2015 жылдың 16 – 26 қараша аралығында факультеттер арасында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай мерекелік плакаттар мен видеороликтер конкурсы болып өтті. 9 желтоқсан күні шығарылған конкурс қорытындысы бойынша тарих және өнер факультеті жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Конкурстың мақсаты Елбасының өмірін ұстаным ретінде келешек ұрпаққа қалыптастыру болды. Барлық факультет студенттерін жүлделі орындарымен құттықтап, алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыстарға жете берсін деп тілейміз!

2015 жылдың 9 желтоқсанында қалалық Н.А. Островский кітапханасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тарихы-ел тарихы» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шарада ҚМПИ-дің шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Данилова В.В. шақырылған қонақ ретінде сөз алды. Оқытушы үш тілде қазақ, ағылшын және неміс тілінде өлең оқыды.Келген қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Астана қаласы мен кітапхана арасындағы телекөпір ретінде бұл іс-шара республикалық деңгейде болды. Бұл іс-шарада барлық қойылған қойылымдар тақырыпқа сәйкес болды. Қонақтар естелік сыйлықтармен, қазақ жазушыларының қазіргі кітаптарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

2015 жылғы 9 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай институт факультеттерінің арасында «Менің Қазақстаным» атты дәстүрлі көркемөнерпаздар байқауы өтті.

2015 жылдың 9 желтоқсанында ҚМПИ акт залында Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты көркемөнерпаздар байқауы өтті.Шетел тілдері факультетінің студенттері көрнекті қабілеттерін көрсетті. 2-курс студенттері Кенжебаева А., Нурмагамбетова Г. 1-курс студенттерінің флеш-мобымен бірігіп, «100 қадам » атты патриоттық биді көрсетті; «Атамекен» атты патриоттық өлеңді Еркін К., Өтегенова А., Рахимова А. орындады; музыкалық аспаптар, домбыра жанрында Кравцова А. ерекше көзге түсті;Нургалимова Д.скрипканың сүйемелдеуімен, Унгутбаева А. ағылшын тілінде Абайдың «Қара сөздерін» мәнерлеп оқыды; өз ісінің шебері, фокусник-иллюзионист Роздрогов М., гимнастка Байзрахманова Д., әлем чемпионы Азия Николаева А., өз өнерлерін көрсетті. «Туған жерім» атты финалдық өлеңді шет тілдер факультетінің 1 және 2курс студенттерінің хоры орындады.Әділ қазылардың бағалау қорытындысы бойынша Шетел тілдері факультеті ІІ орынды иеленіп, музыкалық аппаратпен марапатталды

2015 жылғы 05 желтоқсанда ҚБ «Қостанай облысы педагогтарының қауымдастығы» «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде «Инновация жастардың өмірінде» өңірлік ғылыми - практикалық конференцияны өткізді.

Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Қостанай облысының педагогтар ассоциациясымен бірлесіп әлеуметтік мемлекеттік шегінде тапсырысты жүзеге асыру үшін 2015 жылдың 5 желтоқсанында «Жастардың өміріндегі инновациялар»аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

2015 жылдың 4 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ҚМПИ бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» негізгі мақсаты - 2016 жылы оқуын тәмамдайтын студенттердің практикадан өту орындарын анықтау және алдын-ала жұмыспен қамту. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» Қостанай қаласының білім бөлімінің, Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаментінің, бес аудандық білім бөлімінің өкілдері және облыстық мектеп директорлары қатысты.

2015 жылы 3 желтоқсанда Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Дощанова Б.М. 32 АК, 31 НК топтарының студенттерімен «Немістің Жаңа жылын тойлау» іс-шарасы бірігіп өткізілді, шетел тілдері факультетінің студенттерінің ізгі дәстүрі ретінде қалыптасты. Концерттік бағдарлама әзірленді, ұтыс ойындары, дәмді жүлделік байқау өткізілді. «ZumNicolaustag» мейрамы ШТФ студенттерінің күнтізбедегі ең сүйікті күндерінің бірі.

2015 жылғы 3 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша конференция өтті.

2015 жылдың 3 желтоқсанында Шетел тілдері факультетінің 1-курс студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылау іс-шарасына қатысты.Аталған іс-шараға институт студенттері, оқытушылар және Қостанай облысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия филиалының бірінші орынбасары Сапарова А.С. шақырылды

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар