2017 жылдың 28 желтоқсанында «Ыбырай Алтынсарин - Қостанай жерінің көрнекті өкілі» студенттік интернет-жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың шарттары бойынша интербелсенді білім беру интернет-сайттарында туған жердің тарихы мен мәдениетін, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған жобаларды ұсынды. Байқауға 6 авторларық жоба қатысты. Байқау жұмыстары жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және конкурстық номинацияларына сәйкестігі.
2017 жылғы 28 желтоқсанда облыстың «ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы мен мәдениетінде Ыбырай Алтынсаринның феномені» атты оқушылар арасында ғылыми жобалар бойынша сырттай байқау қорытындысы шығарылды. Конкурсты Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және академиялық ұтқырлық кафедрасында Ы. Алтынсарин орталықтары өткізді.
25-желтоқсан жаңа жыл қарсаңында бейнелеу өнері және сызу мамандығының білімгерлері «Жанұя» отбасылық типтегі балалар үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Темірбекова Ж. «Бояулардағы көңіл » жеке көрмесін өткізді. Білімгерлер балаларға аквагрим бейнелік суреттерін салып, мәз мейрам қылды. «Айналайын!» әлеуметтік жобасының жетекшісі бейнелеу өнері және сызу мамандығы 1, 3 курстарының кураторы аға оқытушы Қасаболат А. Ж. балаларға арналған сыйлықтармен тәттілерді үлестірді. Мерекелік кештің соңы балалармен ұйымдастырылған ойынмен жалғасты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика кафедрасы жанындағы Ы.Алтынсарин атындағы орталық, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, 2017 жылдың 25 желтоқсанында облыстық Ы.Алтынсарин оқуларын өткізді. Байқаудың мақсаты жас ұрпаққа ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин мұраларын жеткізу және насихаттау және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру. Байқауға 6-11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсатына сай Ыбырай Алтынсарин шығараларын оқуға құштар облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған 32 оқушы бақ сынасты.
2017 жылы 22 желтоқсан күні ҚМПИ Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Рудный қаласының № 5 мектеп-гимназиясының оқушылары қонақта болды. 2- сынып оқушылары өздерінің мұғалімдері О.В. Отто және Т.В.Березийлердің жетекшілігімен жаратылыстану ғылымдары кафедрасы жанындағы палеонтологиялық мұражайға келіп, мұражай жәдігерлерімен танысты. Оқушылар кафедраның аға оқытушысы С.И.Курловты аса зор қызығушылықпен тыңдады. Мұражайдағы профессор Ю.В.Пережогиннің жетекшілігімен жинақталып, жүйеленген мұражай жәдігерлеріне қызығушылықпен қарап, өздерін қызықтырған туған өлкенің өсімдіктер және жануарлар әлемі, археологиялық табылған қазындылар туралы сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының геологиялық мұражайға экскурсиясы. 2017 жылдың 20 желтоқсанында «Геогракфия» мамандығының 1 курс студенттері «Қостанай-алтын бесігім»әлеуметтік жобасының 1-ші бөлімін жүзеге асыру тұрғысында А.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 8 «Б» сыныпе оқушыларына арнап геологиялық мұражайға экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияның мақсаты - оқушыларды Қостанай облысының тау жыныстары,минералдары және пайдалы қазбаларының әртүрлілігімен таныстыру.
ҚМПИ 2017 жылдың 20 желтоқсан күні «Оқыту үрдісіндегі рефлексиялық қызметтің әдістемесі» тақырыбы бойынша семинар-коучинг өтті, оны өткізгендер педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент Өтегенова Бибикуль Мазанқызы және аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі Хамзина Гүлшат Бақытжанқызы. Семинарға факультет декандары, бөлім жетекшілері, кафедра меңгерушілері, оқытушылар қатысты. Барлығы 50-ден аса адам болды.
Тәуелсіздік мерекесі мемлекетіміздің ең басты мерекесі. Бұл күні әрбір қазақстандық елдің басты жетістігі Тәуелсіздігімізге қалай қол жеткізгенімізді есіне алады. Әр жылы оны есіне алып қана қоймай, оны құндауға, қадірлеуге, мақтануға үйренеді. Желтоқсанның 15 күні сағат 15:00 де №1 Қостанай қаласы студенттер жатақханасында өткен «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты концерт дәл осы мерекеге арналды. Бұл мерекелік іс шара Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының жаратылыстану-математика факультетінің студенттерінің ұйымдастырылуымен өткізілді.
"От сердца к сердцу" қоғамдық бағдарламасының аясында 2017 жылдың 15 желтоқсанында 5B011800 "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының студентеттері Матершева А.И. кураторымен бірге «Костанай Зоо Пульс» қоғамдық бірлестігінде қайырымдылық акциясын өткізді. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы, РФ мен ҚР ветеринарлық ғалымдар кандидаты, ҚР доценті Машадиева В.В. мен төрағасының орынбасары, РФ ветеринарлық, ғалымдар докторы, ҚР профессоры Шагиахметов Ю.С. студенттерге орталықтың әрекеті, «Костанай Зоо Пульс» мекемесәнде өмір сүретін жануарлар туралы айтып берді.
2017 жылдың 14 желтоқсанында «БОПӘ» және «МДОТ» мамандықтарының 1-4 курс студенттері мен топ кураторлары (қазақ және орыс бөлімдері) қалалық Ы.Алтынсарин атындағы кітапхананың қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күніне ұйымдастырып өткізген ісшарасына қатысты. Ісшара мемлекетті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту негізіндегі атқарылып жатқан іс-әрекеттерді және қоғамдық құндылық қағидаларын түсіндіру мақсатында өтті. Ісшараны кітапханашы М.Ф. Тихонова «Я славлю тебя, мое Отечество, мой Казахстан» тақырыбындағы презентация түрінде жүргізді.