13 қараша сағ. 15.00де Челябі Мемлекеттік Университетінің Қостанайдағы филиалы әлеуметтік –гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен өткен апталық барысында 100 Нақты қадам «Бәрі үшін заманауи қазіргі Қазақстан» бойынша негізгі ережелерді іске асыру мақсатында және Қазақ хандығының 550-жылдығына орай «Менің елім – Қазақстан!» бреин-ринг өткізілген болатын. Бұлсайысқа институттан тарих және өнер факультетінің «Тарих» мамандығының 4 курс студенттері қатынасып, өз білімділіктерін, белсенділіктерін көрсетіп жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

2015 жылғы қарашаның 13 номер 320 дәрісханада орыс бөлімінің бірінші курс щетел тілдері факультетінің студерттерімен Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа арнаған «Нұрлы жол» жолдауын талқылау әңгімесі өтті. Іс шараға ф.ғ.к., доцент Е.Л.Дорошоктың әлеуметтік дамуы туралы аңгімесінен басталды, дәлірек айтқанда жастар арасында патриотизм сезімдерінің дамуы, толерант, деструктивтік діни ағымының әсер етуіне қарсы шығу.

2015 жылдың 12 қарашасында психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3 курс студенттері мен топ кураторы Д.Х. Кушмурзинаның ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының 1 курс студенттері үшін («БОПӘ», МДТО» және «Дефектология» мамандықтары) «Ұлттық валюта – теңге күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне» арналған «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – Теңге» тақырыбында танымдық дәріс сағаты өткізілді. Өткізілу мақсаты: ҚР ұлттық валютасы ретінде теңгенің енгізілу тарихы туралы білімдерін нығайту, түсініктерін кеңейту, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға ықпал ету және елдің өткенін, бүгінгісі мен болашағын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Қараша айының 12-сінде Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапханада Қостанай облысының құрметті азаматы, кемел ақын, Меккеге 7 рет барып келген Жолбарыс Қажы Баязид мырзаның «Өң мен түстей дүние» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Кешті Дамир Әбіш жүргізді.

2015 жылдың 12 қарашасында ҚМПИ психологиялық-педагогикалық факультетінің психология кафедрасының аға оқытушылары Г.М. Молдахметова және З.Д. Ахметбекова СӨС апталығын ұйымдастырды және қткізілді. «Психология» және «Педагогика және психология» мамандықтары студенттерімен Қостанай облыстық психиатриялық стационар психологы М. Қарабаевамен кездесу өтті.

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың жүзуге асырыуына оқытушылар және студенттер белсенді қатысты. 2015 жылғы қарашаның 15 «Сұғбат» теледидар бағдарламасының ф.ғ.к.,доцент Нұрмухаметова Қ.Т. құрметті қонағы болып, сөз сөйледі. Ол мемлекеттік тілдің дамуына арнаған щетел тілдері факультетінде өткен шаралар туралы әңгіме қозғады.

2015 жылдың 11 қарашасында ШТФ деканаты қазақ бөлімінің 1 курс студенттеріне ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс – шара ұйымдастырды. Факультет деканы Е. Л. Дорошок «Менің Қазақстаным» тақырыбында әндер, эссе жазуға, презентация, видеоүзінді жасауға конкурс жариялады.

2015 жылдың 11 қарашасында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенттері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған зияткерлік ойынға, және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жайна Менің Қазақстаным!» іс-шараға белсенді қатысты. Командалар белсене қатысқаны үшін сертификат алды.

2015 жылғы 10, 11 қарашада ҚМПИ қазақ бөлімінің 1 курс студенттері Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы Діни мәселелерді зерттеу орталығы бөлімінің бастығы Р.Әмірханмен 3 рет кездесу өткізді. Кездесу барысында Р.Әмірхан студенттерге түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардың келеңсіз тұстары жайлы қарапайым тұрғыда әңгімелеп, түсіндіріп берді. Кездесу тақырыбы студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды, көптеген сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап алынды.

2015 жылғы қараша айының 11-ші жұлдызында ҚМПИ АКО оқырман залында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жайна менің Қазақстаным!» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар