2018 жылдың 20-шы қараша күні Американдық бұрыштама филология факультетінің шет тілдер кафедрасының оқытушыларымен бірге 2 және 3 курс студенттері арасында «Spelling Bee» байқауын өткізді. Байқаудың негізгі ережесі сөздерді әріптеп дұрыс айту. Студентке кез-келген бір сөз беріледі, сол сөзді студент әріптеп, дұрыс айтуы керек. Студенттің қателесуге немесе өз қатесін түзетуге құқығы жоқ. Бірақ байқау барысында сөзді қайталап айтуын, сөздің анықтамасын, осы сөзбен берілген сөйлемді немесе аудармасын сұрауға мүмкіндігі бар.
МПУ–дың жаратылыстану-математика факультеті, информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық білім бері магистрі Айтбенова Аян Алтаевна мен информатика мамандығының түлегі Зиятов Ақбар«Android жүйесінде оқыту қосымшасын дайындау» атты жобасымен «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсына» қатысып, қорытынды кезеңге өтті.
19 қарашадан бастап Дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінде «Спорт ЖҚТБ-ға қарсы күрес» Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне орайластырылған постер байқауы өткізілді. Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні - Халықаралық БҰҰ күні, 1 желтоқсанда тойлайды. ДДҰ алғаш рет 1988 жылы жарияланды, ал 1996 жылдан бастап оны ЮНЭЙДС жүргізеді. АИТВ-ның таралуынан туындаған ЖҚТБ індеті туралы, сондай-ақ осы аурудың құрбандарын еске алу күні ретінде хабардар болу үшін күн жариялады.
Thinkathon «Цифирлы жүйедегі» Қазақстан-бұл еліміздің барлық жерінде өтіп жатқан ісшара. Оған әр командаға 5-7 адамнан бөлініп қана қоймай қаланы сандық жүйеге келтіру тапсырмасын орындауда өз шешімдерін ұсынды. Қаламызда алғаш рет өткізілген бұл ісшараға студенттер мен «Атамекен» палатасының мүшелері қатысуға ниет білдірген білімді жастардан құралған 11 команда қатысты. ҚМПУ-дың атынан факультетімізден бірден екі құрама қатысты. Бірінші курс студенттерінен құралған «Астра» құрамасы атынан «Тарих» мамандығының студенттері Айнұр Ермағамбетова, Анна Сероус, Владислав Николаенко, Дамир Төлегенов, Арғымбай Темірлан және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығынан 1 курс студенттері Абдрахманова Дилара, Есболов Асхат және «Музыка» мамандығынан Қуанышбек Балауса сынға түсті.
2018 жылғы 9 қарашада, сағат 14.30-да, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсаттағы «Әділдікті ту еткен ұстаз» әдеби сазды кеші өтті. Кештің қонақтары Рудный қалалық сотынан Ержанов Сайлаухан Әділханұлы, №115 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Молдабеков Жасұлан Мұхтарұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құқық пәнінің оқытушысы Молдахметов Нұрсұлтан Бауыржанұлы болды.
16 қараша күні университетте студенттердің белсенді өмірін қалыптастыруға мотивация беру және өздеріне деген сенімділігін арттыру мақсатында «Мотивация және сенімділік» атты тренинг өткізілді. Іс-шараны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызының жетекшілігімен ««NEWdem» студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру» студенттік жобасы ұйымдастырды. Мотивациялық тренинг студенттердің уақытын тиімді басқару, жетістікке жетудің жеті жолы, өз ісін жоспарлауға бағытталды.
2018 жылдың 16 қараша күні филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушылары мен мамандық студентері Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттің кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD) Жундибаева Арай Қанапияқызымен кездесті. Кездесудің мақсаты озық ойлы ғұлама, ақын, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай ақынның әдеби-философиялық мұраларымен таныстыру және академиялық ұтқырлық туралы ақпарат беру.
5 мен 16 қараша 2018 ж. психологиялық- педагогикалық факультетінде "Педагогика және психология", "Психология", пәндерінен 2-3 курс студенттер арасында психология бойынша , олимпиаданың жоғары оқу орнының кезеңі өтті. Кезеңнің мәні теориялық және практикалық бағыттылығы бар психология бойынша тапсырмаларды орындауда болды. Студенттер психологиялық цикл пәндері бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беруі, сондай-ақ ұсынылған психологиялық жағдайларды шешу жолдарын негіздеу арқылы шешу керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2018 жылдың 14 қарашасы күні сағат 11.00-де өткізілген жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасына Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері қатысты.
Жақында Рухани Жаңғыру – «Мәңгілік елім» атты жобасын іске асыру аясында, облыстық Достық үйінде зияткерлік ойын өтті. Бұл ойынның мақсаты - Қазақстан Республикасының өткен тарихын білуде студенттердің қызығушылығын оятып, еліміздің тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін еске түсіріп, студенттердің интеллектуалдық ой-өрісін кеңейтіп, оларды толеранттылық пен патриоттықсезімге баулу. Ойынға Қостанайқаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінен құралған құрамалар қатысты.