2018 жылдың 2 наурызында Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Ілияс әлемі» дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин өмірлері мен әдеби мұраларын насихаттау мақсатында әртүрлі номинациялар бойынша байқаулар ұйымдастырылды. Фестивальге қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сейсембайдың жетекшілігімен барған студенттер жүлделі орындармен оралды.
2018 жылдың 2 наурызында дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінде «Талантливый учитель – одаренным детям» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткен болатын. Олимпиаданын мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық қабілеті мен өзін – өзі дамытуы үшін жағдайлар жасау. Жас педагогтар өздерінің педагогикалық жобаларын ұсынып, өзін – өзі таныстырды, сонымен қатар педагогикалық тәжірибесі бар портфолионы ұсынды.
2018 жылдың 2-наурызында психология және педагогика факультетінде Алипбаева Г.А және Саламатова А.Б жетекшілігімен Қазақстан Республикасындағы «1-наурыз - Алғыс айту күні» атты тақырыптық мерекелік кеші өткен болатын. Іс – шараға факультетін оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс – шараның негізгі мақсатына, Қазақстан Республикасында алғыс айту күнінің пайда болуы жайында, көпұлтты Қазақстанның ортақ тарих негізінде дамуы мен бірлігін сақтау жайында, бірге өткізген қиындықтардың құрметіне арналған қазақтар мен өзге ұлттардың бір – бірін қолдауы мен татулығын сақтау жайында мәілімет беру жатады.
Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс берушілермен байланыс бойынша 2018 жылы 01 наурызда Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдері 3 курс студенттеріне тәжірибе алмасу мақсатында коучинг өткізді. Коучингті Қостанай қаласы № 8 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салыкова Әсел Дарияновна №1 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимова Эльмира Ерсалимовна және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері өткізді.
2018 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы аясында қалалық мектеп оқушыларының интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыс 1 наурыз – Алғыс айту күні, Рухани жаңғыру бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы мерекесіне арналды. Аталған сайысты кафедра оқытушылары Елкей Н.Н., Дастан Мұратұлы ұйымдастырды. Интеллектуалды ойынды тамашалауға оқу-әдістемелік бөлімінен маман-әдіскерлер шақырылды. Ойынға үш топ қатысты – «Алғырлар» №15 орта мектебінен, «Достық» №115 орта мектебінен, «Алтын қанат – Ақ Орда» №17 орта мектебінен.
1 наурыз 2018 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Өнер» кафедрасының аға оқытушы Ордашева М.Ж. «Алғыс куніне» арналған көрмесінің ашылуы болды. Көрмеде 10-нан астам түрлі жанрда орындалған көрме ұсынылды. Картиналар көрмесі негіз қалыптасты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ӘГФ деканы Шахаман З.Б. салтанатты шара барысында көрменің ашылуына сөз сөйледі. Ол тарихи мереке суретіне тоқталды. «Өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері өздерінің әсерлерімен бөлісті.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 наурыз күні «Мейірімділік - асыл қасиет» деген тақырыпта кеш өткізілді. Кеш барысында алғыс айту күніне орай студенттердің арнайы қойылымы көрсетілді. Қойылым барысында, студенттер өз өнерлері арқылы мейірімділік пен адам бойындағы ізгі қасиеттерді дәріптеді. Студенттер атынан 3 курс студенті Жарбосина Махаббат Наурызбайқызы өзінің мақамды жырларымен ұстаздардың жүрегін елжіретті. Актер студентіміз Даулетхан Айбарыс өз шығармашылығынан жыр шумақтарын ұсынды.
2018 жылдың 1 наурызы күні - «Алғыс айту» мерекесіне орай Педагогика және психология факультетінің педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен ««Нұрлы жол»-Мәңгілік елдің жолы!» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында, «Шын жүректен» акциясы Педагогика және психология факультетінің оқытушыларына студенттер атынан әлем халықтары тілдерінде «РАХМЕТ!» сөзін кабинеттерге ілді. «Алғыс айтам баршаңа!» жылы лебіздер жазылған ашық хаттар таратылды. Жәрмеңкеде оқытушылар мен студенттер қолынан жасалған тағамдар сатылды.
Ы. Алтынсарин атындағы орталығы мен педагогика кафедрасы студенттер арасында Ыбраи Алтынсарин атындағы орталықтың үздік эмблемасы үшін конкурс жариялады. Байқаудың мақсаты Орталықты символы ретінде ары қарай пайдалану үшін эмблеманы жасау болды. Конкурстық жұмыстар белгілі бір талаптарды қанағаттандыруға тиіс: әртүрлі материалдар мен әдістерде оны әрі қарай енгізуді ескере отырып, кез-келген графикалық компьютерлік редакторды пайдаланып сызба түрінде жеке немесе топтық дизайн. «Ыбрай Алтынсарин орталығы» деген жазу эмблемада міндетті болып табылады.
2018 жылғы 1 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1-қабатында Алғыс айту күніне сәйкестендірілген студенттердің және оқытушылардың салтанатты жиналысы өтті. Бұл мереке қазақ халқының ертеден келе жатқан қонақжайлылық, мейірімділік, жанашырлық және қайырымыдылық сияқты дәстүрлеріне негізделген. Қатарынан 8 жыл бойы жаратылыстану-математика факультетінде қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп келеді. Биыл да бұл игі іс жалғасын тапты.