2 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығына орай «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің дайындаған мерекелік іс-шаралары қатарында Қазақстанның қуатты сарбаздарының қатысуымен Жұдырықтасудан турнир өтті. Жарыстың сот алқасын «Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы» кафедрасының оқытушысы, халықаралық санаттағы төреші Ш.К.Нұрғалиев басқарып, оған халықаралық кластағы спорт шебері, «Муай-тай бойынша Бангкок чемпионы», муай-тай бойынша әлем чемпионы, «Тайланд королі кубогі» иегері Дәулет Отарбаев (Алматы) пен халықаралық кластағы спорт шебері, муай-тай бойынша әлем чемпионаты жүлдегері, «Абылайхан белбеуі» иегері Ван Хон Тун Иван (Петропавл) сынды төрешілер белсенді көмектесті.

2014 жылдың 30 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығына арналған «Музыкалық сувенир» атты фортепианалық концерт өткізілді. Концерті уйымдастырушы өнер кафедрасы педагогика ғылымдырының кандидаты м.а. доцент Белозер Л.П. Концертке Республикалық және Халықаралық байқауының лауреаты п.ғ.к. Белозер Л.П., концертмейстер Акбужурова С.Ж., 2 курс студенттері – Наталья Петруня, Лаура Шалабаева, Анастасия Кривоногова., 3 курс студенттері – Екатерина Гладкова, Анжелика Завацкая, Олеся Марченко және Жалпырессейлік студенттер байқауының дипломанты - Юлия Бушмакова, Анна Семашко қатысты. А.Дворжака, Н.Римского-Корсакова, Г.Свиридов, И.Брамс, К.Дуйсекеев, А.Пьяцолла сияқты атақты және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалды.

«IT-Universe» ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық студенттік Олимпиада (Халықаралық ІТ-Олимпиада) әлеуметті мәнді жоба ретінде қарастырылады. Ол кәсіби шеберлікті, ақпараттық технологияларды (АТ) , оларды тиімді қолдану әдістерін жетілдіруге, қоғамда АТ қолдану үрдістерін жақсартуға бағытталған.

Сәуір айының соңында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жатақханада тұратын студенттер арасында үстел теннисі мен дартс бойынша жарыс өтті. Жарыс жасөспірімдер арасында да, қыздар арасында да өткізілді. Жарыс нәтижелері бойынша үстел теннисінен жасөспірімдер арасында 1-орынды М.Досқалиев (ЖМФ 3 к.), 2-орынды Л.Абурахманов (ЖМФ 2 к.), 3-орынды Б.Сағымбаев (ЖМФ 3 к.) иеленді. Қыздар арасындағы жарыс қатысушылардың санының көптігіне байланысты өте тартысты өтті.

VI Республикалық пән олимпиадасында 1-орын алған 5В011200 – Химия мамандығының студенттер командасын құттықтаймыз. (Алматы қаласы, 2014 жылғы 23-24 сәуір) Команда құрамы: • Мадияр Мейрамов – 3 курс студенті • Ернар Мұхтарұлы – 3 курс студенті • Оксана Логвиненко – 2 курс студенті Команда жетекшісі: аға оқытушы А.Б. Нурушева

2014 жылдың 24 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің бұрынғы түлектері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 2013 жылғы конькиден 1000 метр қашықтықта Әлем чемпионы, 2014 жылғы Сочидегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кузин және коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының халықаралық кластағы спорт шебері, атақты спортшы Алексей Жигинмен кездесу өтті.

Жаратылыстану-математика факультетінің базасында 2014 жылдың 24 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығына арналған «Жаратылыстану-математика және жалпы техникалық ғылымдар – Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының негізі» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

23.04.14 сағат 15.00-де мәжіліс залында «Көптілділік заманауи білімнің бір басымдылығы ретінде: жағдайы, проблемалары, келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны шетел тілдері факультеті практикалық лингвистика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге ҚМПИ оқытушылары мен студенттері қатысты.

22.04.2014 «Химиктер сабақтастығы» тақырыбына кураторлық сағат өткізілді. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіне 155 жыл, х.ғ.д., академик М.Т.Козловскийдің 110 жылдығы және ҚМПИ-дің химия кафедрасын 20 жылдан артық басқарған, декандық қызмет атқарған З.Е.Утинаның 70 жасқа толуына байланысты 1, 2-ші курс студенттері Бегалиева Н, Райымкулова М, Тукманов Ж, Петерс А презентациялар жасап, мағлұматтар берді. Кафедра оқытушылары х.ғ.к., доцент Қ.А.Абдыкаликова, кафедра меңгерушісі Г.О.Таурбаева қатысты. Куратор: х.ғ.к., доцент Жұмағалиева Б.М.

2014 жылы сәуірдің 20 күні 38 АО тобының студенттері Масюкова Мария Артемовнаның халін біліп қайтты. ҚМПИда бұрын қызмет жасаған ардагердің тіршілік әрекеті жайлы әңгіме қозғалды. Бұл кездесуді студенттер өздері ұйымдастырды. Кездесу, тарихи естеліктің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұмытылмауы мақсатында өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар