Жастар ортасында жиілеп кеткен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларына байланысты 2017 жылғы 27 қазан күні сағат 12.30-да шетел тілдері кафедрасының тәлімгерлерімен өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері мен олардың алдын алуға арналған іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен кездесуге Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Қостанай облыстық орталығының психолог-маманы Инна Кокандова шақырылды. Іс-шара әңгімелесу түрінде өтті.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 26 қазанда «Химия» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» болашаққа бағдары аясында «Химия руының жалғасы» атты кураторлық сағат өтті. Б.А. Бірімжанов «ХИМИЯ» ДЕГЕН ТЕК ҚАНА МАМАНДЫҚ ЕМЕС, ОЛ «РУ» деп айтатын. Бұл сөзді естіген химиктер өздерін бір-бірімен туыстай сезініп, туыстық, достық, бір-біріне жан ашырлық қарым- қатынастарын күшейте түсетін. Б.А.Бірімжановтың декандық кезінде С.М.Киров атындағы Қаз ҰУ-нің химия факультетін бітіріп, сол кісінің жетекшілігімен кандидаттық диссертацияларын қорғаған – бүгінгі күндегі зейнеткерлер Қ.Ғ.Ханапин, З.Е.Утиналар өз кезегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы химия кафедрасын қалыптастырып, дамытуға зор үлестерін қосса, сол университеттің химия факультетінің түлектері, химия ғылымдарының кандидаттары Б.М.Жумагалиева, Қ.А.Әбдіхалықова, Г.О.Таурбаева, химия магистрі Ә.Б.Нурушевалар бүгінгі күнде жаратылыстану ғылымдары кафедрасында еңбек етуде.
26 қазан күні сағат 15:00-де ҚМПИ-ның акт залында филология ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері М.Әуезовтің «Желісті байланыстыратын уақыт» кітабының тұсаукесері өтті. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты В.И. Жаркова кітаптың мәселелер жиынтығы мен тақырыптамалары ұсынылған, композициялық ерекшеліктері белгіленген және тәрбиелік маңыздылығы туралы баяндама дайындалған. Ол жазушының көркемдік әлемін құрастыру ретінде, рухани салаға ерекше назар аударды. Кездесу барысында жұмыс авторы В.И. Жаркованың баяндамасын жоғары бағалады және оған шығармашылық табыстар тіледі.
2017 жылдың 25 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Медиация және Халықтық Дипломатия мектебінде үшінші сабағы өтті, мұнда Смаглий Татьяна Ивановна шиеленістер формулалары, қақтығыстар, қақтығыстар жағдайлары, шиеленістер жағдайындағы мінез-құлық ережелері және қақтығыс жағдайларындағы типтік бұрмалаулар туралы әңгімелеп берді. Тренинг барысында тыңдаушылар «Автобуста», «Асханада», «Дүкенде», «Сабаққа кешігу»- 4 көріністі ойнап берді, содан кейін бәрі бірге талдады.
Көптілділік деген – объективті мәдени және экономикалық қажеттілік. Әлемдік қауымдастыққа кіріп жатқан біздің елімізде тілдерді үйреніп таратуға барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда тілдерді оқыту – білім беру жаңартудағы басым бағыты болып танылып отыр. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп айтылған. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңғырту қажеттіліктеріне сәйкес келетін заманауи білім беру жүйесі қажет.Тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру - біздің басты мақсатымыз. Көптілділік – болашаққа бағдарланған жол».
2017 жылдың 25 қазаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Студенттер үйінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында студенттердің қатынасуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынды Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары Елкей Н.Н., Тастекова Г.Б. ұйымдастырып, институттың Жобалау орталығының бастығы, т.ғ.к., доцент Г.З. Балғабаева, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов және студенттер қатынасты. Жиын барысында Г.З. Балғабаева, Ө.И. Исенов Бағдарламаның іске асырылуы және жастар арасында зор қолдауға ие болғандығы жөнінде өз пікірлерін білдірді.
2017 жылғы 25 қазанда ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында бірден екі жаңа бөлімшенің таныстыру рәсімі өткізілді: «Химиялық тәжірибені автоматтандыру және компьютерлендіру» тәжірибелік алаңы және «Химияны оқыту әдістемесінің мәселелерін зерттеу орталығы». Аталған мини-конференция отырысына «Химия» мамандығының 1-4 курс шәкірттері және оқытушылары қатысты. Бөлімшелердің негізгі мақсаттары кафедраның ғылыми-зерттеу әрекетінің педагогикалық және ғылыми бағыттарын дамыту және жалпы СҒЗЖ қарқындату болып табылады.
Осы оқу жылынан бастап дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде «Еріктілер қанаты» ашылады. Осы жобаның шеңберінде, 2017 жылдың 25 қазанында «ДШжС» мамандығының бірінші курс студенттері GREEN қоғамдық ұйымымен және Қостанай облысының ардагерлер Кеңесімен бірлесіп «Компьютер барлық жастағы адамдарға бағынады!» акциясын өткізді. Студенттер зейнеткерлерге әртүрлі танымал компьютерлік қосымшаларды қолдану дағдыларын үйретті! Бұл жоба бірнеше айға есептелген және студенттер үшін де, зейнеткерлер үшін де әлеуметтік маңыздылығы өте зор.
2017 жылы 21 қазанда дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде факультетіміздің 50 жылдық мерейтойына арналған «Анатомия, спорттық морфологиясының негіздері» атты зертханалық ашық сабақ өткізілді. Интеллектуалды ойын түрінде өткізілетін «Анатомиялық брейн-ринг», бірінші курс студенттеріне дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл ойын адамның ақыл-ой қабілетін, тез шешім қабылдауды, дұрыс және жылдам ойлау қабілетін дамытады. Ойынға 5 команда қатысты: «Скелетос», «Атлант», «Гелиос», «Адреналин», «Оптимисты».
2017 жылдың 20 қазаны күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайында Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің туған күніне байланысты «Ұмытылмас қоңырау сыңғыры» атты ұйымдастырылып өткізілген танымдық кешке психология және педагогика факультетінің аға оқытушысы Кушмурзина Даметкен Хажмухановна «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс кураторы ретінде студенттерімен бірге қатысып қайтты.
Студенттер онда «Ыбырай сазы» күйін тыңдап, Ы.Алтынсариннің «Баланың айласы» әңгімесіне қойылған оқушылардың қойылымынтамашалап, «Ы.Алтынсарин – педагог-ағартушы» тақырыбындағы танымдық фильмі арқылы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тағы да жан-жақты танысуларына зор мүмкіндік алды. Соңынан мұражай ішін аралап, қойылған мұрағаттармен танысып, келушілерге арналған тілек кітабына естелік жазыпкетті.