24 ақпан күні тілдер дайындығы оқу-тәрбиелік орталығы мен институтымыздың студенттер кәсіби одағының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі - өз тілім» сайысы болып өтті. Бұл сайысқа барлық мамандықтың өзге ұлттың студенттері қатысты.
2015 жылы 23 ақпанда шетел тілдері факультетінде Денсаулық Сақтау Орталығынан маман Р.М.Наукенова облыстық тудиспансер дәрігерлерімен бірге "Туберкулез бен тұмау ауруының профилактикасы" деген тақырыпта әңгіме құрды. Олар денсаулық сақтау туралы және әр түрлі кеңестерді қағаз түрінде көрсетті.
Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары 2015 жылдың 21 ақпан күні «Шағын мектепдерде гуманитарлық пәндерді оқытудағы негізгі ерекшеліктер» атты әдістемелік семинар өткізді. Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы бөлімінің бастығы әрі тарих ғылымдарының кандидаты Ярочкина Елизавета Викторовна кафедра мен Александров шағын мектебінің арасындағы бірлескен қызметі жайында айтты. Семинар қатысушылары т.ғ.к. Самаркин Сергей Владимировичтың ұсынған өлкетану әдебиеті мен Александров ауылының тарихы жайында берілген мағлұматтар зерттеу жұмысында оларды қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.
2015 жылдың 21 ақпанында Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚТЛ инициативтік тобымен "Мейірім жолы" атты балаларға көмек ретінде, онко ауруымен ауыратын балаларға көмек ретінде қайрымдылық ярмаркасы өтті. Ярмаркаға шетел тілдері факультетінің бірінші курс студенттері қатысты. -Барлығынанда актив қатысқан студент Орлова Елена.
2015ж 21 ақпанында Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары, онын ішінде академиялық сұрақтары бойынша департаментінің бастығы, п.ғ.к Кифик Н.Ю., қашықтықта білім беру факультетінің деканы, т.ғ.к Самаркин С.В., ӘТжҚП кафедра менгерушісі, т.ғ.к. доцент Ярочкина Е.В., «Құқық және экономика» мамандығының 1 курс студенті Мурзагалиев Р, Алекстандровка мектебінде «Толық қамтылмаған мектептердегі гаманитарлық пәндерді откізу ерекшеліктері» атты шара өткізді. Іс-шараға қатысқандар арасында Борис-Романов мектептерінің мұгалімдері мен оқушылары болды.
21 ақпан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спортзалында студенттер үйінде тұратын студенттер арасында «Көңілді старт» атты эстафеталық турнир өтті. Жалпы эстафетаның мақсаты: студенттерді саламатты өмір салтына тарту. Турнирге студенттер үйінен – «Оқжетпес», «512», «Максимум», «Бірлік», «Сұңқар» командалары қатысты. Командалар әр – түрлі сайыстардан өтіп ең мықтысың әділ қазылар алқасы шешті. Жалпы бірінші орынға ие болған 1 курс студенттерінен құралған «Оқжетпес» командасы жеңіске жетті.
20 ақпан күні сағат 15.00, институттың мәжіліс залында Қостанай қалалық әкімдігі білім бөлімі, Назарбаев университеті, «Қостанай қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» АБҚ, қалалық мектеп-гимназиялардың, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты» КММ, Қостанай және Рудный қалалары колледждерінің, «Қостанай дарыны» АҒПО, «Қостанай қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖК, Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Көптілдік білім беру әлемдік білім беру кеңістігіне енудің негізгі шарты ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Ғылым мен техника қарқынды дамып отырған бүгінгі күнде студенттің даралық қасиеттері менқабілетін ескеру,дарынын дамыту, таным деңгейі мен білімін арттыру, жан-жақты, құзіретті мұғалім ретінде дайындау мен бүтін ЖОО-ның міндеті болып табылады. Осы бағытта, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріменсабақ барысында ЖОО- мен байланысқа түсіп, сабақты жаңа түрде, түрлендіру мақсатында онлайн семинар сабақтары жүргізілді. Атап айтсақ,Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік- гуманитарлық колледжімен сабақ байланысы жандандырылды.
2015 жылғы 19 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында факультеттердің бастамашыл топ студент-мүшелерінің G-Global халықаралық жобасы мен «ЕХРО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмыстарын алға бастыру бойынша жиналысы өтті.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ педагогикалық шеберлік орталығында оқу қорытындысы бойынша жаратылыстану кафедрасында «НЗМ» ААҚ педагогикалық шеберлігі орталығымен және Кембридж университетінің білім Факультетімен бірлесе құрастырылған Халықаралық білім беру бағдарламасын оқу үдерісіне енгізу түрлері және талқылау» атты әдістемелік семинар өтті.