25-27 қыркүйек күні "Алтынгүл" балалар денсаулығын нығайту лагерінің базасында туристердің «Алтын күз» атты 27-ші слеті болып өтті. Жарыстың бағдарламасына сәйкес (А және Б кластары бойынша) жол бөгеттерінен өту, эстафета, сондай-ақ конкурстық бағдарламаны (капитандар жарысы, фотожинақ, экспресс-газет, туристік әндер) орындау шеберліктерімен бәсекеге түсті.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ММ «Қостанай облысы оқытушыларының қауымдастығы» және дене шынықтыру , спорт және туризм факультетінің оқытушылары «Қостанай ішкі облысының саясат бөлімі», 2015 жылдың 26 қыркүйек күні «Үздік ұстаз- жаңашыл» байқауын өткізді.

2015 жылдың қыркүйек айының 26-шы жұлдызында ҚР Конституциясы және Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20-жылдығына орай РИИ ректор Кубогы үшін аймақтық пікір сайыс турнирі өтті

Қыркүйек айының 25 күні облыстық балалар шығармашылық үйінде «Отан сүю иманнан» атты іс- шара өтті. Оған біздің факультеттен 3 курс студенттері қатысты. Аталмыш іс – шараға орталық мешіттің имамдары келіп жас ұрпаққа имандылық, қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайлар туралы дәрістер оқыды. Студенттер сұрақ қойып, соған жауаптарын алды.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған кураторлық сағат өткізілді. Абай Құнанбаетың өмірбаяны мен өлеңдері оқылды. Химик – студенттерге Абай өлеңдерінің құдіретті күші арқылы поэзияның адами қалыптасудағы рөлі көрсетілді.

2015 жылдың 22 қыркүйегінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие ортылығы Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл - халықтың жаны» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Аталған іс-шара екінші жыл қатарынан өткізіліп, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1-3 курс студенттерінің арасында танымал болды. Бұл байқауға10 студент қатысты:

Қазақ және орыс филологиясы факультетінде үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде Тілдер мерекесіне арналған «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...» атты іс-шара өткізілді. Шараның өткізілуіне 31-ҚҚ тобы жауапты болды.

Естерінізге сала кетейік, жақында, 27 тамыз күні біз Францияның Перпиньян қаласының Via Domitia университетіне: Артур А., Дикетаева А., Алдабергенова Д., Акмурзина Д., Таукелова А. деген бес студенті шығарып салдық. Олар оқуға өте риза, университетке үйреніп қалды және жерорта климатына, табиғатын өте риза. Олардан басқа Францияда соңғы 3 жылда 20-дан астам студенттер оқыды ҚМПИ-ның академиялық ұтқырлық бағдарламасы АҚШ-нан да асып түсті.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының баскетбол командасы 18-20 қыркүйек айында Ресей мемлекетінің Магнитогорск қаласында Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінде жыл сайын өткізілетін И.Х.Ромазан турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. Жарысқа Қостанай, Тобыл, Челябі және Магнитогорск қаласынан келген командалар қатысты.

2015 жылы 19 қыркүйек күні жаратылыстану – математика факультетінде жоғарғы курс студенттері институт табалдырығын енді ғана аттаған студенттерімізге оларды студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Шараның басты мақсаты: жас студенттерді факультет, институт өмірімен таныстырып, болашаққа деген ынтасын арттыру.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар