2017 жылдың 12 қазанында «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының үшінші курс студенттері орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының кураторы О.В. Ковальмен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарламалық мақаласын талқылау үшін «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбына кураторлық сағат өткізді. Студенттер баяндамалар мен бейнероликтер дайындады. Мемлекет басшысының мақалалары қарастырылды. Н.Назарбаев ұсынған жобалар жеке аспект боп бөлінді. Студенттер латын алфавитіне көшу уақыттың жаңа дәуіріне сай келетінін, сонымен бірге тілдің әлемдік мәдениетке жақындасуының алғашқы қадамы туралы талқылады.

2017 жылдың қыркүйек айының 12 мен 14 аралығында Ақтөбе қаласында 6-шы Республикалық «Ақ бидай» ауылдық ойындар турнирінде Қостанай облысының құрамасы асық атудан 1-ші орынды иеленді. Құрама жетекшісі ДШСжТ факультетінің жоғары санатты мұғалімі Какашев К.Т.  өткен турнирде Костанай облысының тоғызқұмалақ бойынша құрамасы 3-ші орынды иеленді.

9 - шы жазғы Универсиада студенттердің дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдануына бағытталған; тәрбиелік жұмысты күшейту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға; дене шынықтыру мен спортты әлемдік универсиадаға таныту, ондағы студенттін патриоттық сезімін айту ретінде ұйымдастырылады. ҚМПИ – 9 шы жазғы универсиадаға қазан айының 4-6 аралығында болды. Біздің студенттер жеңіл атлетика жарысына қатысты. Шибицкий Константин 800 м жарысында қола жүлдеге ие болса, 100 м жарысында Остапенко Андрей екінші орынға ие болды. Жалпы алғанда ҚМПИ жеңіл атлетика бойынша 4 орынға ие болды.

Облыс орталығында 2017 жылдың 4- қазанында Ы.Алтынсариннің қазақстандық ғылым ағартушысына арналған жеңіл атлетикадан турнир өтті. Бұл этникалық жеңіл атлетикадан өткен турнир Қостанай облысының спортшылары түрді жарыстарға қатысады және осы турнирге де қатысты.  Жеңіл атлетикалық жарыстың негізгі қашықтығы 2 км, 6 км және 20 км қашықтықта болды. 20 км қашықтықта ҚМПИ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері қатысты. Жарыстың басы Ы.Алтынсаринның кесенесінен бастау алды., ал финиш сызығын аттаған  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті, шаңғы  жарыстарына қатысушы, «ДШСжТ» факультетінің 3 курс студенті Башмаков Наиль болды

2017 жылдың 3 қазанында ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінде ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын талқылау кездесуі өткізілді. Қарастырылған мақаланың бағдарламасын жүзеге асыратын болашақ мамандар болғасын тыңдаушылардың көбісі бірінші курс студенттері болды. Талқылау барысында бірқатар қоғамдық-саяси мәселелер қозғалды. Мысалы, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық нақышты сақтау. Әсіресе білімге құштарлыққа ерекше назар аударылды.

Шалгимбекова Алия Батырхановна, ҚМПИ педагогика кафедрасының аға оқытушысы 2017 жылдың қыркүйек айында бейнелеу өнер мұғалімдерінің «Менің шығармашылық зертханам» облыстық шебер – сынып сырттай байқауында әділ - қазылар құрамында жұмыс атқарды. Бұл байқау екі сатыдан тұрды. Оған 30 астам мұғалімдер қатысты. Бұл сайыстың мақсаты бейнелеу өнер аймағындағы озат педагогикалық тәжірибе сабақтарды және үйірме сабақтарын анықтау барысында ұйымдастыру. Бұның нәтижесін мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру, облыс аймағында мұғалімдердің ортасында озат педагогикалық тәжірибелерді тарату және бейнелеу өнер мұғалімдерінің шебер – класс жиынтығын шығару болып табылады.

2017 жылдың қыркүйек айында шет тілдері кафедрасында Қостанай қаласының А.М.Горький атындағы гимнаиясымен бірлесіп «НЕМІС ТІЛІ САХНАДА» атты әлеуметтік жоба іске қосылды. Жоба жетекшісі шет тілдері кафедрасының профессоры Исмагулова Г.К. 2017 жылдың қарашасында театрлық труппаны Алматы Гете-Институтымен және республикалық неміс драма театрымен ұйымдастырылған «Deutsch auf der Bühne» атты жыл сайын Алматы қаласында өтетін театрлық фестиваліне қатысуға шақырды. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері Слободюк Александр, Войкин Александр, Омарова Асель, сонымен қатар Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «А.М.Горький атындағы гимназия» ММ оқушылары Кротов Алексей, Хлевная Анастасия және Анна Меркулова сахынада «Blaues Zimmer» пьесасын сомдады.

2017 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты негізінде «АСADEMICA-561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2- CBHE-JP» жобасының екінші Ұлттық іс-шарасы шеңберінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бойынша жаңғыртылған бағдарламаларды енгізу »тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның басында «Information and communication technologies» аудиториясы салтанатты түрде ашылып, «АКАДЕМИКА» жобасы қорының арқасында сатып алынған жабдықтардың тұсаукесері өтті.

Өнер кафедрасының бірінші курс кураторлары Қасаболат А. Ж., Жакаева К. А. , Архипова К.Г. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Біртұтас Ұлт болу үшін Елбасымыз айтқан сара жолда әрбір жүрегі «Елім», «Қазағым» деп соққан азамат өте жоғары жауапкершілікпен Мәңгілік ел болу жолында жүрегінің отымен, кеудесіндегі өр намыспен еңбек етіп, жемісін келер ұрпақ бағалайтындай өмір сүруі керектігі айтылып, «Рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу деп атап көрсеткендей, ұлттық кодымызды сақтау жолындағы басты құндылықтарымызды насихаттатуға, қорғап, қолдауға»,- бір кісідей жұмыла атсалысуымыз қажет деп Қасаболат А. Ж. Өз сөзінде атап өтті. Осы тұрғыда қолға алынып жатқан «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, қастерлеу керектігін бір ауыздан қолдауға тілек білдірді.

2017 жылдың 28 қыркүйек күні «Русский язык и летература» мамандығының студенттері белгілі Қазақстандық жазушы, И.Щеголихиннің шығармашылығына байланысты өткен оқырман конференциясына қатысты. Талқылауға «Творчество русскоязычных писателей Казахстана в контексте современного литературного процесса» проблемалық тобының мүшелері белсенділік танытты. Студенттер кездесу барысында автордың «Не желаю, не зову, не плачу» кітабымен танысты, Қостанайлық автрдың шығармашылығына пікірлер айтылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары