Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау жұмыстары Қостанайда жалғасуда. Жолдауды талқылауға университетіміздің оқытушылары да үлес қосып жүр, соның бірі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы.
2018 жылғы 18 қазанда педагогикалық пәндер циклін оқу аясында 5В010200 – "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 4 курс студенттері үшін сабақ тақырыбын ескере отырып, "мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасының меңгерушісі п.ғ. к. Е. Д. Ли мен аға оқытушы Ш. Е. Жандауова Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" базасында сабақ ұйымдастырды.
2018 жылдың 18 қазанында филология факультетінің студенттері «Тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау «Yмiт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мен «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-сі мен бірлесе өткізген «Жастар ортасында, жас отбасын қолдауға, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар комплексін өткізу» жобасын жүзеге асырудың қоғамдық тыңдалымына қатысты.
2018 жылдың 16 қазанында «Рухани жаңғыру» аясында ұлыларды ұлықтау мақсатында және де қазақ халқының әйгілі қаһарманы, жырау, күйші, батыр, қолбасшы Қожаберген Толыбайұлының туғанына 355 жыл толуына орай, Петропавл қаласында атақты жырауға арнап ескерткіштің салтанатты ашылуы қарсаңында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қожаберген жырау - Тәуелсіздіктің, Қазақ мемлекетінің және халық бірлігінің символы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Конференция барысында ҚР БҒМ ҒК «Мемлекет тарихы» институтының директоры, профессор Бүркiтбай Аяған,...
2018 жылдың 13 қазанында «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері, куратор Р. А. Сатыбалдинаның жетекшілігімен Ы. Алтынсарин Қостанай облыстық мемориалды мұражайына барды. Мақсаты: Қазақстандағы білім беруді дамытуға зор үлес қосқан біздің өңіріміздің халықтарының тарихымен танысу. Экскурсия барысында бірінші курс студенттерінің Ы. Алтынсарин қазақ педагогы мен ағартушысының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелері үлкен қызығушылық тудырды.
2018 жылдың 12 қазанында психология және педагогика факультетінің барлық мамандықтарының 1 курс студенттеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіруге арналған «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі жобаларымен таныстыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеу және ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері Егизекова Диана, Дьякова Наталья, Атабаев Бахит, Нурбаева Нургуль «Рухани Жаңғыру»: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Қостанай облысының киелі жерлері географиясы», «100 жаңа есім» бағдарламасы туралы ақпараттарды баяндап, белсенділік танытты.
2018 жылыдың 12 қазанында ҚМПУ-да өлкетану клубының бірінші отырысы өтті. Клубтың қызметі "Туризм", "тарих" мамандықтарының студенттерін, сондай-ақ Қостанай педагогикалық колледжінің 2 курс қатысушыларын да қызықтырды. Бірінші отырысқа барлығы 20 студент және оқытушылар қатысты. Олардың ішінде Қостанай педагогикалық колледжінің шет тілі кафедрасының оқытушысы Шағатаева Зауреш Жарасбаевна, дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Гурская Ирина Федоровна қатысты. Клуб мүшелері өз басшысын сайлады.
2018 жылдың 5 қазанынан 12 қазанына дейін ҚМПУ-дің «Музыкалық білім» бағдарламасының студенттері хоры (жетекшісі п.ғ.к. Жақаева С.А.) Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында Астанада қаласында өтетін «Астана - Әлем Әлемі» халықаралық хор топтарының фестиваліне қатысты. Университеттің студенттік хоры осы фестивальдің концерттік бағдарламасына қатысуға шақыру алды. Концерттік бағдарлама қазақ және шетел классиктерінің еңбектерінен тұрады.
«Менің өлкем балалық шақтан жалғыз жұмақ» атты ақын Чумакова Зинаида Супьяновнаның шығармашылық кеші
2018 жылдың 12 қазанында Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқының Ассамблеясы кафедрасында қоғамдық келісім және жалпыұлттық бәрлікті қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық лектория аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты және Константин Симонов атындағы алтын медальдің иегері, Әдебиет сыйлығының лауреаты және Гавриил Державин атындағы орденнің иегері, 10 өлең мен прозаның авторы Чумакова Зинаида Супьяновна.
Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2018 жылғы 12 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбында өткізілген ақпараттық-насихаттау шарасына қатысты.