Сәуір айының 17 күні ҚМПИ барлық студенттері «Спорт сарайында» өткізілген 26 сәуір ҚР президенттік сайлауына қатысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған «Ұлт көсбасшысын жақтаушылар» форумы өткізілді. Бұл шараға елбасымыздың кандидатурасын қолдауға шақырған М.Құлмұхамед бастаған арнайы делегация келді. Делегация құрамында елбасын қолдап дауыс беруге шақырған басқа да елімізге танымал тұлғалар болды.

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пән олимпиадасы 2015 жылғы 16-17 сәуірде Семей қаласында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстанның түрлі аймақтарының жоғары оқу орындарынан келген 10 студент қатысты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының атынан қазақ және орыс филологиясы факультетінің абыройын қорғауға 3 курс студенттері – Айымбота Токмурзина (команда капитаны), Елена Форманюк, Оксана Ермолаева қатысты.

2015 жылдың 17 сәуірінде көптілдік орталығы тілдер дайындығының оқу-тәрбиелік орталығымен бірлесе үш тілді меңгеру (қазақ, орыс, ағылшын) олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға барлық факультеттердің студенттері қатысты. Олимпиада қатысушыларына 4 түрлі тапсырма ұсынылды: грамматикалық тест, мақал-мәтелдер, мәтіндерді (жарнамалық мәтіндер, тағам рецебін, кейбір тауарлардың қолдану ережесін) аудару, үш тілде презентация (ғылыми зерттеу тақырыбын қатысушы өз қалауы бойынша анықтап презентация түрінде дайындады).

15 сәуір күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Халықтар достығының ассамблеясының 20-жылдығына орай облыстық ЖОО студенттерінің қатысуымен фестиваль болып өтті.

2015 жылғы 15 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «ҚМПИ Аруы-2015» байқауы болып өтті. Байқауға әр факультеттен кастингтен өтіп, финалға жолдама алған 8 ару қатысты. Байқау өзін таныстыру, шығармашылық нөмір, үй тапсырмасы, дефиле секілді бірнеше кезеңнен тұрып, аруларымыз тапсырмаларды ойдағыдай сәтті орындап шықты. Байқауға қатысушы барлық арулар дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша тарих және өнер факультетінің студенті Анель Сейтова ҚМПИ Аруы-2015 атағына ие болды.

2015 жылдың 15 сәуір күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «2015 - ҚМПИ АРУЫ» байқауы болып өтті. Байқауға әр факультеттен кастингтен өтіп, финалға жолдама алған 8 ару қатысты. Аталмыш байқауға факультеттен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Китибаева Айдана қатысып, нәтижесінде «Сымбатты Ару» номинациясына ие болды. \

2015 жылдың, сәуір айының 9-11 жұлдыздарында, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің биологиядан Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада барысында ҚМПИ студенттерінің «Olympus» тобы жалпы санақта 2 орынға ие болды, ал жеке санақта 3 курс көптіліді бөлім студенті – Маруарова Арай 3 орынға ие болды. Жалпы олимпиада жұмысында Қазақстанның 14 облысынан, 15 ЖОО командалары қатысты.

2015 жылдың 9-11 сәуірінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің математикадан Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада барысында ҚМПИ студенттерінің командасы жалпы санақта 3 орынға ие болды, ал жеке санақта 4 курс студенті Емелин Артем ие болды, ол қазылар алқасы ұсынған сесептің шешімінде қате тапты.

ҚМПИ шетел тілдер методикалық бюро факультетінің төрағасы Дощанова Б. М. 2015 жылдың 6-10 сәуірінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтта мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшесі болды.

2015 жылғы 8 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Алматы қаласының республикалық ақпараттық-насихаттау тобы сарапшыларының қатысуымен облыстың ЖОО мен колледж АНТ (ақпараттық-насихаттау тобы) мүшелеріне арналған оқу семинары өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар