Шетел тілдері факультетінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен оқытушыларды және студенттерді құттықтау 2014 жылдың 4 наурызында өтті. Іс – шараны ұйымдастырушылар 2 курс студенттері: Абдрахманов Арман, Невзоров Влад, Сюндиков Таян және шетел тілдері кафедрасының оқытушысы: Кусаинов Самат Салмагамбетович және де шетел тілдері кафедрасының лаборанты: Асташкин Василий Анатольевич. Рессейдегі А.И. Герцен атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының магистыры Мирошниченко Роман Сергеевич іс – шараны ұйымдастыруда қолсалысты.

5 жылы 6 наурызда кафедра апталығы аясында сағат 15.00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттер үйінің акт залында жаратылыстану - математика факультетінің «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының кураторларымен «Жайдарман» ойыны өтті. Ұйымдастырушы аға оқытушылар Даулетбаева Г.Б., Айтбенова А.А., Цыганова А.Д., Радченко Т.А. және информатика мамандығының І–ІІІ курс студенттері.

2015 жылдың 6 наурыз күні институттың №2 жатақханасында жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен факультетаралық «КТК» ойыны өтті. «КТК» ойынына информатика, физика, математика, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарынан: «Қыдықтама – өзім күлем», «Ұнамаса қарама», «4 этаж жігіттері» т.б. атты 3 команда қатысты. Әр команда грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Соның ішінде «4 этаж жігіттері» қазақ тілі мен әдебиеті - 1 орынды иеленді.

2015 жылдың наурыз айының 6 жұлдызында 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесін атап өту мақсатында А-205 дәрісханада Қабырға газеттерінің байқауы және мерекелік құттықтау іс-шарасы болып өтті. Байқауға және концертті дайындауға мамандығымыздың І-ІІІ курс топ жігіттері қатысты.

«Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбына арналған кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа оқытушылар: Жумагалиева Б.М., Важева Н.В., Таурбаева Г.О., Кобец Т.С. қатысты. Тақырыпқа байланысты баяндамалар мен презентацияларды «Химия» мамандығының 2 курс студенттері: Ардакова Э., Ахмет А., Молдашева А., Худайбергенов Н., Абдуллина Д., Айсина И., Курманаев А. жасады. Кураторлар: Жумагалиева Б.М., Таурбаева Г.О.

4.03.2015. Тарих және өнер факультетінің Өнер кафедрасында Қасаболат Айгүл Жапарбекқызының ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым!» тақырыбында көрме сайысы болып өтті. Көрме 3курс студенттерінің арасында өтті. 18 студент қатысты. Бас жүлде Ақанбаев Бағлан, бірінші орын Шарафеева Гулистан, екінші орын Омельченко Ксения және Полковникова Елена, үшінші орынды Тлемисова Жансая және Ягудина Анастасия иеленді. Туындылар сюжеттің тақырыпқа сәйкес құрылуына, түстердің үйлесімділігіне, эстетикалық талғамына қарай бағаланды.

3 наурыз Сағат 15.30, ауд.424 И және КТ кафедрасының м.а., т.ғ.к.. З.С. Ерсултанова мен аға оқытушы, ж.ғ.м. С.Б. Хасанова «Педагогические аспекты преподавания дисциплин в ВУЗе» («Өрлеу» МЖҰОда өткен курстардың материалдары бойынша) атты семинар өткізді.

3 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және «Дінтану орталығы» - ҚМПИ АНТ мүшелері Б.Х.Альшанова, К.К.Әбілмәліков, Д.Е.Әбенов және Т.А.Еришева Қостанай облыстық Дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған оқыту семинар-тренингке қатысты.

2015 жылдың 2 наурызында «Психология – педагогика » факультетінде «Серпін - 2050» Мәңгілік ел жастары индустрия» бағдарламасы бойынша «Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар» сайысы өтті. Сайысқа қатысушылар «Психология және педагогика» факультетінің 1 – курс студенттері. Сайыстың барысында қатысушылар талаптар бойынша өздерінің эмблемаларын жасап, ұйымдастырушылық қабілеттерін одан әрі шыңдай түсті, жан - жақты өнерлерін көрсете білді.

2015 ж. 2 наурызда «Информатика» мамандығының 3 курс студенттеріне «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Мектеп информатика курсының мазмұны және құрылымы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар