Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімімен ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында 2017 жылдың 23 қарашасында Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гиназиясында «Шағын жинақталған мектепте кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалаушылық-зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға қатысуға «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері (қазақ бөлімі) шақырылды. Семинар жоспарына сәйкес жұмыс қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларыныңфункционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
2017 жылдың 23 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің Химия мамандығының шәкірттері мен оқытушыларымен Ұлт Көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» мақаласын талқылау іс-шарасы өткізілді. Қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Пікірталас барысында білім берудің гуманистік қызметі және технократия дәуірінің мүмкіндіктері жайында сөз қозғалды. Студенттер мен олардың тәлімгерлері білім беру жүйесінің жаңалықтарын белсенді талқылады.
Қазақстандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан, соның ішінде қазақтың танымал ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық және шығармашылық мұрасын зерттеп және дәріптеп жүрген филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы.Алтынсарин атындағы орталықтың маманы Серікбай Оспанұлы Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік ғылыми сыйлықтың иегері атанды. Серікбай Оспанұлы - белгілі қазақ ақыны, «Жер жүрегі», «Жарқын жастық», «Қоңыраугүл», «Айгүл»», «Алтын арқау», «Батыр туралы баллада» еңбектерінің және көптеген жинақтардың авторы.
2017 жылғы қараша айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және педагогика кафедрасының оқытушылары п. ғ. к. Шумейко Т.С., Шалгимбекова А.Б., п. ғ. к. Мнайдарова С.С «Біліктілігін арттыру барысында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» бағдарламасы бойнша облыстық біліктілікті арттыру курстарын "Көркем еңбек" пәні бойынша сабақ негізінде салынған кәсіби-бағытталған жағдайларды және қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үдерісі жағдайында тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде өткізіледі.
Британ кеңесі 2017 жылғы қарашада Қазақстан мен Қырғызстандағы ағылшын тілі пәнінің оқытушыларын даярлау саласындағы мұқтаждықтарын талдау жұмыс жобасына кірісіпті. Мәліметтерді жинастыру үшін базалық жоғару оқу орны ретінде екі елдің 26 университеті таңдалған еді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен шетел тілдер кафедрасы қатысушы тараптардың бірі болып жұмыс істеген. осы Институтта жобаны іске асыру үшін Кудрицкая Марина Ивановна конкурс негізінде Британ кеңесінің елшісі ретінде таңдалған еді.
2017 жылдың қараша айында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Патриотизм және жастардың рухани жаңғыруы «тақырыбында бірінші курс студенттермен шығарма сайысы өткізілді. Сайысқа 45 студент қатысты. Сайыстың мақсаты: 1.Патриотизм мәселесін қалай ашуға болады? 2.Патриоттық идеяның мүдделері мен көзқарастары әртүрлі болатын жастардың сана – сезіміне қалай жеткізуге болады ? 3.Патриотизм қазіргі түсініктемеде қандай принцип пен құндылықтарға сүйену керек?
2017 жылдың 17 қараша күні №18 орта мектеп қабырғасында «Зерде» атты республикалық ғылыми жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысының облыстық кезеңі болып өтті. Орыс тілі, әдебиеті, ағылшын тілі секциясының төрайымы ҚМПИ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Пчелкина Т.Р. болды. Жұмыс барысында көптілдік мәселесімен, қолданбалы түрдегі жұмыс туралы қызықты тақырыптар, шет тілдерді меңгеруге бағытталған әдістемелер атап өтілді. Амангелді ауданы, Б.Колдасбаев ат. Орта мектебінің 6 сынып оқушысы жоғары баллға ие болды.
Қарашада «Қазақстанның орыс тілді жазушылар шығармашылығы» мәселелі тобының отырысы болып отыр өтті. Үйірме жұмысында 1-2 курс студенттері белсенді атсалысты. Олар Қазақстанның аз зерттелген жазушыларының шығармашылығы туралы ақпарат іздеу бойынша жұмыстың алғашқы құсқаларымен таныстырды. Студенттер Швец А., Уманская А., Коновалова А. Сөз сөйлеулерін қызығушылықпен тыңдады.
Бірінші курс студенттерін болашақ кәсіби қызметіне дайындау жұмысы "Ровесник" педагогикалық отрядының жыл сайынғы дәстүріне айналған. Отрядтың мақсаты болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық кәсіби – құзыретілігін, белсенділігін қалыптастыруға, сондай-ақ оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайларына ықпал ететін шығармашылық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған. Бірінші курс студенттері берсенділікпен және қызығушылықпен жұмысқа кірісті.
2017 жылдың 15 қарашасында Гумилёв Л.Н. атындағы Еуразия ұлттық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Қауымдастығының V-ші отырысы өтті. Кездесуде ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер, магистранттар мен университет студенттері қатысты. Отырысты құттықтау сөзбен ЕҰУ ректоры, Гумилёв Л.Н. атындағы академик Сыдықов Е.Б.ашты, ол ғылыми- практикалық орталығы ретінде ҚХА кафедраларының маңыздылығын атап өтті. «Кафедраның ашылу идеясы ЕҰУ-дың қабырғасында Ғылыми кеңестің сессияларының бірінде, концеренц-залда пайда болды, бүгінде сол жерде ҚХА кафедраларының Республикалық Қауымдастығының V-ші отырысы өтіп жатыр.