2014 жылдың 22 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауы жайлы кездесу өтті. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясы тәуелсіз қазақ елінде ұлтты ұйыстырып, елімізді экономикасы дамыған әлем елдерінің алдыңғы қатарына жеткізетін маңызды құжат болып табылады. Болашаққа бағдарлы бағытпен жол алған тәуелсіз қазақ елі мәңгілік ел болмақ.
2014 жылдың 27, 28 қаңтарда шет тілі факультетінің 1, 2 курс студенттері ҚР-ның президенті Н.Назарбевтың халыққа арнаған жолдауы «Біртұтас мақсат, бiртұтас тілек, бiртұтас болашақ» курстық жиналысқа қатысты. Оқу және әдiстемелiк ісін басқаратын проректор Төлеген М. О. және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары студенттерді жолдаудың негiзгi ережелермен таныстырып, олардың назарын «оқу, білімді меңгеріп алу, жаңа дағдыны табу, шебер және тиiмдi өнер-бiлiмдi күнделiктi өмiрде пайдалану» қажеттiлiкке екпiндеттi.
17 қантар 2014 жылы ҚМПИ жаратылыстану ғылымдар кафедрасы Қостанай қалалық мектептерімен бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі келісім шарт бойынша Қостанай қаласының білім беру әкімдігінің ММ №10 орта мектебінің аға оқытушысы Н.С. Бекбосыновамен «Мастер класс» өткізілді.
Қостанай мемлекеттiк педагогикалық институтында 2014 жылдың 14-шіден 17-ші қаңтарға дейiн шет тiлдерiнiң факультетiнiң оқу-әдiстемелiк кабинетi деканатымен бiрге және қоптілді орталықпен «Көптілді бағдарламаны жүзеге асыру негізінде қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру» бойынша қатар дәрістер ұйымдастырды
16 қаңтар 2014 жылы ҚМПИ жаратылыстану ғылымдары кафедрасы мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық аясында география мамандығының 4 курс студенттеріне семинар өткізілді. Семинарға Физика-математика лицейінің мұғалімі Тимчук Ю.В. және М.Горький атындағы гимназия мұғалімі Мукаева Р.Ж. шақырылды. Сонымен бірге ЖМФ деканы Қонысбаева Д.Т., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Таурбаева Г.О., және география мамандығының оқытушылары Баубекова Г.К., Омарова К.И., Баймаганбетова К.Т., Ахметова Э.Б., Коваль В.В., Жусупова А.У. және қазақ және орыс бөлімдерінің 4 курс студенттері қатысты.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының тапсырмасына сәйкес 2013 жылдың маусым айында Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізуге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының келесі қызметкерлері: Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Анасова А.Б., информатика кафедрасының аға оқытушысы Оспанова Ш.Б., мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының оқытушысы, педагогика және психология магистрі Кузинёва Е.Г., психология кафедрасының аға оқытушысы Тойымбетова Д.С. еліміздің әр өңірлеріне министрлік тарапынан жіберілген болатын.
Жыл сайын біздің институт ең үздік студенттерді іріктеп, оларды Францияға бір семестр көлеміндегі оқуға жіберіп отырады. Бұл жолы шетел тілдері факультетінен 6 студент және жаратылыстану-математикалық факультетінен 1 студент Перпиньян қаласында білім алды. 26 желтоқсанда Франциядан жаңа білім алып оралған студенттермен болған кездесу өте қызықты өтті, өйткені олар өз көрген-білгендерімен бөлісті, ал біз Еуропадағы оқу үдерісі мен күнделікті өмір жайлы ғаламтор мен теледидардан емес, өз достарымыздан естіп білдік.
2013 жылдың 26 желтоқсанда факультетте Франциядан, Перпиньян қаласынан, ВиаДомисиа университетінен келген студенттермен кездесу өткізілді, сонда олар семестр бойы академиялық жинақылықтың бағдарламасы бойынша білім алып жүрді. Факультет оқытушылардың сенімін және үміттерін адалдап, студенттер барлық оқуды "өте жақсы" бағамен бітіріп келді. Студенттер институттың басшыларына еуро әдістемелер бойынша оқу мүмкіндік берілген үшін, басқа мәдениетке жанасу және жаңа достар тапқан үшін алғысын білдірді. Кездесу өте жақсы өтті.
Оқу жылының бастамасымен, Студенттер үйінде ойын-сауық іс-шаралардан гөрі танымдық іс-шаралар көп мөлшерде өткізген болатын. Бірақ та Жаңа жыл қарсаңында студенттерге институт әкімшілішінен үлкен бір сыйлық ретінде жаңажылдық кеш ұйымдастырылды. Жастарға Аяз Ата мен Ақшақар көңіл көтеріп отырды
2013 жылдың, желтоқсан айының 25 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының, «География» мамандығының 4 курс студенттері «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын «Қостанай қаласының №2 Балалар үйінде» өткізді.