2019 жаңа жылдың 12 қыркүйегінде Француз-мәдени орталығында оқу жылының басталуына арналған мереке өтті. Іс-шараға: француз тілінде сөйлейтін «Тобол» клубының қақбашысының жұбайы Лу Кассай, «Тобол» футбол клубының шабуылшысының жұбайы Фатим Сенин, ҚМПУ, ЧелГу студенттері мен оқытушылары, мектеп оқушылары мен тілдік курстың студенттері қатысты. Мерекенің мақсаты – орталықпен танысу және жаңа оқу жылына арналған жоспарларды талқылау болатын.
2019 жылдың 12 қыркүйегінде Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы қоғаммен және жастармен «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында диалог алаңы форматында кездесу өткізді. Кездесуде жаңғырудың табыстылығының маңызды алғышарты болуы мүмкін ғылыми зерттеулерге баса назар аударылды.
2019 жылдың 10 қыркүйегінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латыннегізді қазақ әліпбиінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Іс-шараға барлығы 106 студент тартылды.
Жаратылыстану-математика факультеті «География» мамандығының 3 курс студенттері педагогика магистрі Баубекова Г. К., география магистрі Коваль В. В. жетекшілігімен Қостанай қаласының 140 жылдық мерейтойына арналған «Алтын аймақ – Қостанай» шығармашылық байқауына қатысты. Үш номинация бойынша ұсынылған 22 шығармашылық жұмыстардың ішінде студенттер Мельник Никита, Мусина Аделя, Митрофаненко Юлия бейнероликтер номинациясы бойынша І орынға ие болды. Байқаудың қорытындысы 2019 жылдың 16 тамызында ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл саябағында өткізілді және жеңімпаздарға дипломдар тапсырылды.
2019 жылығы 17 маусымнан 25 маусым аралықғында филология факультетінде Көптілділік орталығында жазғы тіл мектебі жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберінде ҚМПУ 30 оқытушысы және қызметкерлері ағылшын тілінен деңгейін тілдік ортада арттыра алды. Күн сайын сабақтар компьютерлік технологияларды және оқытудың инновациялық әдісін пайдаланумен өтті. Мектеп бағдарламасы әртүрлі болып, тілді пысықтаумен мамандық дағдыны қалыптастыру, ой - өрісін кеңейтуге, сол сияқты ағылшын тілді елдер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.
2019 жылғы 26 маусымда Қостанай облыстық филармониясында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік пен келісім - әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жол" атты XXVII сессиясы өтті. Сессияны Қостанай облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Архимед Бегежағұлы Мұхамбетов ашты. Облыс әкімінің айтуынша, 102-ден астам этнос біздің облыста тұрады. Мемлекет пен Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында осы халықтардың барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.
2019 жылы 25 маусымда облыстық Достық үйі төртінші рет "Достық үйіндегі түн" өткізді. Осындай жағдай үшін этномәдени орталықтардың барлық кабинеттері интерьерін толықтай өзгертті және танымал телевизиялық бағдарламалар студиясына көбірек ұқсады. Мұнда "Кешке кездесу","Жақсы өмір сүру", "Сәнді үкім", "Кім миллионер болғысы келеді", "Ойна, гармонь " және т. б. болды. Достық үйінің алдындағы алаңда "үлкен жарыс" ұйымдастырылды, ал ішкі аулада Достық үйінің әртістері дайындаған концерт өтті.
2019 жылғы 21 маусымда ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында "Инфинити" даму орталығы " қоғамдық бірлестігі "Медиация жастар арасындағы бірлікті нығайту факторы ретінде" атты семинар өткізді. Семинар ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының курсанттары үшін ұйымдастырылды. Бұл әлеуметтік жоба Елбасы Н. Назарбаев жариялаған Жастар жылы және "Рухани жаңғыру"бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Сабақты запастағы подполковник Сиырбаев Алтай Мұхтарұлы өткізді.
Студенттік жылдар – бұл тамаша уақыт, жастықтын белгісі, мамандығын табысты бастамалар үшін шексіз мүмкіндіктері бар мезгіл. Әсіресе студенттік жылдар жаңа материалды менгеруге және білім шекараларын жанжақты байтуға маңызы жоғары уақыт. Осындай басымдылық көптеген студенттерде байқалады әсіресе 58011200-химия мамандығы бойынша бірқатар мотивацияланған студенттер өз ерекшеліктерін білдірудің барлық мүмкіндіктерін көрсете алады. Өткен оқу жылы өте жемісті болды. Студенттер Жалпы Қазақстандық «Студио3» пәндік олимпиаданың жеңімпаздары, онда Ережепов Ержан (3 курс) 1 дәрежелі, Молдашаева Жанель және Чапаксин Иван (3 курс.) 2 дәрежелі, Махмутова Гаухар (2 курс) 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
2019 жылдың 24-26 сәуірі аралығында И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінде педагогика және психология Институтында «Кіші мектеп жасындағы оқушы қазіргі заманауи ақпараттық кеңістігінде» атты бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша қашықтықтан Жалпы ресейлік студенттік олимпиада (халықаралық қатысуымен) өтті. Олимпиаданың мақсаты талантты, шығармашылықпен ойлай білетін студенттерді анықтау, олардың кәсіби-тұлғалық және шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ету, білімалушылардың оқу және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын белсендіру болып табылады.