8.12.14. ФМжЖТП кафедрасы Қостанай районы «Садовый негізгі мектебінің » ММ жоғарғы санатты физика мұғалімі Нестеренко Степан Степановичпен кездесу ұйымдастырылды. «Физика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруы» атты әдiстемелiк құралдың авторы «Физиканың сабақ беруiнде инновациялық технологиялар» тақырыбына 5В011000-Физика мамандығының төртінші және үшінші курс студенттерінің белсендi қатысуымен семинар өткізді.

2014 жылдың 5 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ашық есік күні өткізілді. Аталмыш іс-шараның біздің қара шаңырағымызда жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ашық есік күніне Қостанай қаласы мен облысынан 350-ге жуық оқушылар қатысты. Қостанай қаласының мектептері түгел атсалысты. Сонымен қатар, Рудный және Лисаков қалалары мектептерінің түлектері келді. Аудандық мектептердің түлектері де жиналды. Қостанай ауданынан 7 мектептің өкілдерін қарсы алдық. Ашық есік күніне колледж түлектері де қызығушылық танытты, Қостанай қаласы мен облыстың 3 колледждің өкілдері қатысты.

2014 жылдың 4 желтоқсан күні институт кітапханасында тәуелсіздік мерекесіне орай «Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі» деп аталатын зияткерлік ойын өтті. Ойынға институтымыздың барлық факультеттерінің 1 курс студенттері қатысқан болатын. Осы сайыста тарих және өнер факультетінің 1 курс студенттері жүлделі І орынды иеленді.

2014 жылдың 4 желтоқсанының бас тарихтың және өнердің факультетінде чемпионат ша мини- футболға ара «тарих» деген мамандықтың 1-4 курсының студенттерінің арасында өтіпті, «ОПиЭ», «Музыкалық білім»,»ИИиЧ» «Тарих», Қазақстан республика және ұлт көсем Н.А бірінші президент күн мейрамда арнаулы Назарбаева. ара чемпионатта ша минифутболу 5 команда : "Локмотива" деген команда 4 курс, 3 курстың "Ливерпульсы" командасы, 2 курстың "достары" деген команда қатыс-, "Канатовцы" деген команда 1 курс және оқытушы команда "тау тасбақа". арада нәтижеде ара чемпионатта жең-, бірінші жерді қарызға алған оқытушының командасының, екі жер "Канатовцы" бірінші курс команда ауыр соқ-, үш жер үш курс команда қарызға ал-. Алды шабуылшы ша қорытындылар чемпионаттың мойында- Жанибек Жанғожины болды, атақ "алды қорғаншы" же- студентке Хасенов Айдосқа.

Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміт. Сонымен қатар, студенттер үшін ол театр өнерінің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға, шабыт беретін орын. Осыған орай, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 4 күні студенттердің ұйымдастырылуымен алғаш «Жас сахна» театры ашылды. Театрдың көркемдік жетекшісі - педагогика кафедрасының аға оқытушы Абдиркенова Ақбидаш Қапанқызы. Тұңғыш қойылым қазақтың заңғар жазушысы Дулат Исабековтың, төл туындысы «Әпке» атты керемет драмасы мен ашылды.

2014 жылдың 03 желтоқсаны күні сағат 18:30-де Студенттер үйінің акт залында тарих және өнер факультеті студенттерінің қатысуымен факультет жиыны болды. Оған факультет деканы Балғабаева Г.З. және декан орынбасары Елкей Н.Н. қатынасты. Жиын барысында студенттердің жағдайы, тәртібі, бөлме тазалығы, емтиханға дайындық мәселелері сөз болды. Студенттер сұрақтар қойды. Жиынға барлығы 46 студент қатысты.

2014 жылы 29 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Тұлғаны дамыту - деструктивті діндерге еліктеудің алдын алудың негізі» деген тақырыпта жастар конференциясы өтті. Бұл іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «ҚР практикалық психологтар ассоциациясы» жүзеге асырып жатқан жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жобасы аясында өткізілді. Конференция жұмысына ҚМПИ, ҚМУ, ҚАЖК Академиясының, мемлекеттік мекемелердің, діни конфессиялардың, БАҚ-ның өкілдері және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты

2014 жылдың 28 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қостанай, Рудный қалаларының білім басқармаларының басшылары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, директорлар мен олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, Қостанай қаласы мен облысының жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдердің қатысуымен "Жоғары оқу орны мен жұмыс берушілердің жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ықпалдастығы" тақырыбында дөңгелек үстел жұмысы өткізілді.

2014 жылдың қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 2014-2015 оқу жылының түлектерін алдын-ала жұмыспен қамту мақсатындан "Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі" өткізілді. Аталмыш іс-шараға қалалық және облыстық білім басқармаларының өкілдері, мектеп директорлары, Қостанай қаласы колледждерінің өкілдері, мектепке дейінгі мекемелердің директорлары мен әдіскерлері қатысты. 23 мамандық бойынша білім алатын студенттер "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің" қатысушыларымен кездесті. Нәтижесінде түлектердің 20 % облыстық мектептерде өндірістік (педагогикалық) практикадан өтіп, кейін сол жерге жұмысқа орналасу мүмкіндігін иеленді.

2014 жылдың алғашқы күні Қазақстан үшін мереке күн болып саналады. Мемлекетімізде 1 желтоқсан ресми түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні болып табылады. 2014 жылдың 28 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінде Тұңғыш Президент күніне орай Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушыларының (Айдналиева А.Т., Разуваева М.В., Рағатова М.О.) ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар