2017 жылдың 14 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыпу аясында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байжанова Сауле Аскарбековна «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен «Отбасының тәрбиелік әлеуеті мен қызметі» тақырыбында дәріс сабағынан ашық сабақ өткізді.
Филология факультетінің «Орыс тілінде оқытпайтын орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі Калахова Гаухартас - туған факультетінің жиі қонағы. Ол Мендіғара ауданының, Введенская орта мектебінде оқу-ісінің меңгерушісі болып жұмыс істейді, орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ береді,кафедра аға оқытушыларына дұрыс кеңес алуға, идеялармен алмасуға және маңызды істер туралы ақылдасуға келіп тұрады. Бұл жолы да, өзінің бос уақытында туған институтына келді. 2017 жылдың 11 қарашасында «Орыс тілі» мамандығының түлектерінің кездесуі өтті.
Спорт және туризм, дене шынықтыру факультетінде де барлық басқа педагогикалық мамандықтар ретінде «Мұғалімнің кәсіби бағдары» пәні жүргізіледі. Бұл пәннің мақсаты студенттерді жаңа әдістемелермен таныстыру, мектепте оқу сабақтарын жүргізуде, жаңа тәсілдермен өткізу және ұйымдастыру, сондай – ақ жаттығу үдерісін ұйымдастыру. Бұл пән 4-ші курста оқытылады, сабақты орыс бөлімінде дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Ковш Наталья Алексеевна жүргізеді. Аға оқытушысының сабақтары әрдайым шығармашылық және қызықты түрде өтеді, студенттер білім беру процесінің белсенді қатысушылары болып табылады.
Жаратылыстану кафедрасында 2017 жылдың 10 қазан күні «Мұғалімдерді кәсіби бағдарлау» пәні бойынша «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында ашық дәріс сабағы аға оқытушымен Баубекова Г.К. өтті. Ашық дәріс сабағына жаратылыстану кафедрасының Кожмухаметова А.С., Суюндикова Ж.Т., Баймаганбетова К.Т. мұғалімдері қатысты. Дәріс оқу барысында лектор жаңа әдістерді қолданды (диолог, әңгімелесу, ізденіс жұмыстары, жаңа технологиялық әдістерді сыни тұрғыдан ойлау). Дәріс сабақтың мақсаты – негізгі теориялық ережелерді меңгеру, қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі бағалау түрлері, оқыту шеңберіндегі модуль бойынша бағалау критерийін жасай білу.
Қазіргі Қазақстандағы рухани жаңаруды нығайту және дамыту бұл біртұтас нығайту қағидаты болып табылады. Басты басымдық үшін - патриоттық рух, жаңару рухы, дәлелділік пен жеңіс болу керек. Мемлекет басшысы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында еліміздің саяси бағытын тұжырымдамалық түрде баяндап, білім саласындағы, оның ішінде жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу саласындағы басым міндеттердің ауқымын батылдықпен таныстырды. Бүгінгі мәселені шешу көпұлтты және көпконфессионалдық мемлекеттің табыстылығының негізі болып табылады.
2017 жылдың 8 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасында Медиация және Халықтық Дипломатия мектебінде «Қуыршақ» тренингінде өзін таныстырудан сабақ басталды. Бұл сабақ әдеттегідей тренинг түрінде өтті және «Медиация құралдарының жинағы» тақырыбына арналды. Психология кафедрасының аға оқытушысы Бисембаева Әсем Құмарқызы жаттықтырушы ретінде сөз сөйледі. Сабақ барысында студенттер «Ағын», «Газетте тұрып ұстаңыздар», «Екі бас» жарыстарын өткізді. Бұл ойындар топта және қақтығыс жағдайында әрбір адамның мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік берді.
2017 жылдың 8 қарашасында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының үшінші курс студенттері Островский Н. атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Қазақстан-Ресей: шекарасыз оқу» халықаралық он-лайн конференциясына қатысты. Екі елдің мәдениеті туралы әңгімелесушілері,ақылдасушылары кітапхана қызметкерлері болды, ҚМПИ Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ,ф.ғ.к. Пчелкина Т.Р., Қоғам қайраткері және Ресей Жазушылар одағының мүшесі Алферов А.Н. (Мәскеу қ.), студенттер. Іс-шара барысында екі елдің мәдениаралық кеңістігін кеңейтуге байланысты оң үрдістері атап өтілді.
Қостанай қаласында орналасқан «СевКазнедра» АД геологиялық мұражайымен ҚМПИ Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ынтымақтастық келісім шарт негізінде география мамандығы 1-курс студенттері 2017 жылы 6 қарашада «Саяхат» клубы жұмысының жоспарына сәйкес оқытушылар, география магистрлері А.У.Жусупова және Б.Б.Баймаганбетова жетекшілігімен және клуб активтері география мамандығы 3-курс студенттерімен экскурсияға барды. Экскурсияның мақсаты - Қостанай облысының пайдалы қазбалары мен тау жыныстары,минералдарының әр түрлігімен студенттерді таныстыру.
Институтта ең тұрақты ұжымның бірі - дене шынықтыру,спорт және туризм факультеті болып табылады. Виктор Михайлович Ряскин - факультеттің бұрынғы адамы боп есептеледі,ол 6 қарашада өзінің 70-жылдық мерейтойын атап өтті! Виктор Михайлович Ряскин – баскетболдан бапкер, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын аяқтағаннан бері 1971 жылдан бастап Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жұмыс істейді.Ұзақ уақыт бойы мұғалім болып жұмыс істеді,1992 жылдан 2000 жылға дейін спорттық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды.
Жаратылыстау-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 2017 жылдың 6-шы қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазіргі кездегі білім беру және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімділік» атты дөңгелек стол іс-шарасы өткізілді. Мақсаты – жаратылыстану пәндері бойынша орта білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша кейбір сұрақтарды талдау. Міндеттері – кафедра оқытушылары мен жоғары курс студенттерінің жаңартылған бағдарламаны талдау жұмысын ұйымдастыру, мектептің химия сабақтарында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту әдістерін саралап, өз пікірлерімен бөлісу.