2014 жылдың 29 қазанда «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1,2 курс студенттер» Ы. Алтынсарин атындағы қалалық кітапханада өткен әдеби жәрмеңкеге қатысты. Студенттер әдебиет пен өнер әлеміне ене отырып, рухани байлықтарын арттыруға мүмкіндік алды. Олар жаңа әдебиеттер көрмесімен танысып құршақ театыры жұмысы бойынша өткізілген мастер класына қатысты. Түрлі викториноларға белсене қатысып нәтижесінде сыйлыққа кітаптар алды.

Алда келе жатқан жұмысқа орнықтыру бойынша бітіруші курс студенттерін де көптеген сұрақтар туды. 27 қазанда өткен студенттердің курстық жиналысы кейбір студенттерге жұмыс орнын дұрыс анықтауға көмектесті. Жиналыста декан, к.ф.н. Е.Л.Дорошок студенттерді керекті құжаттарды дайындап тапсыру мерзімімен және жұмыс орнына бағыттау ережелерімен таныстырды. Тәжірибе және жұмысқа орнықтыру бөлімінің бастығы А.Б.Нурушева студенттердің болашақта тандайтын жұмыс орындары жайлы және магистратурада оқуларына байланысты сұрақтарға жауап берді.

2014 жылдың 24 қазан күні «Жаркөл» ауданында облыстық ақындар айтысы болып өтті. Бұл айтысқа факультетімізден жас ақын, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Ақбаба Нәрия қатысып қайтты. Айтысқа әр елден іріктелген 10 ақын қатысты. Ақбаба Нәрия осы айтыста барлық ақындардан оза шығып, ойға жүйрік екенін дәлелдеп, жүлделі 1-орынға ие болды. Жүлделі ақшалай сыйлыққа, арнайы мақтау қағазына ие болды. Өзіміздің ЖОО орнының атынан шығып, намысты қолдан бермей абыроймен оралған Нәрияға алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілейміз. Айтыстың аруы – Ақбаба Нария- болашақта шабытың шыңдалып, тек қана алға өрлей бер !!!

2014 жылдың 24 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75-жылдық мерейтойын атап өту аясына орай институтымыздың екінші қабатында институтымыздың ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаевтың игі бастамасымен Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ғалым Шайсұлтан Шаяхметов атындағы №205 дәрісхана ашылды. Дәрісхананың ашылу салтанатына Білім және Ғылым Министрлігінің Бақылау комитетінің төрағасы Саят Нұрмұхамбетұлы Нүсіпов пен Шайсұлтан Шаяхметовтың туыстары, қаладағы зиялы қауым өкіл¬дері, белгілі ақындар Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, институттың профессорлары мен оқытушылары, студенттері қатысты.

Бүгін 2014 жылы 24 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты соңғы жылдары жоо-ның студенттері мен оқытушыларын қуантып жүрген, институтта болып жатқан оң өзгерістерімен мақтануға құқылы.

2014 жылдың 23-24 қазан күндері облысымыздың белді оқу орындарының бірі, қара шаңырақ Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт өзінің 75 жылдық мерей тойын атап өтті. Институт қабырғасында осы айтулы мерекеге орай көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. 23 қазан күні «Заманауи жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалықконференция өтті. Онда көптеген ғалымдар өз докладтарымен мінберге шықты: 1. Ахметов Тілеген Әлмұханұлы – тәрбие жұмысы және әлеуметтік - экономикалық мәселелер жөніндегі ҚМПИ проректоры 2. Бережнова Елена Викторовна – педагогикалық ғылымдар докторы, ММХҚИ профессоры, РБА білім стратегиясы және теориясы институтының жетекші ғылыми қызметкері, Ресей, Москва қ.

22 қазан күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдарының кафедрасындашебер ұстаз Терновой Иван Кондратьевичке арналған іс-шара өтті. Осы іс-шараға ҚМПИ-дің үлкен тәлімгері, доцент Уразымбетова Баян Баймагамбетовна мен Биология мамандығының көптілді группасының 2 курс студенттері жауапты болды

2014 жылы 15 қазанда қазақ бөлімінің «Биология» мамандығының 3-курс студенттері үшін жоо мен Қостанай қаласының мектептерінің бірлестігі туралы келісім бойынша №10 орта мектепте «Мастер класс» өткізілді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, тарих және өнер факультетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1 курс студенттері 9 қазан 2014 жылы Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облысының кітапханасы ВДНХ мүшеліне арналған көрмеге қатысты. Бұл көрмеде студенттер еңбек ардагерлерімен, Қостанай облысының даңқ кітабымен, құжаттар мен фотосуреттермен танысты.

2014 жылғы 7 қарашада, сағат 15:00-де «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2013-2015-жылдарға арналған өңірлік бағдарлама» тарату бойынша «Жемқорлық - қауіп және қоғамға әлеуметтік кесір» тақырыбында тарих және өнер факультеті студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар