2015 жылғы 1-2 маусымда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Республикалық француз тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығы Қазақстандағы Франция Елшілігі және Астана, Қарағанды, Қостанай қалаларының француз альянстарымен бірлесе отырып, қазақстандық француз тілінің мұғалімдері мен оқытушылары, француз тілінің болашақ мұғалімдері үшін француз тілін оқытудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық әдістемелік семинар өткізді. Семинар аясында пленарлық және секциялық отырыстар ұйымдастырылды.
1 маусым балаларды қорғау күніне орай Жаратылыстану –математика факультетінің оқытушылары мен студенттері облыстық балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді.
29 мамырда Қостанай облысы бойынша Дін істері жөніндегі басқармада «Дін саласының өзекті мәселелері бойынша полиция учаскелік инспекторларына арналған жадынаманың» тұсаукесері өтті. Аталған кітапшаны дайындауға ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден, ҚМПИ «Дінтану орталығы» АНТ мүшелері К.К.Әбілмәліков және Д.Е.Әбенов белсене атсалысты. Кітапшада облыс аумағында таралған дәстүрлі емес ағымдар мен топтардың қысқаша мазмұны, олардың қызметтерінің кері тұстары және теріс шариғат элементтері баяндалған. Сондай-ақ олардың қоғам үшін әлеуметтік қауіптілігі де жазылған.
2015 жылдың 27 мамыр күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қалалық ақындар айтысы өтті. Оған 2 курс студенті Ақбаба Нәрия мен 3 курс студенті Мұратбеков Алмас қатысты. Нәтижесінде Ақбаба Нәрия 3 орынды иеленіп қайтты.
2015 жылғы 22 мамырда шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ пен Франция университеттерінде студенттердің білім алуы үшін ағылшын және француз тілдерінен іріктеу турын өткізді. Іріктеу турына түрлі мамандық студенттері қатысты. Тестілеу алдында оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген сөз сөйлеп, әділ қазылар мүшесі, профессор А.С.Оспанова студенттерге тест тапсыру кезінде сәттілік тіледі.
22 мамырда Азаматтық бастамалар орталығында «ҚР практик психологтерінің қауымдастығы» ҚБ волонтерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараға ҚМПИ педагогика-психология факультетінің студенттері З.Сагимбаева және С.Перзентбаева белсене атсалысты.
2015ж. 14 мамырында «Инновациядан тәжірибеге» тақырыбы бойынша конференц-залында инновация жобасын қорғауы өтті, жобаға шетелдік университетінің ірі базасында жоғары біліктілік курсын бітірген оқытушылар белсенді қатысты: тіл білімінің Ньюкаслск университеті және Норвическ институты (Великобритания), Цукуба университеті (Жапония), политехникалық Валенсийск университеті (Испания), жоғары техникалық Лиссабонск университеті (Португалия), Халықаралық менеджмент және технологиялық академиясы Дюссельдорф қ. (Германия). Жобаның мақсаты: оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу.
2015 жылдың 8 мамыр күні ШТФ-нің оқытушылары мен студенттері калалық ауруханада емделіп жатқан балалар үшін ойыншықтарды жинау атты қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Белсенді катысушылардың қатарында француз тілінің оқытушысы Сухова А.Н. мен 4 курс студенті Аскарова Таншолпан. Аурухана басшылығы барлық катысушыларға өз алғысын білдірді.
2015 жылдың 6 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ғылым күніне арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңдері өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; 2) Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; 3) Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету. Ғылым күніне арналған жооішілік инновациялық жобалар байқауы 3 кезеңде өтті.