2015 жылдың 22 желтоқсанында институт жатақханасында Жаңа жылға арналған мерекелік іс – шара өтті. Кештің басты мақсаты – Жаңа жылдық көңіл – күй сыйлау. Жаңа жылдық кеш болғандықтан, Аяз ата да, Ақшақар да болды. Кештің ұйымдастырушы – 3 курс студенті Өміртай Есбол. Әр түрлі сайыстар мен ойындар өткізіліп, көрермен көзайымына айналып, жеңімпаз атанғандар сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңында студенттер би билеп, ән айтып біраз демалып қалды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаратылыстану-математика факультеті студенттері 2015 жылдың желтоқсан айының 24 жұлдызында «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты. Әр түрлі ойындар, ән мен би, қызықты бағдарламалар өткізілді, соңында сыйлықтар берілді. Балалар студенттерге алғыстарын білдіріп, ұзаққа дейін жібергісі келмеді

2015 жылдың 22 желтоқсанында жаратылыстану-математика факультетінің 4 курс студенттері Облыстық балалар үйіне барып қайтты. Әртүрлі ойындар ойналып, ән мен би, қызықты бағдарламалар өткізілді, соңында сыйлықтар берілді. Балалар қызықты іс-шара өткізген студенттерге алғыстарын білдіріп, ұзаққа дейін жібергісі келмеді.

2015 жылғы 21 желтоқсанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданының қоғамдық өміріне белсене атсалысып, мәдениетінің дамуы мен жас кадрларды, мемлекеттік қызметшілерді даярлауда қосқан елеулі үлесі үшін, тарих ғылымдарының докторы, тарих кафедрасының профессоры Аманжол Күзембайұлына Меңдіқара ауданының әкімі және аудандық мәслихат «Меңдіқара ауданының құрметті азаматы» атағын тапсырып, құрмет медалімен марапаттады.

Классикалық пауэрлифтингтен Азия және Океания Чемпионаты 14-20 желтоқсан 2015 жылы Ташкент қаласы (Өзбекестан) өтті. Бұл жарықта 15 ел спортшылары қатысты (Филипины, Жапон, Тайкей, Өзбекестан, Қырғызстан, Түркіменстан,Қазақстан, Австралия, Сингапур, Араб Эмираты, Афганестан, Самоа, Таджикистан, Жаңа Зеландия) Қазақстан құрамы командасында 8 Қостанайлық спортшылары қатысты.

15 желтоқсан Тəуелсіздік күні мерекесіне орай Қостанай облыстық тарихи Өлкетану мұражайында Қасаболат Айгүл Жапарбекқызының жетекшілігімен 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Қасиет тұнған ұлы ұғым!" Қорытындысын көрмесі өтті. Көрмеге 20 дан астам туынды қойылды. Көрмені мұражай қызметкері Эльмира Ергешқызы құттықтау сөзімен ашып, Жұмабеков Рустем патриоттық əнімен жалғады

2015 жылдың 14 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Институт ректоры, профессор Қ.Баймырзаев мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Мерекеге орай институт қызметкерлері мен оқытушылары ректордың Құрмет грамотасы және медалімен марапатталды.

2015 жылғы 11 желтоқсанда Қостанай қаласының білім басқармасында қоғамдық тыңдалымдар өтіп, оған педагог қызметкерлер, мемлекеттік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, әлеуметтік маңызы бар жобалардың қатысушылары қатысты.

2015 жылғы 9 желтоқсанда институтта студенттердің дін қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге Қостанай қаласы Марал Ишан мешітінің имамы Бахытжан және Константино-Еленинский соборынан Андрей әкей қатысты. Кездесу гуманизмді жоғары рухани негіздегі құндылық ретінде тәрбиелеу, студент жастардың діни толеранттығы, діни экстремизм мен терроризмнің пайда болуының алдын алу шаралары, діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатындағы діни фактордың рөлі мәселелеріне арналды.

2015 жылдың 9 желтоқсанында жыл сайын өтетін факультет аралық студенттердің «Менің Қазақстаным» атты көркемөнерпаздар байқауы өтті. Бұл сайыста тамсандырған ән де, мың бұралған би де болды. Факультетіміздің қыздары «би» кезеңінде қазақша бимен бастап, кейін батырлар биімен өрбітіп, көрермендерді тәнті еткен болатын.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар