Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық дәріс өткізу аясында Қостанай облысы 2018 жылы 11 қазанда Қазақстан Халық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Қонақтарың алдында Қостанай облысы Ғылыми Сараптамалық Топтың төрағасы А.Б Бекмағамбетов сөз сөйледі, ол облыстық Ғылыми Сараптамалық Топ жұмысы және «Қазақтану» жобасының маңыздылығы туралы, О.Н. Евдокимова, ҚМПУ Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының меңгерушісі жастар санасын рухани жаңғырту және патриотизм бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясындағы Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының қызметі туралы айтып берді.

2018 жылдың 11 қазанында шетел тілдері кафедрасы Kundelik.kz электрондық журналдар мен күнделіктерінің бірыңғай жүйесі бойынша тренинг ұйымдастырды. Тренингке 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011800 - «Орыс тілі және әдебиеті», 5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының 3-4 курс студенттері қатысты. М. Қозыбаев атындағы №23-ші орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі - Ажиниязова Жанна Мұратқызыспикер ретіндеқатысты.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының оқытушылары Демисенова Ш.С., Бисембаева А.К., Молдахметова Г.М., Григорова Ю.Б., Калиниченко О.В., Қостанай облысының білім беру әкімшілік Басқармасының республикалық ғылыми-практикалық «Қостанай Дарыны» орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген, білім беру мекемелерінің психологтар арасында "Ең үздік психолог - 2018" сайысында қазылар алқасы ретінде қатысты.

16 қазан күні Л. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен өлкемізден шыққан ақын, азапты айдауда болған алашордашылардың бірі – Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жыл толуына арналған «Көкірегі алтын көмбе – Файзолла Сатыбалдыұлы» атты портрет – кеш өтті. Кешке Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспанов, ҚР ұлттық қауіпсіздік ардагері, полковник, Сатыбалды ишанның шөбересі – Рамазан Зияуйтденов, Файзолла Сатыбалдыұлының ұрпақтары, ҚМПУ профессоры Өтеген Исенов және 3 курс «тарих» мамандығының студенттері қатысты.

Ұстаз – ұлағатты есім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаз еңбегін елемеу – қасиетсіздік. Қазақстанда бұл мереке қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Филология факультетінде де бұл мереке елеусіз қалған жоқ. Қазан айының 5-күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.

2018 жылғы 4 қазанда «Қазақстан» РТРК АҚ «Qostanai’» тікелей эфирінің қонақтары физика-математика пәндері кафедрасының меңгерушісі м.а. аға оқытушы Оксана Станиславовна Телегина және кафедраның аға оқытушысы Алмагуль Газезовна Қосжанова болды. Кездесу алғашқы жасанды Жер серігі – «ПС-1» ұшырылуына арналды. 1957 жылдың 4 қазанында болған бұл оқиға біздің облыс тұрғындарының өмірін өзгертті. «Байқоңыр» ғарыш аймағынан «ПС-1» жерсерігінің ұшырылуына, оның өмірге әсері, ХҒС (Халықаралық ғарыш станциясы) бортында ғарышкерлерімен өткізілетін эксперименттерге қатысты қызықты әңгіме болды.

Физика-математика пәндер кафедрасы қауымдастырылған профессорларын, п. ғ. к. Демина Надежда Федоровна және ф.-м. ғ. к. Демисенов Берік Нұртазыұлын Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР БҒМ Министрі Е.Сағадиевтен Құрмет грамоталарымен табыс етуімен құттықтайды. Кафедра ұжымы өз әріптестеріне ғылыми, шығармашылық және педагогикалық қызметіне табыс тілейді.

Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен қарашаның үші күні көрнекті ақын, жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық рухани құндылық: Қазіргі замандағы көркем сөздің жан дүниені жанартудағы ықпалы» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция мақсаты Қ.Жармағанбетовтың әдеби-зерттеу туындыларының, көркем мұраларының жан дүниені жаңартудағы ықпалын таныту.

2018 жылдың 1 қазанында гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің студенттік инновациялық жобаларының сайысы «Smart team-great dream» өтті. «Тарих» мамандығының 4-курс студенттерінің қатысуымен ӘГФ-ның 17 студенті қатысты. Қазылар алқасының мүшелері: ӘГФ деканы, т.ғ.к. Шахаман З.Б., Doctor PhD Байдалы Р.Ж., декан орынбасары Әбенов Д.Е. декан орынбасары Ордашева М.Ж, т.ғ.к. Бекмағамбетова М.Ж. Осы байқаудың жеңімпазы «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының бірінші курс студенті Испулов Асхат ие болды. Оның жобасының тақырыбы - «Электронды журнал» KOP-KEM».

2018 жылдың 1 қазанында Бёдвочерлер клубы «Фифи» ҚМПУ АҚ/ ЭБМ ҒЗО Наурзум қолдауымен жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылатын Тырналар күні мерекесін өткізді. Бұл шараға жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «Биология», «География» мамандығының 1,2 курс студенттері және жоғарғы курстарда оқитын клубтың мүшелері белсенді қатысты. Іс-шараның сыйлы қонақтары болған: тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Тауекелов Ч.А.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары