2015 жылдың 11 қарашасында Қазақ хандығының 550 жылдығына және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ҚМПИ-дың ақпараттық – кітапхана орталығында «Жайна менің Қазақстаным» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Барлық факультеттің студенттері қатысты. ШТФ командасын таныстыру келесі студенттерге Ж. Уткельбаева, В. Мостова, А. Чунина, К. Латыпова, Б. Нұрмахамбет, Ж. Сардарбекова тапсырылды.
2015ж 11 қарашада әлеуметтік тәрбие жұмыстары басқармасының қызметкерлері және Дін мәселелері жөніндегібасқарманың діни мәселелерді зерттеу орталығы бөлімінің бастығы Р.И. Амирханмен 1курс студенттеріне дәріс ұйымдастырылды.
Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және конфессияаралық келісімде тәрбиелеу мақсатында 2015 жылғы 11 қарашада «ҚР практик психологтерінің қауымдастығы» Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты әкімшілігімен серіктестікте Қостанай облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында «Жалған ислам ұйымдары: мәні және қатері» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара жатақханада тұратын студенттерге арналып, ҚМПИ №2 жатақханасының акт залында өтті.
«Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының 3-курс студенттері арасында 2015 жылдың 11 қарашасында «Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі» пәні бойынша Эрудит -2015 зияткерлік ойыны аға оқытушы Ж.Х. Сұлтанбекованың жетекшілігімен өтті. Ойынның «Білім пирамидасы» және «Ең тапқыр» кезеңдері бойынша Абулгазиева Нұрсұлу, Искакова Дария ең білімділер болып табылды.
2015 жылдың 10 қарашасында ДШжСТ факультетінде 2-ші курс студенттері арасында «Жастар арасындаАИВ/ЖиТС-ке қарсы шығу» жөнінде семинар өткізілді. Семинарға ЖиТС орталығының Я.В. Авраменко,А.Т.Жалбирова есімді дәрігерлері жетекшілік етті. Шара барысында әлемдегі, еліміздегі, Қостанай өлкесіндегі жағдайлар туралы мәлімет берілді. Семинар барысында студенттік жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.
ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастырудың қазіргі заманауи талаптарына сәйкес ҚМПИ оқытушылары өткен жылы шетелдерде және еліміздің жетекші ЖОО-да әр түрлі деңгейдегі тәжірибе алмасу курстарында болды, оның нәтижесі оқу үдерісінде жүзеге асырылып жүр.
2015 жылы 10 қараша Астана қаласында Қазақстан халықтарының Асамблеясы ғылыми - сараптама кенесінің отырысында, Н.А. Назарбаев ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісушілік қазақстандық үлгісіне арналған үздік республикалық ғылыми жобалар қорытындысы жасалды. 194 ғылыми жобалар арасынан 5 үздік жоба іріктеліп алынды.
5В050300 - «Психология», 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандықтарының 1, 2 және 3 курс студенттері үшін 2015 жылдың 9 қарашасында «Салауатты өмір салты» апталығы барысында «Нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
2015 жылдың 06 қарашасында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірге Қостанай аудан әкімдігі білім бөлімінің Александров шағын жинақталған орта мектебінде «Шағын жинақталған мектепте бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын инновациялық оқыту әдістері арқылы дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық дөңгелек үстел өткізді.