19 ақпан 2014 жылы шет тілдер факультетінде БРЕЙН-РИНГ «Қазақстандағы Үштілділік» өткізілді. Ойынға 1-ші курс студенттері қатысты - 3 командадан болды: Шетел тілдері факультеті, Тарих және өнер факультеті және Филология факультеті. Ойын 3 турдан құралды: таныстыру, негізгі тур, шығармашылық сайыс. Студенттер 3 тілдік білімін көрсетті: қазақша, орысша, ағылшынша. Және де хабардарлық географиядан, спорттан, тарихтан, жанкүйерлермен ойын, тур арасында музыкалық қойылымдар қойылды.
2014 жылдын 14ақпан айында «Педагогика және психология» және «Психология» мамандығының 1курс студенттері мен кураторлары Демисенова Ш.С. және Тойымбетова Д.С. басшылығымен ғашықтар күніне арналған іс-шара өткізілді. Псхология мамандығының 1 курс студенттері кафедра мұғалімдерін мерекелерімен құттықтап, бақыт, махаббат және мейрім тілеген валентикілерді берді. Сонымен қатар барлық қалаушыларды сиқырлы сандықшадан тілектер- болжамды валентинкаларды алуға шақырды.
13 ақпан 2014 жыл көптілді орталық пен Білім –әдістемесі шет тілі кабинеті Затобол №3 мектеп-гимназиясындағы шығармашылық ұжымын шақырды. Олар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында акт зал сахнасында Қыз Жібек мюзиклін қазақ, ағылшын, француз тілінде қойды. Көптілді топтар мен шет тілі факультетінің студенттері шақырылды. Жиналған қауым олардың актерлік қабілеттеріне таң қалып, еркін тілдердің білуімен, олардың биімен вокалдық қабілеттерімен жастардың таланттарына таң қалды. Бұл шет тіл студенттерімен мұғалімдердің нағыз еңбегі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуы заманауи Қазақстанның экономикасы үшiн оның маңызын айқындайтын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басымдылықтарының бiрi болып табылады. Сондай-ақ 2013 жылдың басында Елбасы «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды
Студенттер үйінде 12-ші ақпанда жаратылыстану кафедрасы доценттері химия ғылымының кандидаттары Б.М.Жұмағалиева мен Қ.А. Әбдіхалықованың ұйымдастырумен химия мамандығының 2 курс студенттері Сакен Айкүміс пен Мади Раушан дайындаған «Білгірлер сайысы» атты интеллектуальды ойын өткізілді.
2014 жылдың 08 ақпаны күні Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейінде «Қазақстанның индустриалды-инновациялық табысты дамуының кепілі – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлуеті» атты оқушылардың III Аймақтық ғылыми-конференциясы өтті. Онда бірнеше пәндер бойынша 1-11 сынып оқушылары әр түрлі пәндерден өздерінің ғылыми жобаларын әділ-қазылар алдында қорғады. Осы пән секцияларында әділ-қазылар жұмысын ұйымдастырып және өткізуге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.
ҚМПИ үшін 2014 жыл ерекше жыл. ЖОО-ның 75 жылдығын қазан айында оқытушылар мен студенттер тойлайды. Шет тілдері факультетінің ұжымы инсититуттың мерей тойына арнап бірінші, екінші курс студенттерінің Қостанай қаласының қадірлі азаматтарымен, ОО ''Қостанай облысының тарихшылар ассоциациясы" бастығымен, ҚМПИ Экс-ректорымен (80 жылдары) Терновый Иван Кондратьевичпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде сонымен қатар оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты Төлеген Мұхтар Әділбекұлы және ШТФ деканы, филология ғылымдарының кандидаты Дорошок Е.Л. қатысты. Студенттер институттың 1939 жылғы тамыздан бергі құрылу тарихы туралы Иван Кондратьевичтің мазмұнды әңгімесіне қанық болды.
2014 жылдың 04 ақпаны күні «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасы мен ғылыми-зерттеу орталығы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 20 орта мектебі және Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мичурин орта мектебімен бірге үздіксіз білім беру мәселесі бойынша «12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында он-лайн семинар ұйымдастырып өткізді. Оған институттың профессор-оқытушылық құрамы мен студенттер қауымы қатысты.
2014 жылдың 5 ақпаныңда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында РЖҚБ «Қазақстан КВН одағының», «Қостанай КВН» филиалы жайдарманшыларға арнап семинар-тренинг өткізді. Негізгі мақсат - Қостанай облысындағы мемлекеттік тілдежайдарман ойындарын дамыту.