18 қазанда президенттік миляға соңғы жарыстар өтті. Сондай-ақ президенттік миля 2 км 400 м ұзындығын жүгіру болатын. Осындай жарыс барлық республика бойынша кім де кім салауатты өмір салтын жүргізу үшін жоба ретінде, үлгі ретінде өткізіледі.

2015 ж. 17 қазанда Затобол мектеп-гимназиясында ағылшын тілі мұғалімдерімен «12 жылдық оқуға көшуіне дайындық: ағылшын тіліне интегративтік оқыту және арнаулы контентке (CLIL)» семинары өткізілді.

16 қазанда ҚМПИ АНТ мүшелері К.Әбілмәліков пен Ғ.Шаймерден ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің бір бөлімшесінде жедел құрамның алдында баяндама оқыды. Діни экстремизмнің алдын алу және конфессияаралық сипаттағы шиеленісті ескерту мәселелері баяндама мен одан кейінгі пікірталастың тақырыбы болды.

2015 жылғы 16 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында педагогикалық институттың тұңғыш ректоры Дәулет Ақниязұлы Ибраев атында дәрісхана ашылды. 1939 жылдың 21 тамызында Қостанай атқарушы облыстық кеңесі Президиумының шешімімен «Қазақ педагогикалық колледжі базасы құрамында Қостанай мұғалімдер институтын құру туралы» қаулы қабылданып, институт директоры болып Қазақ КСР еңбегі сіңген мұғалім Дәулет Ақниязұлы Ибраев тағайындалды.

16 қазанда ҚМПИ 1 курс студенттері Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының көмегімен «Нұр Махаббат» ҚБ ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел Қостанайдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде өтіп, этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелеріне арналды. Осы мәселені талқылауға облыстың түрлі этно-мәдени орталықтарының өкілдері, діни қызметкерлер, ғалымдар мен студенттер қатысты.

Сапиев А.С. мұғалімінің тарих және өнер факультетін «бейнелеу өнері және сызу» мамандығындағы студенттерімен бірге Л.Н. Толстой атындағы кітапханада 15 қазан күні сағат 15.00-де « Шегі жоқ шығармашылық» атты сурет көрмесі өтті. Көрмегі көп қонақтар қатысты, тарих және өнер факультетінің деканы Балғабаева Г.З. құттықтау сөзін сөйледі Музыкалық білім мамандығының 3 курс студенттер кешті әсем әнмен әрледі. Біздің болашақ суретшілерімізге шығармашылық табыс және дағы өмірлері жарқын сәттерге толы болсын деп тілек білдіреміз.

14 қазанда ҚР МСМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Христиан діні және Қазақстанның дәстүрлі емес діни ағымдарын зерттеу бөлімінің бастығы Г.Н.Новикова мен ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағы төрағасының бірінші орынбасары К.А.Тулгаев бірінші курс студенттеріне баяндама оқыды.

7, 12 және 13 қазанда «Нұр Махаббат» ҚБ шартының талаптарына сәйкес ректор кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден Қостанай қаласының гуманитарлық, әлеуметтік-техникалық және педагогикалық колледждерінің студенттерімен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Ғ.Шаймерден Қазақстанның қазіргі уақытта тап болған жаһандық қарсы шығу мен геосаяси сипаттағы қауіптер туралы әңгімелеп, Қазақстан халқының алдында осы қауіпті жеңіп шығу міндеттері тұрғанын баяндады.

Ағылшын кафедрасының негізінде шетел тілдері факультетінің бірінші курс студенттеріне арналған "English speaking club" атты клубы ашылды. Кездесулер әр дүйсенбі сайын сағат 12.30-да өткізіледі. Сабақта студенттер күнделікті қарым-қатынаста болып тұратын түрлі жағдайларды талқылайды және баяндамалар дайындайды. Бұл кездесулер студенттерге ауыз екі сөйлеу икемдерін нығайтуға және ағылшын тілінде түрлі жағдайларда қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

2015 жылғы 8-11 қазан аралығында өтілген, FORMULA 1 ГРАН-ПРИ РЕСЕЙ 2015 үшін волонтерлар 5000 өтінім берген адамның ішінен таңдап алынды. Корольдік жарыстарда ресейліктермен қатар ерікті көмекшілері ретінде Колумбия, Үндістан, Қытай жастары болды; ал Қазақстанның өкілі «Туризм» мамандығының 3 курс студенті Хорошевская Виктория болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар