлері қатысты.
31- ші қаңтар күні "Орыс тілі жəне адебиеті" 5В011800 мамандығының 1 - ші курс студенттерінің облыстық " Наша газета " шығарылымының тілшісі Татьяна Назарукпен кездесуі өтті. Тілші студенттерге жұмыстың ерекшелігі жайында, тілшілер үшін таптырмайтын кәсіби жане жеке касиеттер жайлы, сол саланың жай - жапсарын айтып берді. Ол филологиялық білімнің журналист үшін маңызды екенін атап өтті, себебі филолог тілдің құрылымы, əдеби норма, жəне оның стилистикалық ерекшелігі жайлы жетік біліп, мəдени тілде сөйлейді.