2017 жылдың 20 қарашасында «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке , Рухани жаңғыруға апарар жол» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығын ашылуы өткізілді. Апталықтың ашылуын аға оқытушы Г.А.Сейсембайдың ұйымдастыруымен 2 курс ҚТмӘ-16-11, ҚТмӘ-16-12 топтары жүзеге асырды. Апталықтың ашылуына арналған іс-шарада мамандық студенттеріне танымдық мәні бар ақпараттар берілді, патриоттық мазмұндағы көркем шығармалардың оқылды, қоғам назарын аударып отырған Елбасы мақаласының негізгі бағыттарымен таныстырылды.
2017 жылдың 21-ші мен 24-ші қараша жұлдызы аралығында Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары 5B011400 - Тарих мамандығының студенттік ерекшеліктері бойынша студенттік пәндік олимпиадасын ұйымдастырып өткізді. Мерекелік іс-шара кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттегі педагогикалық қызметтің жоғары деңгейдегі оқушылары мен студенттерінің білімдерін дамытуға бағытталған болашақ жас ұстаздардың шығармашылығымен ерекшеленеді. Олимпиада 2-ші турда өтті. 1 тур – азбаша жұмыс (эссе). Эссе тақырыбы: «Қазақстаннан тысқары ел мен ұлттық консолидация идеясы». 2 тур бойынша - Қазақстан тарихы және бүкіл әлем тарихы бойынша «Кәсіби- тарихшы» тестілеу өткізілді.
«Рухани жанғыру» бағдарлама және психология - педагогика факультетінің жоспары бойынша 2017 жылы 24 қараша айында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбы бойынша дөгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына арнайы шақырған қонағымыз Қазахстан тарихы кафедрасының тарих магистрі Абильмаликов Куаныш Кабдулаевич, психология - педагогика факультетінің деканның тәрбие жөніндегі орынбасары Алипбаева Гульжан Агибаевна және осы факультеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Бұл іс- әрекеттің модераторы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалгимбекова Алия Батырхановна болды. Алғы сөзбен психология - педагогика факультетінің деканның тәрбие жөніндегі орынбасары дөңгелек үстелдің жұмысын бастады.
24 қарашада Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының концерт залында Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай неміс елшілігінің бірінші Рождество концерті өтті. Көрермендер «Астана Опера» әншісі Евгений Чайников пен халықаралық байқаулардың лауреаты Елена Цветцихтың орындауындағы «Die Winterreise» атты Франц Шуберттің ән циклын тыңдады. Мерекелік іс-шараны алғы сөздерімен Қостанай облысының әкімінің орынбасары Жүндібаев Марат Қонысбайұлы және неміс елшісі Рольф Maфаэль ашты.
23-24 қарашада филология факультеті, шет тілдер кафедрасының аға оқутышысы Балжанова А.М басшылығымен, ағылшын тілі пәні бойынша "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 3 курс студенттері арасында студенттік олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңнен және тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым бойынша тапсырмалардан тұрды. Олимпиаданың мақсаты: деңгейін тексеру және студенттердің лексикалық, грамматикалық материал, оқу дағдысын және мазмұнын түсіну, сөйлеу, тыңдау, жазу білімінің беріктігін тексеру.
Оқушыларда шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделіп 2017 жылдың 24 қараша күні Русский язык и летература» мамандығының 1-курс студенттері мен шығармашыылқ жастардың өкілдері –Фотограф Вероника Преображенская және «Темір Түмен» тарихи қалпына келтіру ұйымының Қостанайдағы жетекшісі Михаил Гутамен кездесу өтті. Вероника Преображенская әлемдегі ең жақсы фотографтар тізіміне кіреді (www.deviantart.com ең үлкен дизайнерлік сайттың хабары бойынша). Сонымен қатар ол «Ең жақсы креативті блог» номинациясының жүлдегері.
24 қараша 2017 жылы ҚМПИ өнер кафедрасының аға оқытушысы Сапиев А.С. студенттерімен ҚМПИ студенттер үйінде «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша 2016 жылдың Қостанай облысының меценаттар клубының иегері, Қазақстан республикасының суретшілер одағының мүшесімен кездесу болды. Студенттер суретшінің өмірбаянымен және суреттерімен танысты. Студенттерге ерекше қызығушылық туғызған автордың тарихи жанрлық шығармашылық жұмысы. Абылай хан, Еділ қаған, Қоркыт ата, Қозы Корпеш және Баян Сұлу портреттері, бүркітші суреттерде бейнеленген.
2017 жылы 24 қараша күні 210 дәрісханасында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-3 курс студенттерінде пән олимпиадасы өтті. Бұл іс-шара мақсаты құқық және экономикадан білімдерді насихаттау. Олимпиаданың ұйымдастырушылары «Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері» кафедрасының меңгерушісі м.а. ф.ғ.к., доцент Амантаева А.Б., құқық магистрі, аға оқытушы Разуваева М.В., экономика магистрі, аға оқытушы Антаев Ж.Т. Іс-шара мемлекетіміздің негізгі заңының құрылымын білуге арналған тренинг, ҚР Конституциясы нормаларын білуге арналған тест, сәйкестендіру тапсырмалары және экономикалық есептерді шығаруға бағытталған.
2017 жылдың 23 қарашасында Жаратылыстану-математика факеультетінде ҚР ЖҚТБмен күресу Әлемдік Кампаниясының аясында «Денсаулық сақтау құқығы» атты семинар-тренингі өтті. Бұл іс-шара АҚТҚ / ЖҚТБ жастардың назарын аудару, білімдерін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен өткізіліп отыр. Денсаулық – адамның ең қымбат құндылығы, оны сақтау және жақсарту әрбір адамның өз қолында. Аталмыш іс-шараның шақырылған қонақтары студенттерге АҚТҚ мен ЖҚТБ берілу және таралу жолдары туралы, бұл аурулардың алдын алу мүмкіндіктері туралы баяндады.
2017 жылдың 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол» атты оқу-әдістемелік апталық барысында «Латын әліпбиі - жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау.