2014 жылдың қазан айының төрті күні, Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде, Қостанай қаласының жаңа мешіті жанында мерекелік жиын өтті. Қалалық мешіт имамдарының тәлімгерлік сөздерінен бастау алған бұл мереке әрі қарай ән шашулар, ұлттық-ғұрыптық үлгідегі ойындар мен салт-дәстүріміздің насихаты есебіндегі рәсімдерге ұласты

2 қараша 2014 жылы жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері сүйікті оқытушыларын Ұстаздар күнімен құттықтады. Олар арнайы дайындалған шығармашылық өнерлерімен, құттықтау сөздерімен мерейтойлық көңіл сыйлады.

Қазан айының 2-ші жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институының 75 жыл мерейтойына байланысты «Тарих және өнер» факультетінің тарих мамандығының 3 курс студенттері тәрбие сағатын өткізген болатын. Соған орай сабаққа Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымның кандидаты, педагогикалық институттың аймақтық тарихи зерттеу орталығының бастығы Терновой Иван Кондратьевич шақырылған болатын

2014 жылдың қыркүйек айының 26-жұлдызында жыл сайынғы дәстүр бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жаратылыстану-математика факультетінің 1-курс студенттері белсенді қатысып, өздерінің қабілеттіліктерін танытып, іс жүзінде студент атануға, студент қатарына қосылуға лайықты екендерін дәлелдей білген "ҚМПИ студентіне арнау" атты салтанатты іс-шарасы өткізілді.

Іргелі оқу орындарының бірі ҚМПИ қабырғасында биыл ғана үлкен өмірге қадам басқан жас өрендерді, 1 курс студенттерін, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Рәсімді Қазақ және орыс филологиясы факультеті бастап берді. Кештің ажарын кіргізген бұл факультеттің студенттері өте өнерлі жастар! Сахна төрінде әдемі әнді әуелетіп, мың бұрала билеп, жүректі тербей өлең оқып, актерлік шеберліктерін де танытқан Қазақ және орыс филологиясы факультетінің 1 курс студенттері өнерден кенде емес екендіктерін көрсетті!

2014 жылы 25 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінің «Тарих» 3 курс студенттері мен Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының ұстаздары т.ғ.к. Самаркин С.В., т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В. Қостанай қаласының 135 жылдығына орай Қостанай облысының мұрағаты жұмысшыларымен дайындалған фотокорреспондент В.А.Середенко фотосуретімен жасалған фотокөрме-презентацияға барып келді. Студенттер, қаланың бұрынғы кездерін В.А.Середенко фотокөздері арқылы көре алды, ол материалдарды сақтап мұрағатқа тапсырлы, бұл студент-зерттеушілер үшін диплом жұмыстары мен ғылыми жобалар жазу үшін керекті дерек көзі бола алады.

«Германиядағы жазғы семестр, Германиядағы магистратура оқуы» DAAD бағыты бойынша жыл сайын ҚМПИ базасында неміс тілінің қаншалықты ұйғарылғандығын тексеру мақсатында онлайн-тестілеу өткізіледі. Осы оқу жылында тестілеу қыркүйектің 24 күні өтті. Онда неміс тілін бірінші және екінші шетел тілі ретінде тандап ҚМПИ-да оқып жүрген 2, 3, 4 курстардың 20 шақты студенттері қатысты. Тестілеуді DAAD лекторы, политологияның докторы Катерина Бук және Шетел тілдері кафедрасының доценті И.Г. Құлмұхамбетқызымен бірлесіп өткізді. Тестілеуді ойдағыдай тапсырған студенттер стипендияның ізденісіне құжаттарын дайындап тапсырды. Алдынғы оқу жылының нәтежелері бойынша Ненашев Глеб (3 курс), Руденко Анастасия (4 курс), Бостанбаева Айгерім (4 курс), студенттері Германия вуздарында тілдік дайындықтан өтті.

Қазақ және орыс филологиясы факультетінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 23 жұлдызы сағат 16:00-де факультеттің Қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарына қабылданған 1 курс суденттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Енді ғана үлкен өмірге қадам басқан жас өрендерге ой тастайтындай етіп, қызықты да көңілді өткізуге ҚТмӘ мамандығының 2 курс студенттері барын салды және солай өтті де!

2014 жылдың 23 қыркүйегінде көптілдік отралығының мамандары оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі және жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасымен бірлесе отырып, Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Оған шет тілдер факультетінің 1 курс студенттері мен жаратылыстану-математика факультетінің көптілдік топтарда білім алып жүрген студенттері қатысты. Бұл іс-шара Қазақстан халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрлерін және тілдерін қаншалықты білетіндерін көрсете алатын сұрақ-жауап сайысы түрінде өткізілді. Студенттер белсенді түрде ат салысып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеп, жоғарғы деңгейлі ойын көрсетті.

«Тілдер мерекесіне» орай орыс тілді студенттерге арналған көркем сөз байқауы өтті. Дефектология 1 курс студенті Тихова Ольга 1 орынмен марапатталды. Пән мұғалімі аға оқутышы Шолпанбаева Г.А.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар