«Мен жанжалсыз қарым-қатынастарды қалай құруға болатынын білгім келеді», «Мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар туралы көбірек білгім келеді», «Маған психология ұнайды», «Өзін-өзі дамыту үшін медиация әдістерін үйренгім келеді» және т.б. дәл осындай тілектерді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының негізінде 2017 жылы 18 қазанда өткізілген екінші сабақта, Медиация мектебінің және Халық дипломатиясының тыңдаушылары мен қонақтары айтқан болатын.
Қазан айының 18 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында Ұлы қазақтың ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсаринның туған күніне арналған студенттерінің зерттеу жұмысына байқау өткізілді. Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
2017 жылдың 2-18 қазан аралығында Психология және педагогика факультетінің декан орынбасары Г.А. Алыпбаева салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында онкүндікті ұйымдастырып өткізді. Бұл күндері «Біз СӨС ұстанамыз» тақырыбына кураторлық сағаттар, кездесулер және тренингтер өткізілді. Негізгі іс-шаралардың бірі студенттердің ММ «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша Қостанай облыстық орталығы» өкілдерімен профилактика бөлімінің бастығы Наукенова Рабига Маданқызымен, осы орталықтың психологы Кокандова Инна Геннадьевнамен кездесулері болды.
Дене шынықтыру және туризм факультетінде Қазан айының 17-ші жұлдызында А-201 аудиториясында «Жұлдыз аспан» атты таланттар конурсы өтті. Ұйымдастырушы «Туризм» мамандығының 4- ші курс студенттері болды. Аталмыш конкурста 1-ші, 2-ші, 3-ші курс студенттері өнер көрсетті. Аталмыш конкурста 1-ші, 2-ші, 3-ші курс студенттері өнер көрсетті. Атап өтсек: Егізбай Алмас 1-ші курс. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы, вокал жанырында; Похилюк Александр 2-ші курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы, көркем сөз жанырында.
16 қазанда облыстық «Алау» телеарнасының «Көкейтесті сұхбат» атты бағдарламасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әбіхалықова Қалимаш Ахатқызымен кездесу өтті. «Мұғалімдер күні» қарсаңында институттың бірнеше ұстаздары Ы. Алтынсарин медалімен марапатталған болатын. Солардың бірі - осы институтта 40 жылдай қызмет атқарған – Қалимаш Ахатқызы. Сұхбат барысында журналист қазіргі кезеңде оқу-білім саласында болып жатқан өзгерістерге орай бірнеше көкейтесті сұрақтарға жауап алды.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Қайырова басқарған «Педагогика және психология» мамандығының студенттері үшін Қостанай облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығымен ынтымақтастығы жақсы дәстүрге айналды. Мәселен, 2017 жылдың 15 қазанында «Біз СӨС ұстанамыз» онкүндік аясында тағы да осы орталыққа қазақ бөлімінің «Педагогика және психология» мамандығының студенттері келді. Студенттер орталықтан келген балаларға қызықты қимылды ойындар, жаттығулар ұйымдастырды, олармен бірге ән айтып би биледі.
2017 жылдың 13 қазанында жаратылыстану-математикалық факультетінде «Фифи» бедвечерлер клубының ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Тырналар күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. «Биология» мамандығының студенттері экологиялық күнтізбенің осы бір тамаша мейрамымен танысып, тырналардың сирек кездесетін және жоғалу қауіпі бар түрлерімен танысты. Тырналар ғаламшарымызда өмір сүретін ең әсем құстардың бірі болып табылады.
Қазан айының 13-жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының конференц залында институттың «Рухани жаңғыру» бөлімі және филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы бірлесе отырып, «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудағы басты басымдықтардың бірі» атты дөңгелек үстел өткізді. Білім беру ұйымдарындағы "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асырудағы өткізіліп жатқан іс-шаралар тәрбие жұмысы үшін түрткі және негізгі себеп.
Бүгінгідей жаһандану заманында ағылшын тілінің маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарындаағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие болып отыр. Ағылшын тілін білу шәкірттерге ғылым мен техника саласында кәсіби табысқа қол жеткізуге және қажеттіліктерін қанағаттаныдуға мүмкіндік туғызады. Тиісті оқу бағдарламасының әзірленуі, шәкірттердің кәсіби тұрғыдаалған білім дағдыларын қолдануға ажәне өсіп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға негіз болады. оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге ағылшын тілін оқытудың бірізді тәсілін ұстануы қажет.
Екінші рет ашылып отырған Медиация мектебі және халықтық дипломатияға қызуғышылық танытып отырғандарды шақырамыз. Бұл жолы біз ЖОО студенттерімен қоса бірінші рет Қостанай қаласының мектеп оқушыларын шақырамыз. Дөңгелек үстел форматындағы 2017 жылдың 12 қазан аралығында Қазақстан Халық Ассамблеясы кафедрасында екінші жылдың ашылу салтанаты өтті.