2017 ж. 6 желтоқсанда орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары Конвисарова Л. А., Коваль О. В. ұйымдастырылуымен "Сен жалғыз емессің " атты студенттік жоба аясында, "Серпін" мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты мен міндеттері-жастардың орыс поэзиясынына деген қызығушылығын арттыру, сауатты сөйлеу және оқу дағдыларын дамыту, әдеби және көркемдік талғамын тәрбиелеу, көпшілік алдында сөйлеу білу дағдыларын арттыру болып табылады. Студенттер сүйікті авторларының өлеңдерін зор ықыласпен оқып білдірді.
2017 жылдың 6 желтоқсанында қазақ-француз орталығының базасында «Nikolaustag» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға филология факультетінің шет тілдер кафедрасының неміс / француз тілдерін екінші шет тілі ретінде оқитын 1 және 3 курстан шамамен 20 студент және неміс тілін бірінші шет тілі ретінде оқитын филология факультінің шет тілдер кафедрасының 2 және 4 курс студенттері қатысады. Сондай-ақ, мерекелік бағдаррламаға шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары қатысты: Дощанова Б.М., Бурмагина Л.А., Жакебаева М.Г., Жанбуршинова Г.К. және филология магистрі Сухова А.В.
2017 ж. 6 желтоқсанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының 814 дәрісханасында 5B011300 - биология және 5B011600 – география мамандықтарының 2 және 3 курс студенттерінің арасында пәндік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – болашақ мамандарды дайындау сапасын анықтау, оқудың теориялық және практикалық процестерінде алған білім мен біліктілігін бекіту және тереңдету, шығармашылық өсуін ынталандыру, дайындау пофилі бойынша дарынды және талантты студенттерін анықтау, болашақ дарынды мұғалімдерін анықтау. Осы ісшараның модераторлары болып тағайындалған жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары - Ручкина Г.А., Баубекова Г.К., Божекенова Ж.Т., Рулёва М.М., Баймаганбетова Б.Б., Загорулько В.В. Олимпиадаға қатысқан 34 студент.
2017 жылдың 5 желтоқсанында «Бастауыш мектепте критериалды бағалау әдістемесі пәнін оқытудың маңыздылығы» тақырыбында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университеті,Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қатысумен онлайн режимінде республикалық семинар өтті. Онлайн семинарға Оқу-әдістемелік басқарманың бастығы Э.К.Наурызбаева, психология-педагогика факультетінің деканы Н.А.Айдналиева, оқытушылар, студенттер қатысты. Н.А.Айдналиева «Бастауыш мектепте критериалды бағалаудың маңыздылығы» - атты баяндамасында «Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. .
2017 жылдың 5 желтоқсанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындары арасында «Менің елім Қазақстан» атты брейн-ринг өткізілді. Біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт құрамасының атынан алты студент қатысты. Олар «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері Айдана Идрисова, Асем Бисекеева, Эльвира Махамбетова, Айдар Бидалов, Владимир Скеркс және команда капитаны - Әділ Қаратаев. Сұрақтар негізінен, облысымыздың тарихи өлкетануы мен ежелгі Қазақстан дәуірінен қойылды.
2017 жылдың 5 желтоқсанында КМПИ педагогика кафедрасы Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейімен бірлесе «Педагогикалық жоғары оқу орындарымен мектеп арасындағы әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі өзара ынтымақтастық» атты халықаралық онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты:түрлі ұйымдардың озық тәжірибе алмасу мақсатында кешенді әрекеттесу бағдарламасында білім беру тәсілдерін интеграциялау,сабақ беруде, оқытуда, бағалауда және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуде инновациялық процестерді ұғыну.
30 қарашада орыс тілі және әдебиеті кафедрасымен «Білім беру жүйесінің жемісті қызмет етуінің талабы ретінде студенттер мен оқытушылардың санасын модернизациялау» семинары өткізілді. Семинар мақсаты – студенттер мен оқытушылардың санасын модернизациялаудың жолдарын белгілеу. Семинарға қатысу үшін облыс пен қаланың мұғалімдері шақырылды. Семинар барысында мектептер мен жоғары оқу орындарында білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі, оны қазіргі заман талабына сай ету туралы оқытушылар мен мұғалімдердің мүдделі әңгімесі өтті.
2017 жылы 30 қарашада жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Саяхат» өлкетану клубы жоспарына сәйкес география магистрлері, оқытушылар Коваль В.В., Загорулько В.В, Жусупова А.У. жетекшілігімен «Современные топонимические переименования: плюсы и минусы» тақырыбындағы дискуссиялық-зияткерлік ойыны өткізілді. Дебатқа «География» мамандығының 1-4 курс студенттері: Печоркина Марина, Сарханов Владимир, Абатова Азиза; «Биология»: Гаджиева Севиль, Карпова Карина; «История»: Жанглыш Абылай қатысты.
2017 жылы 30 қарашада «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1-4 курс студенттеріне Тұңғыш Президент күніне арналған кураторлық сағаттар өткізіліп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі туралы фильм көрсетілді. Тұңғыш Президент күні мерекесінің басты мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында, қазіргі және болашақтағы елдің тұрақты дамуы үшін негіз қалаған Мемлекет Басшысының идеялары мен саясаты туралы қоғамды нығайту.
30 қараша куні сағат 11.30 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұнғыш Президент күніне арналған «100 нақты қадам» атты кураторлық тәрбие сағаты өтті. ӘГФ деканы және әлеуметтік тәрбие жұмысы басқармасының қолдауымен іс-шара ұйымдастырылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынын «Музыкалық білім» мамандығының 50 студент акт залында жиналды. ӘГФ факультеті өнер кафедрасының аға оқытушысы 4 курс кураторы Саятулекова Л.С. іс-шара басталғанда жиналған қауымның алдында сөз сөйледі. Содан кейін Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың күзінде облысымызда болған сапары бейнеленген видеофильм көрсетілді.