2014 жылдың 9 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалыцқ институты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша аймақтық жиынға қатысты. Жиын ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығы. Сонымен қатар бұл жиынға ұлттық және аймақтық жоғары білім беру орталықтарының өкілдері ат салысты.
Қыркүйектің 4 күні ҚМПИ конференц-залында өткен «Серпін - 2050» бағдарламасын ұйымдастырушылары мен «Өрлеу» ұлттық орталығының директорлар кенесінің төрайымы, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасының республикалық ұйымдастырушылық кеңесінің төрағасы Абенов Мұрат Абдуламитұлымен кездесуде ШТФ 1 курс студенті Еркінбек Аселге алғыс сөз айту тапсырылды
2014 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жаңа 2014-2015 оқу жылына арналған салтанатты жиын өтті. Кешегі түлек, бүгінгі бірінші курс студенттері Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналатын, биылғы жылы 75-жылдық мерейтойын атап өткелі отырған оқу орнының босағасын аттады.
1984 жылғы түлектердің кездесуі 2014 жылы 29 маусымда ҚМПИ Шетел тілдері факультетінің базасында өткізілді. Шетел тілдері факултетінің оқытушылары (Данилова В.В., Кусаинов С.С.) «Өткеннің толқындарымен – тағы бірге» атты презентация жасады. Дәрісхана түлектердің суреттерімен және ұжымның даму сатысындағы көрнекіліктерімен безендірілді. Түлектердің әрқайсысы тұлға мінездемесі қамтылған естелік медальдарымен марапатталды. Оқытушыларға гүлдер және ашық хаттар сыйланды. Бұл кездесу ҚМПИ-ның 75 жылдығына арналған мерекелердің біріне айналды.
2014 жылы 12 маусымда Шетел тілдері факультетінде дипломдардың салтанатты тапсырылысы орындалды. 82 студент мамандандырылған педагогтар қатарына енді. 17 студент ғылыми зерттеулері үшін ҚМПИ шетелмен байланыстар проректоры, тарихи ғылымының докторы, профессор Әбілдің қолынан қызыл диплом алды. Проректор түлектерді құттықтап, өз ісінің мамандары болып, болашақта үлкен жетістіктерге жетулерін тіледі. Студенттік өмірге белсенді қатысқан оқуы үздік студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар беріліп, белсенді қоғамдық қызметтері үшін марапатталды.
2014 жылы 3 маусымда Франция өкілетті елшісі Франсис Этьен мырза біздің институтқа сапар шегіп қайтты. Сапардың бағдарламасына Француз мәдениет орталығына барып француз тілінің оқытушылары мен француз тілінің мұғалімдерімен кездесу кірді. Сонымен қатар, елші мырза француз тілін оқып жүрген студенттермен кездесті. Франсис Этьен мырза кездесуді француз тілінің даму тарихы мен оның қазіргі кездегі мәртебесі жайлы дәрістен бастады. Оқылған дәріс студенттерде көптеген сұрақтар тудырып кездесу жылы лебізді әңгімеге ұласты.
2014 жылғы 23 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жыл сайынғы қорытынды студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға республикалық, жооралық және факультеттік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Бұл - ғылыми студенттік өмірдегі басты оқиғалардың бірі болды. Ғылыми-зерттеу жұмысы әр студентке өзі таңдаған ғылым саласындағы білімдерін жетілдіріп, ой-өрісін дамытып, ғылыми жетекшілерінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибе дағдыларын қалыптастыруға бірден-бір септігін тигізеді.
2014 жылдың 19-21 мамыр аралығында Қазақстанда РУОЦ «Балдаурен» I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР АССАМБЛЕЯСЫ «ДАРЫН XXI ҒАСЫР» өтті. Ұйымдастырушы - Шығармашылық бастаманың орталығы «Art aspect» қолдауымен: - Астана қаласы Қазақстан Республикасының композиторлар кеңесінің филиалы. - Қарағанды облысы композиторларының қоғамдық бірлестігі «Балауса»
2014 жылдың 20 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «ҚР функционалды сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыру бойынша пединституттар мен мектептердің бірігуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай облысының Білім басқармасы, Қостанай қаласы әкімдігі қалалық білім бөлімінің өкілдері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен облыстық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері – барлығы 50-ден астам адам шақырылды. Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына декандар, кафедра меңгерушілері, факультеттің әдістемелік бюро өкілдері де белсенді атсалысты.