Жұмысқа орналастыру ол тек түлектердің маңызды қадамы емес ол оқу орнының әрекетшілділігі. Түлектердің жұмысқа орналасу пайызы, жоғары оқу орнының бәсекеге қабілетті және талапқа сай екендігін көрсетеді. 2014 жылыдың 15-16 мамырында ҚМПИ-да шетел тілдері факультетінде түлектерді орналастыру өтті.
Қоғамымызда соңғы жылдары болып жатқан өзгерістер білім сапасын жаңа қырынан қайта қарауға мәжбүрлейді. Жаңа білім беру жүйесінің міндеттері тек жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту, білім, біліктерін жетілдіру ғана емес, тез өзгеріп жатқан техника мен технологиялар, еңбекті ұйымдастыру жолдарына бейімдеу болып табылады. Бұл проблемалардың шешімі білім мазмұнын жаңартуда, білім беру мақсаттары мен нәтижелерін қайта ойластыруда жатыр.
Шетел тілдері факультетінің 2 курс студенті Алдабергенова Дана Алматыдан бестік бағалармен оралды. 4 семестрді Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар универсететінде студенттердің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқыды. Дана жазғы емтихандардың барлығын «А» бағасына тапсырып, ҚМПИ әкімшілігінің оған деген артқан зор үмітін ақтады. Сонымен қатар, ол универсететтің оқу және қоғамдық өміріне белсенді қатысып, тілдер олимпиадасында 3 жүлделі орынға ие болды.
2014 жылдың 15-16 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ХХ облыстық жооаралық «Студенттік көктем - 2014» фестивалі өтті. Фестивальға Қостанай облысының 6 жоғары оқу орнынан делегация қатысты. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Рудный индустриалдық институты, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ және ҚМПИ студенттері әртүрлі номинацияда өнерлерін көрсетті. Фестивальді өткізу идеясын 1995 жылы сәуір айында алғаш рет Рудный индустриалды институты ұсынған еді. Қазіргі таңда жооаралық «Студенттік көктем» фестивалі жыл сайын Қостанай облысы студент жастары арасында студенттердің рухани, мәдени жетістіктерін сақтау және арттыра түсу мақсатында дәстүрлі түрде өткізіледі.
2013-2014 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионаты жоғарғы лигасының қыздар командасы арасында жеңімпаз атанған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 3 курс студенті Регина Закированы құттықтаймыз!
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ХХ облыстық жооаралық «Студенттік көктем - 2014» «Мәңгілік ел – Мәңгілік Қазақстан» спорттық бағдарламасында тоғызқұмалақ бойынша жарыстың бірінші түрі аяқталды. 1-орын ҚМПИ қанжығасына байланып, 2-орынды А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ иеленді, ал 3-орын Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына бұйырды. Жасөспірімдер арасында күтпеген жерден Нұрболат Жамантай (АрқМПИ) белгілі спортшы Думан Өтебаев (ҚМУ) пен Медет Биғазинді (ҚМПИ) артқа тастап, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал қыздар арасында 2014 жылғы Азия чемпионы, тоғызқұмалақ бойынша халықаралық кластағы спорты шебері, дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 3 курс студенті Айым Мұхаметқалиева сенімді түрде 1-орынға көтерілсе, 2-орынды ҚМУ өкілі Самал Маусымбаева, 3-орынды Арқалықтан келген Әсел Алдиярова атты студент иеленді.
Заманауи мұғалім – бұл жан-жақты дамыған, компьютерлік технологияларды жоғары деңгейде қолдана алатын мұғалім. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру ұйымдарында электронды портфолио жүйесін енгізу кеңінен қолданыла бастады.
Мамыр айының 9-шы жұлдызында ЖМФ ұжымы ҚМПИ қызметкерлері тобы құрамында, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс Күніне арналған салтанатты шеруге қатысты. ҰОС қатысушыларына құрмет көрсету ретінде «ҰОС жылдарында қаза болғандар» мемориалына гүл қойылды.
«Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Тобылұлы Азат пен Семашко Анна Жалпырессейлік (Халықаралық байқау) вокальдық байқауда дипломант атанды. (жетекші – аға оқытушы Жакаева К.А., концертмейстер – оқытушы Турлубаева Д.К.) Студенттермен және оқытушылар дипломмен марапатталып естелікке сыйлықтар алды. Өнер кафедрасының ұжымы алдағы уақытта студенттермен оқытушыларға шығармашылық табыс тілейді.
ҚМПИ 2014 жылдың 05 мамырында мәжіліс қонақ бөлмесінде Женіс күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға ҰОС қатысқан келесі ардагерлер шақырылды: Сағындықов Шайдулла Сағындықұлы, Киселева Анна Игнатьевна, Носкова Вера Степановна, Терновой Иван Кондратьевич, Скрынский Иван Михайлович, Артыков Марат Абдиұлы. Оқу – әдістемелік проректоры профессор, доктор, PhD М.А.Төлеген ардагерлерді Женіс күнімен құттықтап, соғыстың қиын жылдары жасалған еңбектері үшін алғысын білдірді. И.К.Терновой студенттерге жолдаған сөзінде милиондаған адамдардың өлім бағасымен алынған бебітшілікті сақтап қалуларын сұрады.