«Тіл – халықтың жаны» атты оқырмандар сайысы 2014 жылы 22 қыркүйекте сағат 14.30 Тілдер дайындағының оқу-тәрбие орталығы өткізілді. Сайысқа ҚМПИ түрлі мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты. Төрешілердің басты бағалау критерилері мәнерлілік, сахналық мәдениеттілік (орындаушының сыртқы бет-әлпеті, жинақылық, орындау мәнері мен мәдениеті) болды. 1 орынға «Дефектология» мамандығының студенті Тухова Ольга ие болды. 2 орынға ие болған «Орыс тілі және әдебиет» мамандығының студенті Нургалеева Фариза. 3 орынға шетел тілдері факультетінің 1 курс студенті Гедзур Екатерина ие болды. Сайыста жүлделі орынға ие болған қатысушылардың барлығы естелікке сыйлықтар алды.

Қазақ және орыс филологиясы факультетінде үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде Тілдер мерекесіне арналған «Туған тілім – мәңгілік махаббатым» атты іс-шара өткізілді. Шараның өткізілуіне 31-ҚТОМ тобы жауапты болды. Іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ауқымында өткізілгендіктен, шараға аталмыш мамандықтың 3, 2 және 1 курс студенттері қатысты. Көрермендер қатарын 1 курс студенттері толықтырды. Іс-шара екі кезеңнен: құттықтау сөздер, шығармашылық нөмірлер және де тіл сайысынан тұрды.

Қыркүйек айының 20 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінде студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Қабылдау рәсімінде, жоғары курс студенттері дайындаған, 12 әртүрлі станциялар болды. Әр станцияларда студенттерге бағалар қойылып, соңында ең белсенді топтар анықталып марапатталды. Осы жылы ең үздік топ «Биология» және «Математика» орыс бөлімі мамандықтары студенттері болып табылды.

2014 жылдың 20 қыркүйегінде психология – педагогика факультетінде «студенттік қатарына қабылдау» рәсімі өтті. Студенттік өмірлерің мәнді болсын, Қызыққа, әнге толсын, сәнді болсын! Қайда барсаң жолдарың ашық болып, Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті. Ақ жол саған, студент!

2014 жылдың 19 қыркүйегінде психология және педагогика факультетінде 1 курс студенттерімен "Отбасы - тәрбие бастауы" атты тәрбие сағаты өтті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі тек біздің қоғамда ғана емес бүкіл дүние жүзінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жастарға отбасында өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың мұра етіп кеткен рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан.

2014 жылғы 19 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының қатысушыларымен кездесу өтті. Іс-шараға институт ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаев, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты М.М.Бегентаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықпаев, Ұлттық экономика вице-министрі К.А.Өскенбаев, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, жастар ұйымының өкілдері қатысты. Сөз сөйлегендердің пікірі бойынша бюджеттік несиелерді мерзімінен бұрын өтеу үшін қаржы механизмдерін әзірлеу қажет.

Іс-шара 2014 жылы 18 қыркүйекте Достық үйінде өткізідлі. Іс-шараның тақырыбы – «Тілдер күні». Іс-шараға 3 курс студенттері 35 АО қатысты, оқытушылары К.С. Кускадамова және В.В. Данилова . К.С Кускадамова шетел тілінің зерртеу мағынасы жайлы және мультилингвализмге қатысты кнес өткізді. В.В. Данилова қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде өлеңдер оқыды. Іс-шара достық мінезді және мәдени бағытта өткізілді.

Қыркүйектің 17 күні Шетел тілдері факультетінің педагогикалық ұжымы «Мектепке жол» атты балаларға арналған әлеуметтік көмек акциясына қатысты. Чапаев атындағы мектепте оқитын Мукашевтар отбасынан 3 оқушыға мектепке арналған құрал-жабдықтар және нәрселер сатып алынды. Отбасында бір анасы жұмыс жасайды, ал әкесі қатты науқас. Отбасының өтініштері бойынша сұратылған заттардың барлығы алынды. Балаларға күзгі аяқкиімдер, иыққап, дене шынықтыру сабағына арналған киім және кеңсе тауарлары сатып алынды. ШТФ кәсіп одақ төрайымы Бурмагинаның басшылығымен заттардың барлығын балалар өздері тандап алды. Балалар да, оқытушылар да риза болып қалды.

17 қыркүйекте жаратылыстану-математика факультетінде 1 курс студенттері үшін «Жүрек ауруға шалдығудың алдын» семинар-тренингі өткізілді. Кездесуге Қостанай облыстық орталығының координаторы Ташенова Р.К. және Қостанай облыстық дәріхананың дәрігері кардиолог Заженов Д.Г. қонақ ретінде шақырылды.

2014 жылдың 10-16 қыркүйек аралығында Бишкек қаласында Азия чемпионаты өтті. Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенті Ақпаленов Марс пауэрлифтингтен «Алтын алқа» иегері болып, Азия чемпионы аталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар