Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының кафедраларында діни экстремизмнің алдын алу үшін арналған кездесу ұйымдастырды, сондықтан келісім мен тұрақтылық, Қазақстанның ішкі саясатының басымдықтары мен мемлекетіміздің дамуы үшін қажетті жағдайлар болып табылады және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту.
Қыстың соңғы айы келгеннен кейін табиғаттың сұлулығы оянып, көз қуантатын уақыт жақындай түсті. Осыған орай 2016 ж. 5 ақпанында ШТФ деканаты әйелдердің шаш сәндеу үлгісі байқауын ұйымдастырып, оған шетел тілдері факультетінің қыздары белсенді қатысты.
05.02.2016 ж. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында «Сұлу сөз – көркем ойдың кемеңгері» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға 1-2 курс студенттері қатысты. Көркемсөз сайысы 3 номинация бойынша өткізілді: 1 –поэзия жанрында; 2 – проза жанрында; 3 – драма жанрында. Байқауға І. Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдени қызметкері Ғабдол – Мәжит Иманов әділ қазы мүшесі болып қатысты.
2016 жылдың 4 ақпанында біздің институты мызда «Математика» мамандығының 2 курс студенттерінің арасында кураторлық сағат өткізілді. Бұл сағат «Қазақстан халқының ассамблеяcы» тақырыбына арналған, өйткені 1995 жылының 1 наурызында ассамблея құрылған.
2016 жылдың 04 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы ішінде «Ғылым жастар көзімен» атты онлайн-конференция өткізілді. Онлайн-конференцияға Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназия қатысты. Онлайн конференцияның мақсаты: студенттер мен оқушылардың ғылыммен айналысуына, зерттеу жұмыстарын өз еркімен жүргізуіне, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауына бағыт-бағдар беріп, ғылыми зерттеулерінің нәтижесін көрсету.
2016 жылғы 3 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, «Біз салауатты өмір салты үшін; ЖРВЖ (жіті респираторлық вирусты жұқпалар) мен тұмаудың алдын алу» акциясын өткізді. Акция «Март» сауда орталығында өтті. Студенттер халыққа ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу жөнінде мәлімет берілген буклеттер, көрнекі ақпарат материалдарын таратты.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында 03.02.2016 ж. сағат 10.30-да «Инновация – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында коучинг өткізілді. Аталған коучингте қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі, аға оқытушы Есенғазина Б.Б. «Диалогтық оқытуды» инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы көрсетіп, түсіндірді. Ф.ғ.к., доцент Бекбосынова А.Х. «Бағалау критерийлерін» жүйелік түрде түсіндіріп, көрсетті.
2016 жылдың 3 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Қазақ тілін оқыту әдістемесі - жеке ғылым саласы» тақырыбында педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Алиева Д.А. ашық сабақ өткізді. Сабақ 3 курс студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен өткізілді. Ашық сабақ Кембридж оқыту жүйесі бойынша өткізілді. Ашық сабаққа кафедра оқытушылары мен оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Бекентаева А.Қ., оқу үрдісін жоспарлау және инновациялық даму бөлімінің бастығы Ищанова Р.С. қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
2016 жылдың ақпан айының 3 жұлдызында «Математика» мамандығының 2 курс студенттері мен кураторлары Доспулова У.К. «Салауатты отбасы-салауатты ұлт» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сабақтың мақсаты - студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау.